Перейти на главную страницу
ӘӨЖ 330.322.214:339.442 (574.54) |
Қолжазба құқығында |
6М050600 – Экономика мамандығы
Экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған.
кандидаты К.А.Өтегенова
кандидаты М.О.Рысбекова
Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда құрылыс сапасын арттыру мәселесі айтарлықтай өзекті болып табылады. Құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді талқылау кезінде Қарағанды қаласындағы машақатты «Бесоба» тұрғын үй кешені ойға оралады. Бұл құрылыс саласындағыларға үлкен сабақ болды.
Құрылыс кәсіпорындары қызметінде өнімінің сапасы маңызды көрсеткіштер қатарына жатады. Құрылыс сапасын арттыру мәселесі стратегиялық сипатта және құрылыс кәсіпорынының бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететіндіктен өзекті мәселе болып қала бермек. Дегенмен, құрылыс кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін қалыпты деңгейде ұстау үшін сәйкес материалды техникалық база, білікті және ынталы персонал ғана емес, өндірісті ұйымдастыру және басқарудың, оның ішінде құрылыс өнімі сапасын тиімді басқарудың жақсы қалыптасқан жүйесі болуы қажет. Құрылыс өнімі сапасының артқанынан, құрылыс кәсіпорнының дамуын, ғылыми техникалық жетістіктерді енгізуін, құрылыс өндірісінің тиімділігінің артуын білуге болады.
Құрылыс өнімдері сапасына жоғары талаптардың қойылуына құрылыс кәсіпорындарының басқаруына өзгерістер енгізуді міндеттейтін жаһандық нарық талаптары әсер етіп отыр. Өйткені, олардың нарықтық қатынастары құрылыс нысанының бәсекге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Сондықтан, құрылыс үдерісінің барлық кезеңінде де өнім сапасының ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерімен деңгейлес болуын белсенді түрде қамтамасыз ету керек.
Сапалы құрылыс мәселесінде екі негізгі фактор рөл атқарады. Біріншісі – еліміздің құрылыс алаңдарында тиісті тәжірибесі мен мамандығы жоқ адамдар жұмыс жасайды. Бүгінде Қазақстанда жұмысшы мамандықтар мамандары (дәнекерлеушілер, бетоншылар, жөндеушілер, арматурашылар, тас қалаушылар) мен төменгі және орта буын басшыларының (бригадирлер, прораб, ауысым және учаске басшылары) өткір жетіспеушілігі байқалады. Оған еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі, мамандардың кәсіби-техникалық дайындығының төмен деңгейі, жұмысшы мамандықтарының беделсіздігі, төмен еңбекақы мөлшері, әлеуметтік қорғалмағандық, жұмыстың маусымдылығы және т.б. әсер етіп отыр.
Екіншісі – мемлекет тарапынан құрылыс саласын бақылау. Бүгінде құрылыстың барлық кезеңдерінде бақылау жер телімін бөлуден бастап, нысанды пайдалануға қабылдау және ғимаратты әрі қарай пайдалануға дейін мемлекет тарапынан үлкен назарды қажет етеді. Дегенмен бұл бағытта оң өзгерістер бар. 2012 жылы ҚР Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігіне мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау және лицензиялау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы билік органдарының (әкімдіктер) қызметтері мен өкілеттіктері берілді. Биылғы жылдың қаңтарында ҚР «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және «Лицензиялау туралы» заңдарына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Жаңа түзетулерге сәйкес, Агенттік құрылыс жұмыстарын орындауға лицензия алу бойынша құрылыс-компанияларына қойылатын талаптарды қатаңдатуға қол жеткізді. Әр түрлі нысандарды салуға рұқсат алу үшін, компаниялардың осы саладағы бірнеше жыл тәжірибесі болуы тиіс. Сонымен қатар, сарапшыларды аттестаттау міндеттелді. Техникалық және авторлық қадағалауды, жобаларды сараптау және ғимараттарды техникалық тексеруді орындайтын барлық жеке тұлға-сарапшылар, мемлекеттік құрылыс инспекторлары аттестаттаудан өтулері тиіс.
Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруге дайындық ретiнде Қызылорда облысы кәсiпорындарында ИСО халықаралық сапа менеджментiн енгiзу жұмыстары басталып та кеттi. Өткен жылы 44 кәсiпорынға ИСО 9000-14000 халықаралық сапа стандарттары мен экологиялық менеджмент жүйелерi енгiзiлсе, биылғы жылы 72 кәсiпорын халықаралық сапа стандарттары мен экологиялық менеджмент жүйелерiне сәйкес жұмыс iстеп жатыр. Бұл көрсеткiш өткен жылмен салыстырғанда 63,6 пайызға артық.
