Телекоммуникация құралдарымен өзара байланысқан компьютерлер жиынтығын компьютерлік желі деп атайды (КЖ).
Компьютерлік желілер желгілікті (локальная) және ауқымды (глобальная) болып бөлінеді де, аппараттық және бағдарламалық қамту құралдарынан жұмыс принциптері бойынша ерекшеленеді.
Жергілікті компьютерлік желі – ортақ міндеттерді атқаруға арналған, белгілі ережелер бойынша байланысқан өзара жақын орналасқан компьютерлер жиыны.
Компьютерді жергілікті желіге қосу үшін онда әртүрлі өндіріс орындарының компьютерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасу талабын қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар мен құралдар болуы қажет.
Компьютердің желілік аппараттық және бағдарламалық құралдарын қамтамасыз ететін ережелер мен талаптар жиынтығы хаттама деп аталады.
Негізгі желілік хаттамалар - ISO (International Standard Organization) Халықаралық стандарттар ұйымымен стандартталған және барлық желілік құралдар өндірушілерімен қамтамасыз етіледі.
Хаттамалар:
-
желінің физикалық және электрлік параметрлерін;
-
орнату кезінде, байланыстың үзілуі кезінде, ақпарат алмасу кезінде сигналдардың берілу ретін;
-
ақпаратты беру кезіндегі қателікті табу және түзету реті және т.б. қызметтерді орындайды.
Жергілікті компьютерлік желінің физикалық негіздер
Компьютерді ЖКЖ-ге қосу үшін кеңейтілу слотына немесе аналық платаға орнатылатын және желілік сымға қосылатын арнайы қосқышы бар желілік адаптер қажет.
ЖКЖ үшін қазіргі кезде келесі ақпаратты берудің физикалық орталары қолданылады:
-
Жіңішке коаксиальды сым (сур.1) – ең арзан, бірақ жылдамдығы аз орта; компьютерлердің арақашықтығының ұзақтығы-150 м-ге дейін;
-
Жуан коаксиальды сым (сур.2) – жіңішке сымға қарағанда қымбат орта; компьютерлердің арақашықтығының ұзақтығы-500 м-ге дейін;
-
Көпталшықты сым (сур.4) – ең қымбат нұсқа, көбінесе қуатты компьютерлерге қолданылады; компьютерлердің арақашықтық ұзақтығы 2 км-ге дейін;
-
Сымсыз байланыс Wi-Fi (сур.5) – ауалық радиоканал қолданылады; бұл өте ыңғайлы, себебі сымдарды қажет етпейді, бірақ сымды байланыстарға қарағанда қымбат.
Желілік бағдарламалық жасақтама
Жергілікті желіге қосылған компьютерлер бір-бірімен мәлімет алмасу үшін арнайы бағдарламалық құралдар қажет.
Негізінде базалық желілік бағдарламалық құралдар операциялық жүйелер құрамына кіреді немесе операциялық жүйе сәйкес бағдарламалармен толықтырылуы мүмкін. Желілік қамтылған операциялық жүйеге Windows XP мысалға келтіруге болады.
Желімен жұмыс кезінде компьютер екі рольді атқара алады:
-
Егер компьютер ақпараттар мен сервистерді желідегі басқа компьютерлерден алатын болса, онда мұндай компьютерлерді жұмыс станциясы деп атайды.
-
Егер компьютер өзінің ақпараттары мен сервистерін желідегі басқа компьютерлерге берсе, онда ол компьютер сервер деп аталады.
Сервер түрлі сервистарды ұсынады, соның ішінде ең көп тарағандары төмендегілер:
-
Файлдарды сақтау және беру (файлдық сервер);
-
Принтерге жіберу (баспаға шығару сервері);
-
Факстік хаттарды алу және жіберу (факс-сервер);
-
Электрондық пошта хаттарын алу, сақтау және тасымалдау (пошталық сервер);
-
Сайттарды орналастыру (Web-сервер).
Сервер ұсынған сервистер
қызмет (служба) деп аталады. Бір серверде бірнеше қызмет атқарыла алады.
Серверден қажетті сервисті алу үшін серверлік операциялық жүйе құрамындағы қатысты бағдарламаны іске қосу қажет.
Сервер қызметтерімен жұмыс жасау үшін жұмыс станцияларынан клиент деп аталатын бағдарламаны іске қосу керек.
Клиенттік компьютерлерді және қызметтерді ұсынатын серверлері бар жергілікті желілер «клиент-сервер» технологиясы бойынша құрастырылған желілер деп аталады. Егер компьютерлер бірдей құқылы болса, онда бұл функцияның осы желінің барлық компьютерлерімен бірігу мүмкіндігі бар. Бірдей құқылы дербес компьютерден тұратын жергілікті желі бір рангті желі деп аталады.
Windows XP желілік операциялық жүйесі
Желілік мүмкіндіктер Windows XP операциялық жүйесінің құрамына енгізілген, тек баптауды және активтендіруді қажет етеді.
Егер компьютерде қандай да бір қызметтер активті болса, онда оларға желінің басқа компьютерлерінен кіру мүмкіндігін алуға болады.
Операциялық жүйеге файлдарға ену қызметі және баспаға шығару қызметі орнатылған.
Файлдық қызмет
Файлдық қызметтің міндетіне басқа дербес компьютерге оқу, өзгерту және жаңа файлдар құру мүмкіндігін қамтамасыз ету жатады. Бір файлмен көп қолданушы жұмыс жасаған жағдайда, олар бір-біріне кедергі жасауы мүмкін, сондықтан оларға файлды тек оқуға, яғни өзгертуге рұқсат берілмейді. Осыған орай файлдық қызмет ену құқығын шектейтін механизмді ұсынады.
Windows XP-де клиенттерге саны шектелмеген кез-келген қаптамаларға (каталогтар) ену мүмкіндігін ұсынуға болады. Сонымен қатар әрбір қаптама бірегей атқа ие және ол ресурс деп аталады.
