Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Сыныбы: 7 «В»

Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Белгісіздік есімдігінің түрленуі
Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: белгісіздік есімдігінің түрлену жолын оқушылардың оқу әрекеті арқылы меңгерту, есімдік туралы алған білімдерін ауызша, жазбаша жетілдіру;

б)дамытушылық: оқушының ойлау қабілетін, ой-өрісін, пәнге қызығушылығын қалыптастыру, дамыту, баяндау машықтығын, талдау дағдысын тұрақтандыру;

в)тәрбиелік: ана тілін қастерлеу, тапқырлыққа, шешендікке баулу, адамгершілік, эстетикалық, имандылық сияқты қасиеттерді оқушы бойына сіңіру.

Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: серуен сабағы
Сабақтың әдістері: репродуктивтік, ішінара іздену әдісі, түсіндірмелі- көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, таратпа қағаздар, графопроектор
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Өткен сабақты қорыту

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру

V. Жаңа сабақты бекіту

VI. Жаңа сабақты қорыту

VII. Үйге тапсырма беру

VIII. Оқушылардың білімін бағалау



І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеп, олардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1.Әдебиет пәнінен өтілген М.Әуезовтің «Ұлы суреткер» әңгімесінен өздік есімдігі бар сөйлемдерді жазып келу.

2.Өздік есімдігінен бір сөзді септеу, бір сөзді жіктеп келу.

ІІІ. Өткен сабақты қорыту
1. Өздік есімдікке жалғыз ғана қандай сөз жатады?

2 .Өздік есімдігі қалай түрленеді?

Мысалы: Өзіңнен жолдасың мықты болсын.

Өзіңе қарай дос таңда.
- Балалар,біз қандай ұлттың балаларымыз?

- Қазақ.


- Ана тіліміз қандай?

- Қазақ тілі.

Иә, балалар, қазақ тілі - әлемдегі ең бай, көркемдігі жоғары, рухани азығы мол, кешегі өткен Абылай мен Әбілқайыр,Төле мен Қазыбек сөйлеген, Абай мен Шәкәрім, Мұхтар шығармалары жазылған қасиетті тіл. Осындай қасиетті тілімізді қастерлеп, оның құдіретін сезіну мақсатында мектебімізде «Тіл байлығы - ұлт байлығы» атты апталықтың өтіп жатқанын білеміз.Апталықта өз білімімізді көрсетіп, ана тіліміздің қазақ тілі екендігін мақтанышпен айта алатын «Мен нағыз қазақпын» дейтін патриот оқушы барлығымыз да бола аламыз ғой.

Ендеше «Мен нағыз қазақпын» дейтін патриот оқушы қандай болу керек?

* Өз ұлтын сүйетін азамат болу.

* Егеменді елдің ертеңі – біздер.

* Қайда жүрсек те туған тілді ұмытпау.

* Осы сабақта белсенділік көрсету.

* Ешқашан уақытты бос өткізбеу.

* Әрқашан қазақ деген атқа лайық болу.



ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
- Балалар, бүгін «Білімділер ордасына» білім керуенімен серуенге шығамыз. Мақсатымыз- өз біліміміздің қандай дәрежеде екенін көрсету,бүгінгі жаңа сабақтан алған білімімізді бекіту, қорытындылау.

«Керуен» дегеніміз – алыс жерге жүк тасу немесе сауда жасап қайтуға арналған көлік тізбегі.

- Серуенге шықпастан бұрын , белгісіздік есімдігінің қалай түрленетінін меңгеріп алайық. ( Кесте арқылы жаңа сабақты түсіндіру)
Кесте №1
1.Біреу,кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әлдене, кімде-кім, әлдекім, әркім, әрне.
2.Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір.
3.Әлденеше, бірнеше, біраз.
4.Әрқашан, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайдан.
Мысалы: Біреу есікті қағып, әлденені айтқысы келгендей болып еді. Оған кейбір адамдар қарсы шыққандай болды. Өйткені олардың жүгі бұрынғыдан әлдеқайда көбейген болатын.