Құрылыс саласына сапа менеджменті жүйесін енгізу мәселесі – қолданыстағы нормалар мен ережелерді техникалық сақтау мәселесі ғана емес, сонымен қоса Қазақстанның жаңа салынған құрылыс нысанында әрбір қазақстандықтың өмір сүру, кәсіпкерлікпен айналысы жайлылығы мен қауіпсіздік мәселесі болғандықтан, зерттеу тақырыбы бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.
Құрылыс саласын дамыту арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізу мәселелерін қазақстандық және ТМД елдерінің ғалым-экономистері Я.А.Аубакиров, С.Б.Байзақов, Т.Б.Баяхметов, Р.Е.Елемесов, А.Е.Есентүгелов, Е.Б.Жатқанбаев, М.Б.Кенжегузин, К.К.Кубаев, Н.К.Мамыров, К.Н.Нарибаев, С.Н.Нысанбаев, С.С.Оспанов, О.С.Сабденов, Ф.С.Сейдахметов және басқалар өздерінің ғылыми зерттеулерінде қарастырып, қомақты үлестерін қосты.
Аталған мақсатқа сай мына төмендегі міндеттерді шешуді қажет етеді:
- сапа менеджменті жүйесі түсінігі, тұжырымдамалары мен оны сертификациялауды теориялық негіздеу;
- құрылыс өнімінің сапасын арттыруда менеджмент жүйесінің атқаратын функцияларын нақтылау;
- құрылыс индустриясының жандануына септігін тигізіп отырған аймақтағы құрылыс саласының ағымдағы жағдайын экономикалық талдау;
- жоғары дәрежедегі қызмет ету талабын қоятын сапа менеджменті жүйесі енгізілген құрылыс кәсіпорындарының қызметін бағалау;
- құрылыс саласында кадрлық потенциалды дамыту және әлеуметтік жауапкершілік бағытында қызмет етуін зерттеу;
- құрылыс нысанының сапасына мемлекеттік бақылау жасау және құрылыс материалдары өндірісін нығайту;
- интеграцияланған сапа менеджменті жүйесін енгізу және құрылыс индустриясын дамыту.
Зерттеу нысаны. Қызылорда облысының сапа менеджменті жүйесі енгізілген құрылыс кәсіпорындары.
Зерттеу пәні. Құрылыс индустриясын сапа менеджменті жүйесін енгізу негізінде дамыту жолдары, әдістері мен мәселелері зерттеу пәні болып табылады.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері. Жалпы зерттеудің теориялық әдістемелік негізі ретінде заңдылық актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру проблемаларын зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері қолданылды.
Зерттеу жұмысының нормативтік – ақпараттық базасы. Ақпараттардың негізгі көздері: ҚР статистика бойынша агенттігінің, Қызылорда облысының статистикалық басқармасының мәліметтері және нормативтік-анықтама материалдары, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жылдық есептері.
Зерттеу тәсілдері. Абстракты-логикалық, статистикалық-экономикалық, салыстырмалы талдаулар, экономика-математикалық, болжамдау әдістерін қолдану көмегімен жүргізілді.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттарын аймақтағы құрылыс саласы кәсіпорындарына енгізудің экономикалық тиімділігіне талдау жасау арқылы жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындайтын мына төмендегі негізгі нәтижелерге қол жеткізілді:
- құрылыс жүргізуші кәсіпорындардың қызметін дамыту мәселесін зерттеу барысында сапа менеджменті жүйесінің ролі анықталды;
- жаһандану үдерісі жағдайында жоғары технологиялық озық құрылыс техникасын және отандық сапалы материалдарды пайдалана отырып, құрылыс өнімдерінің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар жасалды.
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:
- құрылыс саласындағы сапа менеджменті жүйесінің экономикалық тиімділікті арттырудағы теориялық-әдістемелік мәселелері қарастырылды;
- аймақтағы құрылыс нарығының қазіргі жағдайы зерттеліп, даму бағыттары нақтыланды;
- құрылыс кәсіпорындарының және ондағы кадрлық потенциалдың сапа менеджмені жүйесінде қызмет ету тиімділігіне талдау жүргізілді;
- интеграцияланған сапа менеджменті жүйесін енгізудің тиімділігін бағалау сауалнамасы нәтижесінде құрылыс саласының сапалық көрсеткіштерін арттыру болжанды.