Әрбір ресурсқа ену режимі анықталған:
-
Тек оқу – ақпаратты оқуға болады, бірақ оны өзгертуге болмайды;
-
Толық еркін ену мүмкіндігі – ақпаратты оқуға да, өзгертуге де болады;
-
Парольмен ену мүмкіндігі – берілген ресурспен жұмыс жасау үшін парольді білу қажет.
Баспаға шығару қызметі
Кей жағдайда барлық компьютерлерді жеке принтерлермен қамтамасыз ету қиындыққа түседі. Ондайда желіден арнайы бір компьютер принтерге қосылып, ол желідегі қалған клиенттердің барлық құжаттарын баспаға шығаруды қамтамасыз етеді.
Баспаға шығару клиенті мен сервері Windows операциялық жүйесінде қамтылған және баптауды қажет етеді. Ол үшін сервердегі принтерге ортақ ену мүмкіндігін орнату керек:
-
Пуск менюіндегі Принтеры и факсы командасын таңдау;
-
Қажетті принтер түрін таңдау;
-
Файл менюінен Ортақ ену (Общий доступ) пунктін таңдау және Берілген принтерге ортақ ену мүмкіндігі (Общий доступ к данному принтеру) командасының алдына белгі қою.
Барлық клиенттік компьютерлерде осы принтерге ену үшін оны желілік пронтер түрінде орнату керек. Бұл қарапайым принтерді орнату әдісімен орындалады, тек баптау барысында сәйкес Шебер терезесінде
Желілік принтер (Сетевой принтер) батырмасын белгілеу қажет.
Ауқымды компьютерлік желілер
Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы бір-бірінен өте алыс орналасқан компьютердің (әр түрлі мемлекеттердегі, құрлықтардағы компьютерлер) өзара байланысын қамтамасыз етуі.
Логикалық ауқымды компьютерлік желі үш компоненттен тұрады:
-
Қолданушының жұмыс орны (қарапайым компьютерлер);
-
әр түрлі сервистармен қамтамасыз ететін серверлер (қуатты компьютерлер);
-
мәліметтерді тасымалдау желілері.
Сурет 6. Ауқымды компьютерлік желі.
Ауқымды компьютерлік желілер әртүрлі протоколдар бойынша жұмыс істейді. Қазіргі кезде кең тараған ауқымды желі – Интернет желісі, ТСР/IP протоколы негізінде құрылған.
Интернеттің негізін қалаған 1969 жылы АҚШ қорғаныс Министрлігінің сұрауымен құрылған ARPANet желісі болды.
Сонымен қатар басқа елдерде де халықаралық желілер құрылды. Қазір Интернет түрлі елдерде мыңдаған желілер мен жүздеген миллион қолданушыларды байланыстырып отыр.
Интернетке қосылудың физикалық принциптері.
Ауқымды желіге тікелей қосылу қымбатқа түседі, сондықтан қолданушылардың компьютерлері Интернет желісімен негізінен интернет-провайдерлер арқылы байланысады.
Интернет-провайдер - әртүрлі байланыс жүйесіндегі клиенттік компьютерлердің Интернетпен қосылуын қамтамасыз ететін компьютерлік түйін.
Демек, клиенттік компьютерде Интернетпен жұмыс жасау үшін сәйкес байланыс жүйесімен қосатын құралдың болуы жеткілікті.
Провайдермен байланысудың келесі түрлері бар:
Модемдік байланыс (сур.7). Ең қарапайым және арзан, сол себепті Интернетпен қосылудың ең кең тараған (тым болмаса өз елімізде) әдісі болып табылады.
Қатынау сервері
Телефон желісі
Жұмыс станциясы
Модем
Сурет 7. Интернетке модемдік қосылу
Мәліметтерді телефон желісі арқылы жеткізу құрылғысы модем деп аталады.
Модемнің негізгі атқаратын міндеттері:
-
телефон номірін автоматты түрде теру;
-
желінің келесі шетінде модеммен байланысты автоматты түрде орнату;
-
сандық мәліметтерді аналогтық сигналдарға ауыстырып, оларды байланыс желілеріне жеткізу;
-
байланыс желілерінен аналогтық сигналдарды қабылдап, оларды сандық мәліметтерге ауыстыру;
-
факстік хаттарды қабылдау және жіберу;
-
Автожауапкер (автоответчик) қызметін атқару.
Модемдік байланыстың ерекшелігі, Интернетпен байланысу сеансы кезінде телефон уақытша қызмет етпейді. Мұндай байланыстың теориялық байланыс жылдамдығы 56 Кбит/с-қа жетеді.
Ерекше қолданушы желісі (ADSL) (сур.8.)
Қарапайым модемнен айырмашылығы, ADSL модемі сигналдарды ауыстырмайды, бірден сандық түрде телефон желісіне жеткізеді. Интернетпен байланысу кезінде телефонның кәдімгі сөйлесуді қамтамасыз етуі бұл әдістің ерекшелігі болып табылады. ADSL байланысының теориялық жылдамдығы 7 Мбит-қа жетеді.
Сурет 8. ADSL арқылы Интернетке қосылу
Ұялы байланыс арқылы Интернетке қосылу мүмкіндігі. GPRS және CDMA (сур.10). бұл байланыстың ерекшелігі – Интернетпен байланыс кезінде ұялы телефон бос емес. GPRS үшін теориялық жұмыс жылдамдығы 128 Кбит-қа дейін жетеді.
С
ур.8. GPRS каналы арқылы Интернетке қосылу
Ұялы байланыс арқылы қатынау (Wi-Fi). Wi-Fi технологиясы Интернетке жылжымалы компьютерлерден (ноутбуктер) қатынауды қамтамасыз етеді. Байланыстың теориялық жылдамдығы – 1Мбит/с. Әдетте бұл қосылу түрі қоғамддық орындарда (аэропорттарда, қонақүйлерде, сауда орталықтарында, офистер мен клубтарда) немесе ірі фирмалардың офистерінің қызметкерлері бір орыннан екінші орынға ауысу кезінде Интернетке жедел қатынау үшін қолданылады.