Кесте №2

Белгісіздік есімдігінің тәуелденуі
І жақ менің бірдемем І жақ біздің бірдемеміз
ІІ жақ сенің бірдемең ІІ жақ сендердің бірдемелерің
сіздің бірдемеңіз сіздердің бірдемелеріңіз
ІІІ жақ оның бірдемесі ІІІ жақ олардың бірдемелері

Кесте №3


Белгісіздік есімдігінің септелу үлгісі



Септік түрлері

Қайсыбіреу

Әрне

Атау септік

қайсыбіреу

әрне

Ілік септік

қайсыбіреудің

әрненің

Барыс септік

қайсыбіреуге

әрнеге

Табыс септік

қайсыбіреуді

әрнені

Жатыс септік

қайсыбіреуде

әрнеде

Шығыс септік

қайсыбіреуден

әрнеден

Көмектес септік

қайсыбіреумен

әрнемен

Оқушылардың дәптеріне кестедегі сөйлемдерді жаздырту


V. Жаңа сабақты бекіту

1. «Білімпаздар қалашығы» Қалаға ену үшін берілген тапсырмаларды орындайық.


а) 109-жаттығу Белгісіздік есімдіктерін түрлендіріп, септеңдер.
І топ әлдекім, бірдеме
ІІ топ кейбіреу, әлдене
ІІІ топ әркім, біреу

ә) 110-жаттығу Мәтіндегі жіктеу, сұрау, сілтеу, өздік, белгісіздік есімдіктерін тауып, қандай тұлғада жұмсалып тұрғанын айту.


Біздің, бізді, бірдемеден, ол, сонымен, осы, біраз, өз, өзін-өзі, оның.

- Балалар, шаршап қалдық., енді алдымызда «Тапқырлар аялдамасы» бар екен, оған демалу үшін «Кім тапқыр?» ойынына кім белсенді қатысса, сол оқушы отырып демалады.Ойынның мақсатын айту, шартын түсіндіру.


1) Өнер алды – қызыл тіл
2) Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.


3) Бас кеспек болса да,

Тіл кеспек жоқ.

4) Тіл көтермегенді,

Піл көтереді.


2. «Тапқырлар аялдамасы» Көбірек демалу үшін, бүгінгі алған білімімізді бекітейік. Олай болса, әр топ таратпа қағаздардағы берілген тапсырмаларды орындайды.
І топ 1.Берілген сөйлемдердегі белгісіздік есімдіктерін тап және сөйлем мүшесіне талда.
Қыр жолаушысы сияқтанған біреу кіріп келді. Ол үйде отырғандардың әрқайсысымен қол алысты. Әлдеқайдан әлсіреген бір дауыс естілгендей болды Әрбір тәртіпсіздік, салақтық кейін тартады.

2 « Әлдеқайдан» сөзіне фонетикалық талдау жаса.


Әлдеқайдан – 10д., 10әр., 4-д-ы, 6д-з,4б.,3т.
Ә - д-ты, жіңішке, ашық, езулік;
л – д-з, үнді;
д – д-з, ұяң;
е – д-ты, жіңішке, ашық, езулік;
қ - д-з, қатаң;
а– д-ты, жуан, ашық, езулік;

й – д-з, үнді;


д – д-з, ұяң;
а – д-ты, жуан, ашық, езулік;
н – д-з, үнді.

ІІ топ 1. Берілген есімдіктерді құрамына қарай талдау
Өздеріңіз, бізге, соның ,кейбіреуі, әлдекім, әркімге.
2. «Кейбіреулер» сөзіне сатылай- кешенді талдау жаса.

___________________________________1. Кей+біреу+лер


___________________________________2. Туынды
___________________________________3. Күрделі, біріккен сөз
___________________________________4. 1 лексикалық, 2 грамматикалық

___________________________________5. Жорамалдау мағынасындағы сөз


___________________________________6. 1) Есімдік

2)-лер қосымшасы көптік мағына

___________________________________7. Кімдер?
___________________________________8. Белгісіздік есімдігі

ІІІ топ 1. Есімдіктердің мағыналарын анықтау



Мысалдар

Жіктеу

Сілтеу

Сұрау

Жалпылау

Өздік

Белгісіздік

Болымсыз-



дық

1

Мынау




+
















2

Өзіміздің













+







3

Қайсыбір
















+




4

Қайда?