Зерттеудің ғылыми - тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыста тұжырымдалған құрылыс кәсіпорындарына сапа менеджменті жүйесін енгізу негізінде аймақтың құрылыс индустриясын дамутудың негізгі бағыттарын анықтау негізінде қол жеткізілген қорытындылар мен ұсыныстардың қолдану мүмкіндіктері айқындалды. Жұмыстың теориялық қағидалары мен тәжірибелік тұжырымдарын жоғарғы оқу орындарында «Құрылыс экономикасы», «Сала экономикасы», «Кәсіпорын экономикасы», «Жылжымайтын мүлік экономикасы» және әр түрлі курстарда экономикалық пәндерді оқытуда қосымша материалдар ретінде қолдануға болады.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми-зерттеу жоспарларымен байланысы. Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасына сәйкес орындалды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу ( апробациясы). Диссертациялық жұмыстың негізгі концептуалдық жағдайлары аймақтық ғылыми басылымдарда жарияланған: «Жаһандану жағдайындағы экономикалық даму: тенденциялары және перспективалары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Болашақ университеті, Қарағанды қаласы. 2013 жыл, 22-23 ақпан; ҚМУ Хабаршысы, №4(36) 2012 жыл. Барлығы 2 мақала, жалпы көлемі 0,6 б.т. авторлық мәтінмен жарық көрді.
Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен ұсыныстар нақты іс тәжірибелерде, атап айтқанда «Орда - 2006» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік қызметінде қолданылды.
Құрылыс жүргізуші кәсіпорындардың қызметін дамыту мәселесін анықтауды зерттеу барысында сыртқы орта тарапынан болтын бәсекелестіктің қатаң талаптары маңызды орын алды. Өйткені, даму стратегиясын таңдаған әрбір кәсіпорынның болашақта қызмет ету тиімділігін және даму динамикасын айқындайтын жеткілікті дәрежеде бәсекелестік потенциалы болуы керек. Оның ішінде, құрылыс саласының бәсекелестігі неғұрлым қатаң және ол бәсекелестер санымен, саланың табысымен, салаға кірігу бөгетінің шамасымен, салалық бәсекелестердің нарықтық үлестерінің қатынасымен анықталды.
Сонымен, құрылыс жүргізу өндірісінің дамуына әсер ететін факторларға: құрылыс өнімі мен қызметінің сапасы, инновациялық потенциал, сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, инвестициялық тартымды ахуал, материалдық, қаржылық, еңбек және басқа да өндірістік ресурстар, өнімді жабдықтау және өткізуді рационалды ұйымдастыру, құрылыс кәсіпорындарындағы еңбеккерерді әлеуметтік қолдау жатады.
Сапа қазіргі таңда саяси, экономикалық және адамгершілік категориялар ретінде қалыптасты. Құрылыс өнімінің сапасы дегеніміз - азаматтардың денсаулығы, ыңғайлылығы және көңіл-күйі, сонымен қатар, тұрғызылған нысандардың қауіпсіздігі, сенімділігі, қаражат. Өнім сапасы кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіштерінің қатарына кіреді. Ал өнім сапасын арттыру нарық жағдайында әрекет ете білуді, ғылыми техникалық жетістіктерді енгізгендікті, өндіріс тиімділігінің артқандығын білдіреді.
Әр түрлі салалар менеджментінде қолданылатын халықаралық стандарттардың озық тәжірибелеріне – ИСО 9001 сапа менеджменті жүйесі, ИСО 14001 экологиялық менеджменті және т.б. жатады. Аталған стандарттардың талаптарын ескере отырып, сапаны жүйелі басқару және кәсіпкерлікті тұрақты дамыту стратегиясына сәйкес құрылыс кәсіпорындарында заманауи сапа менеджменті жүйесін енгізуге болады.
Сапа менеджменті жүйесінің енгізіуі кәсіпорындар мен тұтынушыларға талаптарға толық сәйкес келетін құрылыс өнімдерін ұсынуға және тұтынға мүмкіндік беретіндіктен сенімділік береді. ИСО 9001:2001 стандартының сапа менеджменті жүйесіне қоятын талаптары кез келген өнеркәсіп немесе экономика секторында шығарылатын өнім категориясына қарамастан жаппай қоланылады. Бірақ та, өнімге қойылатын талаптарды тұтынушылар немесе тұтынушы сұранысына сәйкес ұйымдар бекітеді. Өнімге қойылатын талаптар техникалық жағдайдан, өнім стандартынан, үдеріс стандартынан, келісім шарттар мен регламенттерден тұруы мүмкін.