Интернетте ұсынылатын қызметтер. Қазіргі кездегі Интернет қолданушыларына ұсынылатын түрлі қызметтер тізімі өте көп. Соның ішінде өте кең тарағандары:
-
Электрондық пошта (e-mail) –электрондық хаттарды жіберу және алу;
-
Алыстағы компьютердегі файлдарға ену мүмкіндігін қамтамасыз ететін қызмет;
-
Бүкіләлемдік тор (WWW);
-
Интернет арқылы сөйлесу (IP);
-
Электрондық коммерция және банктегі счеттарды басқару;
-
Ақпарат іздеу (web-беттерді, файлдарды, қолданушыларды және т.б.)
-
Қолданушылар арасында өзара файлдармен алмасу және т.б.
Internet –пен танысу
Internet –Internet желісі тораптары арқылы желіаралық интерфейстер көмегімен байланысатын бүкіләлемдік компьютерлік желі.
Интернет Американың континенттерін Европа мен Азияны қамтиды. Кейбір желілер өте үлкен болып табылады. Олар CSNET, NFSNET
Техникалық көзқараспен қарағанда, Internet – әр түрлі хаттамалар бойынша жұмыс істейтін компьютерлік жүйелердің байланысы.
Мәліметтерді жіберу тәсілдері
-
Телефон сымдары
-
Талшықты сымдар
Ақпараттық желілердің орталығы
Стенфорд (Калифорния) зерттеу институтында желілердің координациясын қамтамасыз етеді.
Internet
Internet – пен байланыстары бар компаниялар өздерінің жергілікті желілері арқылы өздерінің жергілікті желілеріне толықтыру сияқты қарастырады.
Internet қызметтері
Бұл ұйымдарға Интернет әрине көп мүмкіндіктерді ұсынады.
-Біріншіден қажетті ақпаратты іздеу, өйткені Интернетте сізді қызықтыратын кез келген ақпаратты алуға болады.
-Одан басқа Интернет бүкіл әлем бойынша арзан, сенімді, конфиденциальды ауқымды байланысты ұсынады.
Ресейдің желілік құрылымдары
Ресейдің Ауқымды Есептеуші Желілердің нарығында келесі желілік құрылымдар жұмыс істейді:
Енді Интернеттің даму тарихын қысқаша қарастырайық.
Internet-тің даму тарихы
Интернет қазіргі кездегі көптеген технологиялар сияқты өзінің дамуын әскери бағдарлама сияқты бастады. АҚШ-қа мәліметтерді жеткізудің сенімді жүйесі қажет болды.
Желіге арналған негізі талаптар
Келесі талаптарды бөліп көрсетуге болады:
- желі орталықтандырылмаған болу керек;
- желі бірі-бірімен байланыссыз жекелеген сегменттерден құрылуы керек, яғни әрбір түйін бұл желінің басқа түйіндерінен тәуелсіз болу керек. Өз бетімен хабарламаны қабылдау жеткізуге жауап беруі керек, сәйкес түйіннің істен шығуы берілген желінің басқа түйіндеріне әсер етпеуі керек.
Ақпаратпен алмасу негізіне дестелерді коммутациялау принципі жатады. Ол келесі түрде тұжырымдалады:
Дестелерді коммутациялау принциптері
-
Кез келген хабар бөліктерге (дестелер деп аталатын) бөлінеді
-
Дестелердің әрқайсысы адреспен жабдықталады
-
Дестелер желі арқылы таратылады және қабылдаушының түйінінде жинақталады.
Бірақ кейбір дестелер жоғалып кетуі мүмкін, қалай болған күнде де хабар адресатқа жеткізіледі.
Интернеттің дамуының алғашқы кезеңінен бастап әртүрлә байланыс каналдары қарастырылады. Олар радио, телефон, белгіленген және т.б. желілер.
Internet –тің даму тарихы
Алғашқы желі – Интернет желісінің негізі болған ARPANET желісі болды. Бұл желі 1969 жылы құрылды. Оны құру инициативасын көтерген АҚШ-ның қорғаныс министрлігінің зерттеу агенттігі болды. 1969 жылы желіде 4 компьютер ғана болды. 1971 жылы желіде 14 компьютерлерді біріктерді.
70-ші жылдары Интернет технологиялары дами түсті. Кейіннен желіде жұмыс істеуде негізгі жүктемені есептеулер (бірақ, шындығында да алғашқы компьютерлер тек есептеулер үшін қолданылған еді) емес, коммуникациялық хабарлар, электрондық почта, телеконференциялар атқаратыны анықталды.
Стандарттар (хаттамалар)
ARPANET-тің алғашқы хаттамалары - TCP және IP.
TCP - ақпараттық хабарларды дестелерге бөлу және оларды жеткізу тәсілдерін сипаттайды
IP - адресацияны сипаттайды және басқарады.
Бұлар хаттамалардың негізгісі болып табылады. 1972 жылы TCP/IP хаттамаларын Интернетке қосылу үшін басқа компьютерлер де қолдана бастады. 1986 жылға дейін Интернет қазір біз көріп жүрген Интернет сияқты болған жоқ. Интернет желісінің даму жылы деп 1986 жыл деп есептейді.
Internet-тің даму тарихы
-
1984 жылы АҚШ-ның ұлттық қоры Internet желісінің негізі – NSFNET ғылыми компьютерлік желісіне ақшаларын сала бастады.
Бұл желі Интернет желісінің негізі болды. Ол ғылыми орталықтарды, университеттерді біріктірді.
Internet-тің құрылу тарихы
1989 жыл – ARPANET алғашқы желісінің соңғы жылы деп есептеледі. ARPANET желісі NSFNET жобасына кіре алмады.
1983 жылы бұл желіден әскери ұйымдарды біріктіретін MILNET желісі бөлініп шықты. Міне Интернеттің қысқаша тарихы осындай. Бүгінгі таңда Интернет кең дамып келеді.
Жекелеген қолданушылар Интернеттің ақпараттық ресурстарына әдетте телефон желісі арқылы, провайдер немесе корпоративті желі арқылы іске асырады. Бұлардың әрқайсы ұғымдарына анықтама берейік.