+













5

Біздің

+



















6

Біреуге
















+




7

Ештеңе



















+

8

Барша










+










9

Маған

+



















10

Әрқалай
















+




2. « Кейбіреу» сөзін тәуелдеп жаз

І жақ менің кейбіреуім І жақ біздің кейбіреуіміз
ІІ жақ сенің кейбіреуің ІІ жақ сендердің кейбіреулерің

сіздің кейбіреуіңіз сіздердің кейбіреулеріңіз


ІІІ жақ оның кейбіреуі ІІІ жақ олардың кейбіреулері

VI. Жаңа сабақты қорыту
«Білімділер ордасына» кіру үшін сұрақтарға жауап береміз.

Есімдіктің түрленуі

Тәуелдік Септік Жіктік Көптік

1.Сілтеу 1.Сілтеу 1.Сұрау 1 .Сілтеу

2.Сұрау. 2.Сұрау 2. Жіктеу 2. Сұрау

3.Жалпы.лау 3.Жалпылау 3. Өздік 3. Жіктеу

4.Өздік. 4.Жіктеу 4. Өздік



5.Белгісіздік 5.Өздік 5. Белгісіздік

6.Болымсыздық 6.Белгісіздік 6. Болымсыздық

7.Болымсыздық

1. Есімдік дегеніміз не?

2. Есімдіктер мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?

3. Белгісіздік есімдігі дегеніміз не?

4. Белгісіздік есімдігі қалай түрленеді?

5. Мысал келтір


VII. Үйге тапсырма беру

1. «Белгісіздік есімдігінің түрленуі» тақырыпты оқу.

2. 111-жаттығу (Кесте арқылы тапсырмаларды орындау).

3. «Сезімсіз өмір сүруге бола ма?» тақырыбына шағын ойтолғау жазып келу.



VIII. Оқушылардың білімін бағалау

Сыныбы: 7 «В» Пәні: қазақ тілі Сабақтың тақырыбы

Сабақтың әдістері: репродуктивтік, ішінара іздену әдісі, түсіндірмелі- көрнекілік әдісі

84.72kb.

17 12 2014
1 стр.


Күні: 18. 12. 2010 Пәні: қазақ тілі Сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақ отбасы. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем (қайталау)

43.63kb.

08 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы : Кіріспе сабақ Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты : а қазақ тілі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету

40.9kb.

25 12 2014
1 стр.


Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Назірқұлова Несібелі Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі Сабақ мақсаты

Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Назірқұлова Несібелі

39.32kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Меирбекова Назипа Нүгербекқызы 2 «Б»класс. Қазақ тілі Эпиграф «Қыс мезгілі өзінше тамаша!» Сабақтың тақырыбы

Тәрбиелік: Туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, балаларды көркемдікке тәрбиелеу

56.02kb.

14 10 2014
1 стр.


Сыныбы: 6 Пәні: География Сабақтың тақырыбы

ОҚО, Бәйдібек ауданы, «Мыңбұлақ» жалпы орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі

104.66kb.

25 12 2014
1 стр.


Өтілетін орыны, сыныбы, уақыты: Спорт зал. 6 «г»сыныбы, 2 кезек, сағат 15: 15 Сабақтың тақырыбы

Сапқа тұру, ақпар беру, сәлемдесу, түгелдеу, сабақтың мақсатын түсіндіру. Қауіпсіздік ережелерін ескерту. Бұрылу элементерін орындау

73.71kb.

25 12 2014
1 стр.


Дәлелқызы Айгүл қазақ тілі 7-сынып Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қорықтары. Сабақтың мақсаты

Жаңа сөздермен оқушылардың сөздік қорын дамыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру

63.95kb.

11 10 2014
1 стр.