Құрылыс жүргізуші ұйымға сапа менеджменті жүйесін енгізу келесі үдерістерден тұрады: тұтынушылар және басқа да қызығушылығы бар жақтардың қажеттілігін ескеру, құрылыс өнімінің сапасына байланысты ұйым саясатын және мақсаттарын айқындау, сапаға қатысты мақсаттарға жету үшін үдерістер мен жауапкершілікті белгілеу, қажетті ресурстар көлемі мен сапасын айқындау және олармен қамтамасыз ету, әрбір үдерістің нәтижелігі мен тиімділігін анықтауға және бағалауға арналған әдістеме жасау, СМЖ-ін үнемі жетілдіріп отыру.
Қызылорда облысы – еліміздегі экономикалық тұрақты дамудағы өңір болып табылады және де облыс үдемелі және әртараптандырылған экономикалық құрылымымен сипатталады.
Соңғы бірнеше жылда облыста макроэкономикалық көрсеткіштер өзгерісінің оң динамикасын қамтамасыз ететін қолайлы экономикалық ахуал қалыптасты.
Кесте 1 - Қызылорда облысы ЖӨӨ-де құрылыс саласының үлесі, пайызбен
Көрсеткіштер атауы |
2007 ж. |
2008 ж. |
2009 ж. |
2010 ж. |
2011ж. |
2012 ж. |
Қызылорда облысының ЖӨӨ, барлығы |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
құрылыс |
4,8 |
6,0 |
7,9 |
7,1 |
7,6 |
8,4 |
Ескерту – Қызылорда облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметтері негізінде |
ЖӨӨ құрылымында қарастырылып отырған уақыт кезеңінде облыс экономикасының нақты секторындағы мына салалар ең үлкен үлестік салмаққа ие болып отыр: өнеркәсіп, құрылыс, көлік және байланыс. Олардың ЖӨӨ көлеміндегі жиынтық үлесі 2007 жылғы 64,2 %-ды құраса, 2012 жылы 64,9%- ды құрады. Ал құрылыс саласының үлесі соңғы жылдары орташы 7-8%-ды құрап, салыстырмалы түрде тұрақты болып отыр.
Қызылорда қаласында 2005-2011 жылдар аралығында 2272 пәтер пайдалануға берілген. Аймақта білікті дәрігерлерді тұрақтандыру мақсатында медицина саласы қызметкерлеріне арнап 50 пәтерлік үй және бюджеттік сала қызметкерлеріне арналған 30 пәтерлік тұрғын үй құрылысы аяқталды. 2012 жылдың өзінде 400 жуық пәтер пайдалануға берілген.
Көпқабатты тұрғын үй салуға келер болсақ, арендалық тұрғын үйлердің құрылысына республикалық бюджеттен 586 млн.теңге қаралса, осы бағытта облыстық бюджеттен 180 млн. теңге бөлінді. Аталған қаржыға жоспарға сай 7,5 мың шаршы метр болатын 114 пәтер пайдалануға беріледі, яғни облыс орталығынан 24 пәтерлік 4 және 18 пәтерлік 1 көпқабатты тұрғын үй салынады.
«Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 787, 04 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Алдағы жылы жас отбасыларға берілетін төрт 50 пәтерлік, бір 40 және бір 30 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталады деп күтілуде.
Қызылорда қаласында соңғы жылдары көптеген жаңа ғимараттар мен құрылыс нысандары салынуда. Солардың қатарында пайдалануға берілген «Сыр сүлейлері» аллеясы, «Бастау» бизнес орталығы, «Сыр Ана» кешені бар. «Жібек жолы» каналының бойынан бой көтерген жаңа мөлтек ауданда қарқынды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ал, ескі ғимаратты қайта жөндеуге бағытталған «Тұрғын үй шаруашылығын жандандыру» бағдарламасы аясында Ақмешіт, Мерей, Шұғыла мөлтек аудандарындағы 18 қабатты тұрғын үйлер қайта жөндеуден өткізілді.
Аймақта құрылыс нысандарын салып, құрылыс индустриясы саласындағы тәжірибелі және алдыңғы қатарлы кәсіпорындар қатарында мыналар бар: «Құрылыс» Акционерлік қоғамы, «Мелиоратор» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Құрылыс KZ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Асар Құрылыс» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «РМЗ - Шапағат» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және т.б.