Internet желісіне қатынау – провайдер немесе корпоративті желі арқылы телефон желісі арқылы жүргізіледі.
Провайдер – белгілі бір қызметтер мен сервистерге қатынау мүмкіндігін қамтамасыз ететін субъект. Провайдер ретінде модемдік байланысы бар Интернетке шыға алатын ұйымдарды айтуға болады.
Корпоративті желі – бір немесе бірнеше жақын орналасқан ғимараттардағы бір өндіріс (мекеме) территориясын қамтитын Жергілікті Есептеуші Желілердің өзара байланысқан жиынтығы.
Internet архитектурасы
-
Мәліметтерді жеткізу магистралі ретінде белгіленген телефон линиялары, оптоталшықты және спутниктік байланыс каналдары қолданылады.
Internet архитектурасы
-
Шлюз – әр түрлі алмастыру хаттамалары бар және өзіндік IP-адрестері бар желілерді байланыстыру үшін қызмет істейтін арнайы компьютер.
Интернетке қосылған арнайы компьютер – шлюз деп аталатын құрылғыны қолданады. Шлюз әр түрлі алмастыру хаттамалары және өзіндік IP –адрестері бар желілерді байланыстыру үшін қызмет істейтін арнайы компьютер. Провайдердің Internet-те өз шлюзі болады және басқа компанияларға, жекелеген қолданушыларға осы шлюз арқылы желіге қосылуға мүмкіндік береді. Мұнда шлюз арқылы өтетін барлық хабарды өңдеуді іске асыратын программалық жасақтама орнатылады және ауқымды желіге біріктіретін желілер болады. Егер хабар жергілікті желіге адрестеліп түтені болса, осы шлюз бойынша, ал егер басқа жергілікті желіге адрестелсе онда басқа шлюз бойынша жіберіледі.
Шлюзға қажетті ақпарат
-
Хабарларды маршруттау
-
Желінің жекелеген бөліктерінде жаңылысулар болған жағдайларда аса көлемді ұйымдарға қосылған хабарларды жеткізу маршруттарын жөндеуге арналған желі ішіндегі желілердің параметрлері туралы
Компьютерлер арасында өзара байланысудың жеті деңгейі болады, хаттамалар олармен байланысады.
7 Қолданбалы деңгей
-
қолданушылардың қолданбалы процестерінің орындалуын қамтамасыз ету
-
файлдарды, электрондық поштаны жеткізу хаттамаларын анықтау
6 Көріністі деңгей
(Мәліметтерді көрсету деңгейі)
-
жеткізілетін ақпараттың барлығына біріңғай анықталған синтаксис жүйесін анықтау
5 Сеансты деңгей
-
әр түрлі жұмыс станцияларындағы (ЖС) қолданбалы процестердің арасындағы байланыс сеанстарын ұйымдастыру
-
процестер арасындағы логикалық каналдардың байланыстарын ұйымдастыру
4 Транспорттық деңгей
-
екі өзара әсерлескен ашық жүйелер арасындағы мәліметтерді жеткізуді қамсыздандыру
-
мәліметтерді жеткізу жүйесі процедурасын ұйымдастыру
-
транспорттық қосылуға сүйемелдеу жасау
3 Желілік деңгей
-
ақпаратты маршруттауды қамсыздандыру
-
мәліметтерді жеткізу желісін басқару
-
ақпараттық ағындарды басқару
2 Каналдық деңгей
-
мәліметтерді жеткізудің деңгейінде байланыстарды орнатуға, сүйемелдеуге, бұзуға қажетті функционалдық, процедуралық тәсілдерді қамсыздандыру
1 Физикалық деңгей
Физикалық объектілер арасында мәліметтерді жеткізуде физикалық байланыстарды ұйымдастырудың механикалық, функционалдық және процедуралық тәсілдерін қамсыздандыру.
Төменгі 4 деңгей компьютерлік желінің транспорттық қызметін құрайды. Жоғарғы 3 дейгей абоненттік қызметке бірігіп қолданбалы процестердің логикалық өзара әсерлесуін қамтамасыз етеді.
Хаттамалар (өзара әсерлесу ережелері)
И
нтернетте қазіргі кезде байланыстың әрбір деңгейі үшін сәйкес хаттамалары болады.
Физикалық деңгей хаттамалары
Байланыс линиясының түрі мен сипаттамасын анықтайды: қарапайым провод (витая пара), талшықты-оптикалық, коаксиальды кабель және т.б.
Логикалық деңгей хаттамалары
-
каналдар бойынша ақпаратты басқару және жеткізу
-
SLIP (Serial Line Interface Protocol)
-
PPP
-
дестелік драйверлер
Желілік деңгей хаттамалары
-
әр түрлі желілердегі, яғни маршруттау дестелеріндегі құрылғылар арасында мәліметтерді жеткізу
-
IP
-
ARP
Транспорттық деңгей хаттамалары
-
Бір программадан екіншісіне мәліметтерді жеткізуді басқару
-
TCP
-
UDP
Байланыс сеансы деңгейі хаттамалары
-
Сәйкес каналдарды орнату, сүйемелдеу және жою
-
TCP
-
UDP
-
UUCP
IP-адрестерді құру принциптері
Интернетте әрбір компьютердің IP-адресі болады. IP-адрес төрттік байттық тізбектен тұрады, әрбір байтты нүктемен бөлінген ондық сан түрінде беру қабылданған. Олар 0-ден 255-ке дейін мән қабылдайды.
-
IP-адрес желідегі компьютерді бір мәнді анықтайды
-
Желіде 4 млрд-тан артық компьютерлер болуы мүмкін
Тіркелген IP-адрестер
-
0.0.0.0–.желі түйіні
-
1.1.1.1 – берілген жергілікті желінің барлық тармақтары
-
127.0.0.1 – бір ДК шеңберіндегі программалауды тестілеу және процестерді өзара әсерлестіру үшін
DNS (домендік есімдер жүйесі) – иерархиялық принцип бойынша құрастырылған және Интернетте жұмыс істейтін машиналар домендік есім бойынша қажетті машинаның IP-есімін және керісінше білуге мүмкіндік беретін есімдер жүйесі. Клиент-серверлік қоымша құрған кезде қолдануға болады.
org– бейкоммерциялық
Аса төменгі деңгей домендері ... анықтайды
-
мекендерді
-
үлкен ұйымдарды
-
шағын ұйымдарды
-
үлкен ұйымдардың бөлімдері және т.б.
