«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жастардың аутодеструктивтік мінез-құлығының тәрбие жұмысы көріністері»
тақырыбындағы семинар-тренинг
Өткізу мерзімі: 29 қараша 2012 жыл
Өткізу уақыты: 10.00
Өткізу орны: № 15 кәсіптік лицей
мекен-жайы: Қарағанды қ. Ермеков к-сі 27
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысы
білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік
орталығы Қарағанды облысының
Балалардың құқықтарын қорғау
департаментімен біргелікті
2012 жылдың 29 қарашасында Қарағанды қаласында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жастардың аутодеструктивтік мінез-құлығының тәрбие жұмысы көріністері» атты семинар өткізілді.
Семинар жұмысына білім басқарамасының, балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, ішкі істер басқармасының өкілдері, кәсіптік лицейлер мен колледждердің директорлары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтары қатысты.
Мақсаты: Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде аутодеструктивтік мінез-құлықтың жағдайын талқылау және жастар арасындағы суицидтің алдын алу.
Күн тәртібі:
-
Қарағанды облысының балалары мен жеткіншектерінің суицидальды жағдайының талдауы.
-
Балалар мен жеткіншектер арасындағы суицид.
-
Кәсіби-техникалық білім беру студентінің әлеуметтік портреті білікті маманды даярлаудағы маңызды талаптардың бірі.
-
«Техникалық және кәсіптік білім берудің жастары арасындағы суицидальды мінез-құлықты алдын-алу» тренингі
Кіріспе сөзді Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөніндегі Оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Оспанова Қ.А бастады, ол семинар-жиналыс қатысушыларын семинардың мақсаты және тапсырмаларымен, сонымен қатар семинар қонақтарымен таныстырып өтті.

Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Киселева И.Б. «Қарағанды облысындағы суицидальды мінез-құлықты балалар мен жеткіншектер жағдайының талдауы» тақырыбында сөз сөйледі және Қарағанды облысындағы балалар суицидінің таралуы; 2008-2011 ж.ж. Қарағанды облысы бойынша балалар суицидінің географиясы; кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы суицидтің себеп-салдары туралы ақпарат берді. Психологиялық көмек көрсету пункттері мен сенім телефондары ұйымдарының байланыс ақпараттарын берді: 414346; 87003045556 («Мир Добра» ҚБ), 416453 («Озарение» ҚБ); 420997 (Балалардың құқықтарын қорғау департаменті); 88000808118 (тәулік бойы жұмыс істейтін қызмет); 150 (Жалпы ұлттық сенім телефон желісі).
Екінші мәселе бойынша Облыстық балалық психоневрологиялық диспансерінің суицидологы Бякова С.С. сөз сөйледі. Семинар қатысушыларын алдыңғы кезеңмен салыстыра келе, 2011 ж. суицидальды әрекеттің салдарынан болған өлімдер туралы ақпаратпен, жеткіншектердің суицидальды мінез-құлықтарының түрлерімен, жеткіншектердің суицидальды әрекеттерінің себептері және оларды алдын-алумен, алғашқы суицидальды көмек көрсету құрылымдық бөлімшелерімен таныстырды. Баяндамашы стресс-диотездің үлгісін ұсынды, диотезді анықтаушы факторларды, сонымен қатар биологиялық, макро және микро әлеуметтік детерминаттарды айқындады. Сөз соңында баяндамашы кәсіптік психологиялық көмек көрсету бойынша байланыс ақпараттарын берді: Рысқұлова, 1.

Қарағанды облысы білім басқармасының Кәсіптік бөлімінің басшысы Абишев А.А. өзінің баяндамасында кәсіптік техникалық білім беру студентінің әлеуметтік портретін ұсынды. Семинар қатысушылары Қарағанды облысының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімдері студенттерінің жалпы санымен (2012 жылдың қазан айының), колледждер мен кәсіптік лицейлерде білім алушы, әр түрлі санаттағы студенттердің пайыздық байланысымен; Кәсіптік лицейге кіру сұхбаттасуының нәтижелерімен; Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімдеріндегі психологтар мен әлеуметтік педагогтардың болуы пайызымен, сонымен қатар жас маманға ұсынылатын кәсіптік және жалпы адамзаттық талаптардың тізімдемесімен танысты.
Сондай-ақ Қарағанды облысы ІІД ювенальды полициясының аға инспекторы Иманғалиева М.К. сөз сөйледі. Қарағанды облысындағы жеткіншектердің қылмыскерліктері туралы ақпарат ұсынды. Баяндамада Қарағанды облысындағы жеткіншектердің қылмыскерліктері туралы статистикалық мәліметтер келтірілді.
Жошина М.К., Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі ІІД басшысының орынбасары. Балалардың құқықтарын қорғау жөнінде оқыту сабақтарын өткізу мүмкіндіктері туралы ақпарат. Семинар-жиналыстың қатысушыларына байланыс ақпараттары берілді: тел. 442083
Семинар қатысушылары үшін психологтар тренинг өткізді:
• Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жастардың аутодеструктивті мінез-құлығын алдын алу
Тренинг үш кезеңнен құралды:
- Техникалық және кәсіптік білім беру директорларының күйзелістік тұрақтылығының экспресс-диагностикасы;
- «Жеткіншектер арасындағы суицид мәселелері» тақырыбындағы жаттығулар;
- Оқу мекемесіндегі суицидалды мінез-құлықтың алдын алу» экспресс-диагностикасы;
- Факторларды анықтау: суицидальды қауіп-қатер және антисуицидальды;
- Топ бойынша «Техникалық және кәсіптік білім берудегі жастардың суицидальды мінез-құлықтарын алдын ала ескерту» SWOT-талдауы;
- Жасөспірімнің суицидальды мінез-құлығы жағдайында педагогикалық ұжымның әрекеті жоспарын жасау;
- релаксация;
- рефлексия.
Семинар-жиналыстың соңында келесі ұсыныстар шығарылды:
-
Жастар арасындағы суицид және аутодеструктивті мінез-құлықтарын алдын алу бойынша іс-шаралардың кешенді жоспарын әзірлеу (Білім, Денсаулық сақтау, Жастар саясаты, Ішкі істер басқармалары және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп).
-
Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде әлеуметтік-психологиялық қызметті ұйымдастыру.
-
Жасөспірімдердің күйзеліс жағдайы мәселелерінде ата-аналардың біліктілігін арттыру бойынша білім беру ұйымдарындағы студенттердің ата-аналармен жүйелік жұмысты қамтамасыз ету.
-
Облыстық балалық психоневрологиялық диспансердің суицидологы немесе психотерапевттің, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскер-психологтарының және осы мәселе бойынша мамандандырылған, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу бойынша педагогтар үшін тәжірибелік семинарлар ұйымдастыру.
-
Балалардың құқықтарын қорғау депатраментін, білім беру, денсаулық сақтау органдарын (мамандармен алдағы жұмыстары үшін) жасөспірімдердің анықталған суицидальды мінез-құлықтары жағдайлары туралы кешіктірмей хабарлау.
-
Жасөспірімдерді жұмыс істейтін сенім телефондары: 414346; 87003045556 («Мир Добра» ҚБ), 416453 («Озарение» ҚБ); 420997 (Балалардың құқықтарын қорғау департаменті); 88000808118 (тәулік бойы жұмыс істейтін қызмет); 150 (Жалпы ұлттық сенім телефон желісі) туралы ақпараттандыру.