Облыстың құрылыс материалдарының индустриясы силикат және күйдірілген кірпіш өндірісі, үлкен ассортиментте темір бетон бұйымдары өндірісі, әртүрлі фракциядағы қиыршық тас, асфальт бетон, полимерлік құбырлар, ағаш бұйымдары және басқа да құрылыс материлдары өндірісі бойынша кәсіпорындарымен ұсынылып отыр.
Қазіргі кезде облыста құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар:
2012 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің 117 кәсіпорнына менеджмент жүйесін енгізді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,9 % артық. Оның ішінде салалар бойынша: құрылыс материалдары мен құрылысқа – 78, мұнайхимиясына – 12, металлургияға – 1, тамақ өнімдері технологиясына – 1, агроөнеркәсіптік кешен мен ауылшаруашылығына – 4, көлікке – 2, жеңіл өнеркәсібіне – 1. Қызмет көрсететін кәсіпорындар бойынша: басқа қызметтер – 8, ақпараттық коммуникация – 1, денсаулық сақтау – 1, білім беру – 1. Облыста экспорт болжанған 4 өнеркәсіпке менеджмент жүйесі енгізілген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100 % құрайды.
Бейімделу және техикалық регламенттер мен стандарттарды енгізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырыстары өткізілді. Облыс әкімінің сайтына техникалық реттеу мәселелері бойынша ақпараттар енгізілген. Кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізуге әрдайым мониторинг жүргізіліп отырады.
Ай сайын ұйымдардан мемлекеттік стандарттарға тапсырыстар түседі, бұл тапсырыстар АМК «КазИнСт» жіберіледі, әзірге өнеркәсіптердің мемлекеттік стандартқа сұранысы 5% -ға көбейді.
Құрылыс саласы қызметінде неғұрлым жоғары сапалық көрсеткіштерге қол жеткізу үшін аймақтағы «Құрылыс KZ» Акционерлік қоғамы, «Мелиоратор» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Жабдықтау» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Асар Құрылыс» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «РМЗ - Шапағат» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және т.б. құрылыс кәсіпорындары СТ РК ИСО 9001 – 2009 сапа менеджменті жүйесімен қызмет жасауда.
Мысал ретінде, аймақ құрылысында өзіндік үлесі бар «Құрылыс KZ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметіне тоқталамыз. Кәсіпорын Қызылорда облысындағы құрылыс индустриясы саласындағы тәжірибелі және алдыңғы қатарлы кәсіпорын. Серіктестік өзінің іс-қызметін Қазақстан Республикасы заңнамаларына, Жарғысына негізделе отырып атқарады және елімізде отандық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының іске асуына елеулі үлес қосуда.
«Құрылыс KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін және барлық жұмыстар мен жобаларды сапалы орындауға қажетті қуатты материалдық-техникалық базасы бар. Аумағы 0,35 га-ды құрайтын Қызылорда қаласындағы негізгі базасында басты офис (2 қабатты ғимарат), жөндеу-механикалық бокс, цехтар, қойма және т.б. орналасқан. Жөндеу-механикалық цех темірден және пластикадан әр түрлі бұйымдар және конструкциялар жасауға қажетті барлық құралдармен, ал механикалық учаске қажетті станоктар паркі мен білікті персоналмен жабдықталған. Сонымен қатар, «Құрылыс KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылардың жұмыс істеуіне және демалуына қажетті барлық жағдайы жасалған (тұрғын жайы, асхана) жылжымалы тұрмыстық базасы бар.
«Құрылыс KZ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері төмендегідей. Көрсетілген қызмет көлемінен түскен түсім 2010 жылы 155 542,6 млн. теңге болса, 2012 жылы 75 598, 1 млн. теңге болып, 79944,5 млн. теңгеге немесе 51,4 %-ға күрт кеміген. Түсімнің кемуіне аймақтың құрылыс нарығындағы бәсекелестік жағдайында жұмыс көлемінің азаюы мен құрылыс фирмасының шаруашылық және ұйымдастырушылық іс-қызметіндегі кемшіліктер әсер еткен.
Сәйкесінше, өткізілген өнімнің өзіндік құны немесе өзгермелі шығындар көлемі жылдан жылға азайып, 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 59848,4 млн. теңгеге кеміген. 2011 жылғы көрсеткіштер бойынша «Құрылыс KZ» ЖШС-нің қаржылық нәтижесі, яғни таза табыс сомасы 14 614,1 млн. теңгені құраса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 8 471,5 млн. теңге зиянмен шыққан.