Желі атауы
-
Есептеуші орталықпен (ЕО) өз бетімен таңдалынады
-
Интернетке қосылуды қамтамасыз ететін ұйымда тіркеледі
Желі атауы
-
ЕО туралы ақпаратты құрайды
-
жоғарғы деңгей домені шегінде ерекше
Жаңа ЕО-ты желіге қосу
-
Желі атауы
-
Ұйымның талабы, мұқтажы, өлшемі бойынша IP-адрестер диапазондары
Internet арқылы көрсетілетін қызметтер типтері. Есептерге қолданылатын қызметтер категориялары.
Категориялары
-
Интерактивті
-
Тікелей қатынас
-
Кейінге қалдырылған оқу:
Кейінге қалдырылған оқу сервистері
-
Ақпаратты алу мен сұраныс жасау уақытпен шектелмейді
-
Мысал: жазбаша корреспонденция (электрондық почта)
Тікелей қатынау сервистері (қатынаулар, оқулар)
-
Сұраныс бойынша ақпарат бірден қайтарылады
-
Қабылдаушының жылдам реакциясын қажет етпейді
Интерактивті сервистер – қабылданған ақпаратқа жылдам реакцияны талап етеді.
Internet-тің негізгі сервистері
-
Электрондық пошта e-mail
-
Usenet жаңалықтар қызметі (желілік жаңалықтар)
-
Maillist тарату тізімдері
Электрондық пошта e-mail
-
сервистердің ең алғашқысы
-
өте кең таралған және тиімді
Электрондық пошта e-mail
-
хаттамалар:
-
SMTP – файлдарды жіберу
-
POP – поштаны жеткізу
-
Кейінге қалтырылған оқу сервистері
-
тақырыбы (адрес), мазмұны (құрамы) – мәтін, файлдар, графикалық бейнелер
Электрондық хат
-
үлкен өлшемді болуы мүмкін, бірақ шектеулері бар
-
кемшілігі:
-
адресатқа жетпей қалуы мүмкін (жоғалуы);
-
ұстап алынуы мүмкін
Электрондық хабарларды жеткізу жылдамдығы
Төмендегідей анықталады:
-
хабарды жеткізуге қолданылатын құралдармен
-
көрсетілген орнымен
Auto express құралы
-
электрондық поштаны дайындау
-
адресаттарды басқару (адресаттардың МҚ)
-
электрондық хабарларды тарату (жіберу)
Usenet жаңалықтар қызметі
-
Хабарды таратудың жоғары жылдамдығы
-
Қатысушылар мен талданатын тақырыптардың жиыны
-
Физикалық орналасуынан тәуелсіздігі
-
Күнделікті хабарлардың саны 1 млн-ға жуық
Usenet жаңалықтар қызметі
-
NNTP хаттамасы – жаңалықтармен алмасудың арнайы хаттамасы
-
Жаңалықтар тақырыптық топтармен иерархиялық ұйымдасқан
Топтың аты
-
нүктелермен бөлінген ішкі деңгей иерархияларының атаулары
-
а
са жалпы деңгей алдымен жазылады
-
мысалы:
Usenet жаңалықтар қызметі
-
мағыналық және техникалық жақтарын ажыратады
-
ақпараттық ресурс тұрғысынан қарағанда жүйе үлкен иерархиялық каталог түрінде ұйымдасқан, онда жаңалықтар түйіндері орналасады
Жаңалықтар тобы – берілген топтың пәндік аймағын қызықтыратын қолданушылардың үнемі өзгеріп отыратын хабарларының жиынтығы (хабарлардың сақталу ұзақтығының мерзімі – 5 күн).
Usenet жаңалықтар қызметі
Жазылым (жаңалықтардың бір немесе бірнеше топтары) – қолданушының қызықтыратын тақырыбы бойынша жаңа мақалалардың пайда болуын хабарлау процедурасы.
Usenet жаңалықтар қызметі
-
Топқа белігі бір тақырып бойынша қолданушының өз хабарларын қосу мүмкіндігі
Usenet жаңалықтар қызметі
Шектеулер (сын)
-
коммерциялық ақпаратқа;
-
жарнамалық сипаттағы хабарларға және т.с.с.
Maillist тарату тізімдері
-
қарапайым және пайдалы сервис
-
өзіндік хаттамасы болмайды
-
е-mail арқылы жұмыс істейді
-
идея - көптеген адамдардың – тарату тізімінің жазылушылары үшін ортақ адресі болып табылатын е-mail-дың адресі
Maillist тарату тізімдерінің Usenet желілік жаңалықтардан ерекшелігі
-
E-mail арқылы таратылатын хабарлар әрқашанда жазылушы пошталық жәшігінде оны күтіп қабылданады, ал Usenet-те белгілі бір уақыттан кейін өшіріліп қалады
-
Тарату тізімдері жеткілікті басқарылады және конфиденциальды
-
Хабарды алу үшін электрондық почтаға қатынау болуы тиіс
-
Хабарларды жеткізужылдамдығы жоғары
Тарату тізімдерін қолдану
-
Клиенттермен жұмыс істейтін ұйымдар оларды жаңа түсімдермен, өзгертулермен немесе фирманың клиенттері жайлы хабардар етеді.