Орташа жылдық жұмысшылар саны соңғы 3 жылда салыстырмалы түрде тұрақты, яғни 2010 жылы 40 адам болса, 2012 жылы 47 адамды құрады. Персоналдар категориясы бойынша білікті жетекшілер мен жұмысшылардың үлес салмағы басым. Орташа айлық еңбек ақы көлемі 2010 жылы 43768 теңгені құраса, 2012 жылы 58330 теңге болып, 5429 теңгеге немесе 10,2 %-ға артты. Сәйкесінше, жұмысшылар саны мен еңбек ақы көлемінің артуы есебінен, еңбек ақы қоры да 2012 жылы 32 898,1мың теңгеге жетті.
2012 жылы негізгі өндірістік қорлардың жыл аяғындағы құны 38 124,4 млн. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 23,6 %-ға немесе 7297 млн. теңгеге артты. Фирма материалдық-техникалық базасын жаңартып, құрылысқа заманауи техникалар мен жабдықтарды қолдануда. Дегенмен, қор қайтарымы 2012 жылы 1,98 теңгеге дейін төмендеп кеткен және оған жалпы қызмет көрсету көлемінің азаюы әсер етіп отыр.
Серіктестіктің жалпы тиімділік көрсеткіші де 2012 жылы -10,1%-ға төмендеп, құрылыс нарығында біршама қаржылық қиындықтар туындады. Дегенмен, фирманың өндірістік-шаруашылық потенциалының жоғары. Алдағы уақытта тиімді басқару стратегиясын енгізу арқылы құрылыс фирмасының экономикалық жағдайын тұрақтандыруға қол жеткізуге болады.
«Құрылыс KZ» серіктестігінің қызмет етуіндегі болып жатқан өзгерістер сапа менеджменті жүйесіне сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен туындап отыр. Сапа менеджменті саясатының аясында енгізілген өзгерістерге басшылық тарапынан бағалаулар мен экономикалық талдаулар жасалынады.
Сонымен, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өндірісті жетілдіру және әртараптандыру мақсатында Қызылорда облысында индустрилды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес өңірде 2012 -2015 жылдарға арналған ИСО сапасының халықаралық стандартын енгізу бағдарламасы кезең-кезең жүзеге асырылуда.
Бұл бағдарламаның мақсаты жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірісті ұйымдастыру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру, сондай-ақ әлеуметтік қиындықтарды шешу үшін қосымша инвестиция, технологияларды пайдалану есебінен өңірдің жедел дамуын қамтамасыз ету; облыс әкімінің басшылығымен үйлестіру және техникалық кеңес мәжілісін өткізу; ИСО сапасының халықаралық стандартын енгізу бойынша үйрету семинарларын өткізу. Мысалы, 2012 жылы Қызылорда облысында ИСО және т.б., бірл. стандарттарын игерген кәсіпорындар мен ұйымдар саны 120 болса, 2015 жылға қарай 140 дейін жеткізіледі деп жоспарлануда.
Кесте 2 Қызылорда облысында ИСО сапасының халықаралық стандартын енгізу бағдарламасының жүзеге асуы
Индикаторлар, көрсеткіштер атауы |
2012 ж. |
2013 ж. |
2014 ж. |
2015 ж. |
Инновациялық –белсенді кәсіпорындар саны |
12 |
16 |
20 |
23 |
2014- жылдарға енген жаңа технологияар саны |
4 |
5 |
7 |
9 |
Менеджмент жүйесінің халықаралық стандарт талаптарына сай сертификациясы мен енгізілген ұсыныстарды талқылауға арналған кәсіпкерлер мен дамушы институттар кездесулерінің саны |
2 |
2 |
2 |
2 |
ИСО және т.б., бірл. стандарттарын игерген кәсіпорындар мен ұйымдар саны |
120 |
126 |
132 |
140 |
Менеджменттің сертификатталған жүйесін шетке шығаруға бағдарланған кәсіпорындар саны, бірлік |
7 |
8 |
9 |
10 |
ИСО халықаралық стандартының сапасына сай келу сұранысын үйрету семинарларының саны |
10 |
10 |
10 |
10 |
Инновациялық өнімді өндіру көлемі, млн. тг. |
67,5 |
68,0 |
69,0 |
70,0 |
Қызылорда облысында қолға алынған инвестициялық жобалардың ішіндегі ең елеулісі облыс орталығынан ірге көтеретін шыны зауытының құрылысы. Қызылорда қаласының солтүстік батыс бөлігіне орналасатын зауыттың құны – 125 млн. доллар. Жобаны ұлттық компанияның еншілес кәсіпорны «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС белгілі қытайлық компаниямен бірлесіп жүзеге асыратын болады. Стратегиялық әріптесіміз – қытай елінің «Yaohua Glass Group» атты компаниясы. Жоба құнының 51 пайызын осы қытайлық компания өз қаржысы есебінен бөледі.
2 ҚР Статистика агентігінің мәліметтеріне сүйенсек, Қызылорда облысында құрылыс мекемелерінің саны 2007 жылы 156, ал 2011 жылы 212 мекемені құрады. 2011 жылды 2007 жылмен салыстырар болсақ, 61 мекемеге немесе 35,9 %- ға артып отыр. Аймақта үдемелі индустриялық даму бағдарламаларына сәйкес құрылыс жүргізу қарқыны мемлекеттік қолдаудың негізінде жылдан жылға артып отыр.
Аймақта құрылыс нысандарын салып, құрылыс индустриясы саласындағы тәжірибелі және алдыңғы қатарлы кәсіпорындар қатарында мыналар бар: «Құрылыс» АҚ, «Мелиоратор» ЖШС-гі, «Құрылыс KZ» ЖШС-гі, «Асар Құрылыс» ЖШС-гі, «РМЗ - Шапағат» ЖШС-гі және т.б.
Қызылорда қаласында соңғы жылдары көптеген жаңа ғимараттар мен құрылыс нысандары салынуда. Солардың қатарында пайдалануға берілген «Сыр сүлейлері» аллеясы, «Бастау» бизнес орталығы, «Сыр Ана» кешені бар. «Жібек жолы» каналының бойынан бой көтерген жаңа мөлтек ауданда қарқынды құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
3 Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруге дайындық ретiнде Қызылорда облысы кәсiпорындарында ИСО халықаралық сапа менеджментiн енгiзу жұмыстары басталып та кеттi. Өткен жылы 44 кәсiпорынға ИСО 9000-14000 халықаралық сапа стандарттары мен экологиялық менеджмент жүйелерi енгiзiлсе, биылғы жылы 72 кәсiпорын халықаралық сапа стандарттары мен экологиялық менеджмент жүйелерiне сәйкес жұмыс iстеп жатыр. Бұл көрсеткiш өткен жылмен салыстырғанда 6,6 пайызға артық.
Зерттеу жұмысында аймақта құрылыс саласы қызметінде неғұрлым жоғары сапалық көрсеткіштерге қол жеткізген «Құрылыс KZ» Акционерлік қоғамы, «Мелиоратор» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Жабдықтау» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Асар Құрылыс» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «РМЗ - Шапағат» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және т.б. құрылыс кәсіпорындары СТ РК ИСО 9001 – 2009 сапа менеджменті жүйесімен қызмет жасауы экономикалық талданған.
Құрылыс жүргізуші ұйымға сапа менеджменті жүйесін енгізу келесі үдерістерден тұрады: тұтынушылар және басқа да қызығушылығы бар жақтардың қажеттілігін ескеру, құрылыс өнімінің сапасына байланысты ұйым саясатын және мақсаттарын айқындау, сапаға қатысты мақсаттарға жету үшін үдерістер мен жауапкершілікті белгілеу, қажетті ресурстар көлемі мен сапасын айқындау және олармен қамтамасыз ету, әрбір үдерістің нәтижелігі мен тиімділігін анықтауға және бағалауға арналған әдістеме жасау, СМЖ-ін үнемі жетілдіріп отыру.
4 Құрылыс саласының сапасына бақылау жасау тапсырыс берушілер мен инвесторларды шынымен де алаңдататын мәселе болып отыр. Мемлекеттік сараптамалау нысандарды жобалауда орын алуы мүмкін кемшіліктердің алдын алу, нысандардың құрылымдық және технологиялық қауіпсіздігін және нысандарда белгіленген жұмыс көлемі мен қаржы шығындарының шынайылығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттердің бүтіндей бір кешенін шешуге бағытталған шара.