-
ортақ хабардар етуге болмайтын ерекше сұрақты талдау
Тарату тізімдерінің кемшіліктері
-
почта жәшігі толып қалған кезде хаттардың жоғалуы
мәселені шешу – хаттарды қабылдау кезінде жеке қапшықтарға жинақтайтын программаны орнату
-
тарату тізімінен бас тарту қиындығы
Internet-тің басқа сервистері
-
FTP – файлдарды тарату (файлдарды жеткізу хаттамасы сияқты пайда болды) – операциялық жүйемен үнемі ұсынылатын TCP хаттамасы бойынша жұмыс істейтін стандартты программа
FTP хаттамасының бастапқы қызметі
-
TCP/IP желілерінде жұмыс істейтін әр түрлі компьютерлер арасындағы файлдарды жеткізу:
-
қолданушы ДК-дің екеуінде де тіркелген
Қолданушы сервермен өз есімі бойынша және паролі бойынша, anonymous есімі бойынша байланысқан.
Anonym FTP серверіндегі ақпарат
-
demo-нұсқалар
-
мәтіндер
-
заңдар
-
кітаптар
-
мақалалар
-
есептер
FTP сервисі
-
Internet-тегі көпшілік файлдық архивтарды ұйымдастырудың стандартты жолы
-
өзінің FTP серверінде қатынау шектеуінің мүмкіндігі
-
тікелей қатынау сервисі
Internet-тің басқа сервистері
Gorner гипермәтіндік жүйесі – Кіріктірме менюлерді қолданатын, олар арқылы әр түрлі типтегі файлдар, графика, дыбыс қатынауға болатын
құрылымданған ақпаратты сараптаудың бөлінген жүйесі.
Gopher
Көпшілік қатынауға FTP сияқты жүйенің файлдары бар ақпарат емес, ағаш түріндегі құрылымды ақпарат экспортталынады, оның көмегімен қажетті ақпаратты табуға болады.
Internet-тің басқа сервистері
WWW гиперөрмек жүйесі (бүкіләлемдік өрмек) – бүгінгі күнде танымал сервис, WWW арқылы Internet-тің жартысынан көп мәліметтері өтеді
WWW бүкіләлемдік өрмегі – клиентке сұрауы бойынша гипермедиалық құжатты қайтаратын «клиент-сервер» принципі бойынша жұмыс істейтін гипермәтіндік, мультимедиалық, интеграцияланатын, бүкіләлемдік АЖ.
Гипермедиалық құжат – ақпараттың әр түрлі көріністерінің бөліктерінен: мәтін, дыбыс, графика, үш өлшемді объектілер және т.б. тұратын құжат, олардың әрқайсысы осы серверде, басқа серверлерде орналасқан басқа құжатқа сілтемелерден тұрады.
WWW ақпараттық технологиялары
-
HTML
-
URL
-
HTTP
-
CGI
-
Java
-
Javascript
HTML – ақпаратты көрсету үшін және құжаттың құрылымы мен байланысын сипаттау үшін WWW бүкіләлемдік өрмегін қолданатын гипермәтінді белгілеу тілі, гипермедиалық құжаттардың пішімі.
HTML
-
қолданушы экранындағы құжаттың сыртқы түрі қолданылатын навигатормен (браузермен) анықталады.
-
файлдардың атаулары: *.html, *. htm
URL – ресурсты көрсететін әмбебап көрсеткіш, Internet-тегі ресурстарды көрсететін сілтемелер: сілтеме бірмәнді іске асырылатын адресі бар құжат, құжаттың бөлігі.
URL
-
объектінің адресі мен орналасуы туралы ақпараттан тұрады
-
мақсаты – басқа программаларға Internet-тен қажетті объекті табуға мүмкіндік беру
-
сипаттамасы – желілік объектіге қатынау әдісі
URL хаттамалары
-
http – гипермәтінді жіберу хаттамасы
-
ftp – файлдарды жіберу хаттамасы
-
gopher
-
mailto – электрондық поштаның адресін белгілеу үшін қажет
-
news – желілік жаңалықтар
URL хаттамалары
-
Nntp – желілік жаңалықтар
-
Telnet
-
Wais
-
File – компьютердегі файл атауы
WWW
-
тікелей қатынау сервисі
-
кең таралған
-
қолданушы қызықтыратын кез келген ақпаратқа қатынау мүмкіндігін береді, егер адресі белгілі болса
Internet-тің басқа сервистері
WAIS іздестіру жүйесі – көлемді құрылымданбаған ақпаратты іздеу
WAIS
-
Сөздіктермен жұмыс істеуге;
-
Usenet желілік жаңалықтарын іздеуге;
-
Құрылымданбаған үлкен көлмеді ақпараттарды индекстеуге арналған құрал
Internet-тің басқа сервистері
IRC – Internet арқылы дауыс арқылы емес, мәтін арқылы сөйлесулер
-
Түйіндер бір-бірімен синхрондалған
-
Жақын жердегі серверге қосылу арқылы қолданушы барлық IRC желісіне қосылады
Инфрақұрылымдық сервистер
Telnet – жойылған компьютерлерге, ақпараттық сервистерге терминальды қатынау мүмкіндігін беретін программа.
Telnet
Internet ақпараттық сервисінің бір бөлігі ретінде қолданылады, қосылу кезінде қолданушы командалық интерпретаторға түспей, бірден ақпараттық ресурстарға қатынауға мүмкіндік беретін арнайы программаға түседі.
Internet-ті пайдалану
-
Ақпаратты тарату ортасы
-
Телеконференцияларды өткізу
-
IP телефония
-
Іздеу серверлерінің және басқа тәсілдердің көмегімен ақпаратты іздеу
Интернет желісіне қолдан және Интернет-ке қосылу шебері арқылы қосылуға болады.
Internet-ке қосылу шеберін іске қосу
Жұмыс столында «Установка параметров в диалоговом режиме» пиктограммасында екі рет тышқанмен шерту
«Пуск», «Программы», «Стандартные», «Средства Internet», «Мастер подключения к Internet»
Желіге қосылу екі түрлі жүзеге асырылады: провайдер арқылы және корпоративті желі арқылы
Қосылулар
-
PPP – мәліметтерді қысу мен қателерін түзетуге арналған «түйін-түйін» хаттамасы.
-
SLIP –тізбекті желілер үшін Internet-хаттамасы.
PPP мен SLIP –ті қосу - модем мен телефон желісін қолдану арқылу Internet-ке қосылу мүмкіндігін береді.
Қосылудың қосымша тәсілдері
Жұмыс істеу нұсқалары
-
бірнеше провайдерлермен
-
корпоративті желі арқылы қосылу
Әрбір нұсқа үшін өзінің байланысын құруға болады
«Internet қасиеттері» диалогтік терезесі
Қосымшалар
-
Общие
-
Безопасность
-
Содержание
-
Подключение
-
Программы
-
Дополнительные
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 6, 7, 8
Қосымша әдебиеттер: 11, 12
РЕФЕРАТТАР ТАҚЫРЫПТАРЫ
-
Информатиканың даму тарихы
-
Кибернетика басқару туралы ғылым
-
Информатика және әлеуметтік үрдістерді басқару
-
Құқықтық ақпараттық жүйелер
-
Интеллектілік жүйелерді құру
-
Ақпараттық технологиялар аумағындағы құқық бұзушылықтар
-
Компьютерлік желімен жұмыс жасау этикеті
-
Ақпаратты криптографиялық қорғау әдістері
-
Антивирустық программалар мүмкіндіктері мен даму беталыстары
-
MS-DOS-тан Windows XP-ге дейінгі операциялық жүйелер
Санау жүйесі тақырыбы бойынша өздік жұмыстар нұсқалары
І нұсқа
-
1110111,111 екілік жүйедегі санды ондық санау жүйесінде өрнектеңіз
-
1111110,1011 екілік жүйеде берілген санды сегіздік санау жүйесінде өрнектеңіз
-
10011111,000011 екілік жүйеде берілген санды он алтылық жүйеге өрнектеңіз
-
105,1875 ондық жүйеде берілген санды екілік жүйеге өрнектеңіз
-
214,4375 ондық жүйеде берілген санды сегіздік жүйеге өрнектеңіз
-
217,3125 ондық жүйеде берілген санды он алтылық жүйеге өрнектеңіз
-
Ондық жүйеде берілген 127 санын екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне өрнектеңіз
-
1001-111=
-
1101*10=
-
1011+111=
ІІ нұсқа
-
1100111,011 екілік жүйедегі санды ондық санау жүйесінде өрнектеңіз
-
1110010,10001 екілік жүйеде берілген санды сегіздік санау жүйесінде өрнектеңіз
-
10101110,011101 екілік жүйеде берілген санды он алтылық жүйеге өрнектеңіз
-
101,0625 ондық жүйеде берілген санды екілік жүйеге өрнектеңіз
-
237,5625 ондық жүйеде берілген санды сегіздік жүйеге өрнектеңіз
-
226,4375 ондық жүйеде берілген санды он алтылық жүйеге өрнектеңіз
-
Ондық жүйеде берілген 351 санын екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйелеріне өрнектеңіз
-
1010-110=
-
1101-110=
-
1010+110=
ІІІ нұсқа
-
100000111,011 екілік жүйедегі санды ондық санау жүйесінде өрнектеңіз
-
11111001,010111 екілік жүйеде берілген санды сегіздік санау жүйесінде өрнектеңіз
-
11101111,0001101 екілік жүйеде берілген санды он алтылық жүйеге өрнектеңіз
-
113,0625 ондық жүйеде берілген санды екілік жүйеге өрнектеңіз
-
187,375 ондық жүйеде берілген санды сегіздік жүйеге өрнектеңіз
-
243,71875 ондық жүйеде берілген санды он алтылық жүйеге өрнектеңіз
-
Ондық жүйеде берілген 125 санын екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйелеріне өрнектеңіз
-
1010+101=
-
10101-1101=
-
101*101=
ІV нұсқа
-
10100011,11 екілік жүйедегі санды ондық санау жүйесінде өрнектеңіз
-
10000100,011001 екілік жүйеде берілген санды сегіздік санау жүйесінде өрнектеңіз
-
100000010,00010001 екілік жүйеде берілген санды он алтылық жүйеге өрнектеңіз
-
130,9375 ондық жүйеде берілген санды екілік жүйеге өрнектеңіз
-
173,4375 ондық жүйеде берілген санды сегіздік жүйеге өрнектеңіз
-
110,59375 ондық жүйеде берілген санды он алтылық жүйеге өрнектеңіз
-
Ондық жүйеде берілген 263 санын екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне өрнектеңіз
-
110+110=
-
1101+1010=
-
1011-101=
V нұсқа
-
10000101,0011 екілік жүйедегі санды ондық санау жүйесінде өрнектеңіз
-
10101010,01011 екілік жүйеде берілген санды сегіздік санау жүйесінде өрнекте
-
10000001,000001 екілік жүйеде берілген санды он алтылық жүйеге өрнектеңіз
-
193,6875 ондық жүйеде берілген санды екілік жүйеге өрнектеңіз
-
169,1875 ондық жүйеде берілген санды сегіздік жүйеге өрнектеңіз
-
121,96875 ондық жүйеде берілген санды он алтылық жүйеге өрнектеңіз
-
Ондық жүйеде берілген 257 санын екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне өрнектеңіз
-
10001+1101=
-
1000+1110=
-
1111-1001=
VІ нұсқа
-
11010101,00011 екілік жүйедегі санды ондық санау жүйесінде өрнектеңіз
-
10111101,110111 екілік жүйеде берілген санды сегіздік санау жүйесінде өрнектеңіз
-
101100010100,1011 екілік жүйеде берілген санды он алтылық жүйеге өрнектеңіз
-
161,0625 ондық жүйеде берілген санды екілік жүйеге өрнектеңіз
-
158,5625 ондық жүйеде берілген санды сегіздік жүйеге өрнектеңіз
-
245,96875 ондық жүйеде берілген санды он алтылық жүйеге өрнектеңіз
-
Ондық жүйеде берілген 257 санын екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне өрнектеңіз
-
1111+1010=
-
100-10=
-