Бүгінде Үкімет үдемелі индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан өндіріс ошақтарына қажетті құрылыс материалдарының 80 пайызға жуығын отандық кәсіпорындар ұсынуы керек деген талап қойылып отыр. Еліміздің әр аймағында құрылыс заттарын шығаруды қолға алған шағын кәсіпорындар қызметін жандандыру керек. Мысалы, Қызылорда облысында құрылыс материалдары өндірісін дамыту бағытында аймақтағы бірқатар кәсіпорындар өз үлестерін қосуда: Тасбұлак» ЖШС-гі, «Компания Шалкия-Неруд» ЖШС-гі, «УАД» ЖШС-гі битум өндіру, қиыршық тас шығару, асфальт бетон шығарумен айналысады.
Құрылыс материалдарын өндіруші кәсіпорындар арасында тең құқықты бәсекелестiктің қалыптасуын және монополияға қарсы заңдылықтардың сақталуын басшылыққа алу қажет. Сондай-ақ кәсіпорындарға салық және кеден заңы, экология бойынша заңдық кеңестер беруді де жолға қою керек.
6 Құрылыс негізінен экономикасы дамыған елдерде ғана қарқын алатыны белгілі. Нақты кезеңде аталған салаға мемлекет тарапынан мол қаражат бөлініп, бүкіл еліміз алып құрылыс алаңына айналып отыр. Оның ішінде Қызылорда облысында да жыл сайын жүздеген әлеуметтік нысандар салынып, аймақ тұрғындарының игілігіне берілуде.
Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында және Қызылорда облысында түрлі құрылыстар салу әлеуметтік мәселені шешу дегенді білдірер еді. Ең алдымен халыққа жұмыс көзі пайда болады, бұған қоса, ол облыстың экономикасын көтереді.
1. Даму бағдарламаларына сәйкес құрылыс сапасын жақсарту мәселелері // ҚМУ Хабаршысы, №4 (36). – Қызылорда, 2012 жыл.-174-176 б.
2. Аймақтағы құрылыс нарығының ағымдағы жағдайы // «Жаһандану жағдайындағы экономикалық даму: тенденциялары және перспективалары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Болашақ университеті, Қарағанды қаласы. 2013 жыл, 22-23 ақпан.
РЕЗЮМЕ
- определена роль системы менеджмента качества в развитии деятельности строительных компаний;
- сделаны предложения по повышению качества строительной продукции путем использования высокотехнологичной строительной техники и отечественных качественных материалов в условиях глобализации.
Апробация работы. Основные научные результаты исследования докладывались на международной конференции и научных изданиях.
SUMMARY
Matnazarov Kuatbay Zhanabergenovich
Quality management system introduction in the construction organizations of the region and development of the construction industry
Subject and object of research. Object of research are ways, methods and problems of research of system of introduction of quality management of construction production.
Object of research are the construction enterprises of Kyzylorda area at which the quality management system is introduced
The purpose of dissertation work consists in theoretical justification of offers and conclusions on development of the construction industry of the region by introduction of system of management in construction companies.
As theoretical and methodological basis of research works of domestic and foreign scientists - the economists, devoted to the solution of problems of improvement of quality of construction production act. The methodology of research is based on system and process approach to quality management of construction production, and also on use of methods of the economical and statistical analysis.
- the modern necesssity and economic value of conditions of influence of quality management system on increase of a standard of living of the population, ensuring social and ecological safety are considered;
- are theoretically proved improvement of quality of production of construction branch in the conditions of market economy by introduction of the international standards;
- the current state of the regional construction market, role and influence of construction branch on implementation of the program of industrial and innovative development are investigated;
- the quality management system role in development of activity of construction companies is defined;
- offers on improvement of quality of construction production by use of hi-tech construction equipment and domestic qualitative materials in the conditions of globalization are made.
25 12 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.
25 12 2014
3 стр.
Көркем аударманы оқытуда болашақ аудармашының лингвомәдени құзіреттілігін қалыптастыру жолдары
25 12 2014
2 стр.
БҰРҒылау қондырғысындағы лебедка жетегінің трансмиссиясын жетілдіру жолдары
25 12 2014
1 стр.
Ағылшын тіліндегі экологиялық дискурстың лингвистикалық аспектілері және аудармада берілу жолдары
25 12 2014
3 стр.
Сыр бойы ақын-жырауларының шығармалары негізінде студенттерге эстетикалық тәрбие беру
25 12 2014
2 стр.
Экономикалық өсу жағдайында мұнай- газ кәсіпорындарының қызметін стратегиялық жоспарлауды жетілдіру
25 12 2014
1 стр.