11010+10111=
VІІ нұсқа
-
11100001,1 екілік жүйедегі санды ондық санау жүйесінде өрнектеңіз
-
11000011,00001 екілік жүйеде берілген санды сегіздік санау жүйесінде өрнекте
-
10010001,01000001 екілік жүйеде берілген санды он алтылық жүйеге өрнектеңіз
-
147,3125 ондық жүйеде берілген санды екілік жүйеге өрнектеңіз
-
313,125 ондық жүйеде берілген санды сегіздік жүйеге өрнектеңіз
-
264,6875 ондық жүйеде берілген санды он алтылық жүйеге өрнектеңіз
-
Ондық жүйеде берілген 96 санын екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне өрнектеңіз
-
100101+111101=
-
1010*110=
-
1101-110=
VІІІ нұсқа
-
10010101,01 екілік жүйедегі санды ондық санау жүйесінде өрнектеңіз
-
11101110,1011 екілік жүйеде берілген санды сегіздік санау жүйесінде өрнекте
-
1010001,10000001 екілік жүйеде берілген санды он алтылық жүйеге өрнектеңіз
-
137,625 ондық жүйеде берілген санды екілік жүйеге өрнектеңіз
-
286,8125 ондық жүйеде берілген санды сегіздік жүйеге өрнектеңіз
-
253,53125 ондық жүйеде берілген санды он алтылық жүйеге өрнектеңіз
-
Ондық жүйеде берілген 645 санын екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне өрнектеңіз
-
1101,011+101,100=
-
1101-110=
-
101*110=
ІX нұсқа
-
10011101,101 екілік жүйедегі санды ондық санау жүйесінде өрнектеңіз
-
110101010,001011 екілік жүйеде берілген санды сегіздік санау жүйесінде өрнектеңіз
-
10110110,01 екілік жүйеде берілген санды он алтылық жүйеге өрнектеңіз
-
106,125 ондық жүйеде берілген санды екілік жүйеге өрнектеңіз
-
263,6875 ондық жүйеде берілген санды сегіздік жүйеге өрнектеңіз
-
238,1875 ондық жүйеде берілген санды он алтылық жүйеге өрнектеңіз
-
Ондық жүйеде берілген 645 санын екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне өрнектеңіз
-
111,101+101,01=
-
101*11=
-
1111,011-110,001=
X нұсқа
-
10111000,1001 екілік жүйедегі санды ондық санау жүйесінде өрнектеңіз
-
101100011,111011 екілік жүйеде берілген санды сегіздік санау жүйесінде өрнектеңіз
-
11000010,101011 екілік жүйеде берілген санды он алтылық жүйеге өрнектеңіз
-
132,125 ондық жүйеде берілген санды екілік жүйеге өрнектеңіз
-
167,625 ондық жүйеде берілген санды сегіздік жүйеге өрнектеңіз
-
241,15625 ондық жүйеде берілген санды он алтылық жүйеге өрнектеңіз
-
Ондық жүйеде берілген 135 санын екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне өрнектеңіз
-
111*110=
-
101101,1010+10101,100=
-
1101,110-101,11=
XІ нұсқа
-
101110110,1101 екілік жүйедегі санды ондық санау жүйесінде өрнектеңіз
-
111101011,111011 екілік жүйеде берілген санды сегіздік санау жүйесінде өрнектеңіз
-
11011010,101011 екілік жүйеде берілген санды он алтылық жүйеге өрнектеңіз
-
112,125 ондық жүйеде берілген санды екілік жүйеге өрнектеңіз
-
177,625 ондық жүйеде берілген санды сегіздік жүйеге өрнектеңіз
-
142,15625 ондық жүйеде берілген санды он алтылық жүйеге өрнектеңіз
-
Ондық жүйеде берілген 135 санын екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне өрнектеңіз
-
1,01*0,11=
-
111101,1010+10101,111=
-
1101,110-101,11=
«Логикалық өрнектер. Егер(если) таңдау функциясы» тақырыптары бойынша өздік жұмыс нұсқалары.
Өрнек логикалық деп аталады, егер онда салыстыру белгісі және логикалық функция болса:
> -“үлкен”, < -“кіші”, >= -“үлкен немесе тең”,
<= -“кіші немесе тең”, = -“тең”, <> -“тең емес”
=И(арг1;арг2), =ИЛИ(арг1;арг2), =НЕ(арг)
Логикалық функцияның мәні аргумент мәніне байланысты анықталады
Кесте 1 –НЕ, И, ИЛИ функциялардың ақиқатты кестесі
-
арг1
|
арг2
|
=НЕ(арг1)
|
=И(арг1;арг2)
|
=ИЛИ(арг1;арг2)
|
А
|
А
|
Ж
|
А
|
А
|
А
|
Ж
|
Ж
|
Ж
|
А
|
Ж
|
А
|
А
|
Ж
|
А
|
Ж
|
Ж
|
А
|
Ж
|
Ж
|
ЕСЛИ таңдау функциясы
Жалпы түрде жазылу форматы:
=если(шарт1;әрекет1;если(шарт 2; әрекет 2;…;если(шарт n-1; әрекет n-1; әрекет n)…)
Бұл функцияның орындалуы шартты тексеруде және ақиқатты шарттың орындалу әрекетінде ,егер де бірде бір шарт ақиқат болмаса онда n әрекеті орындалады
1 нұсқа
а) Логикалық өрнектің мәнін анықтап табу
=И(НЕ(A2<3);ИЛИ(И(A2+4>5;B5<=6);НЕ(A2+B5<0)))
мұндағы a) A2: -5; B5: 6 б) A2: 3; B5: -1
б) Функцияны есептеп графигін тұрғызу қажет.
y=
в) Если функциясын қолданып құжат құрастырыңыз
№
|
Тауар аты
|
Шығару күні
|
Сақтау мерзімі
|
Шешімі
|
1
|
Күріш
|
07.05.03
|
1
|
=если(…
|
…
|
……
|
…
|
…
|
…
|
Шешу нұсқасы:
-егер сақтау мерзімі әтіп кеткен болса онда оны сатуға болмайды ;
-егер сақтау мерзіміне 1 жылдан аз уақыт қалса онда оның бағасын 30% төмендету қажет;
-
егер сақтау мерзіміне 1 жыл және одан артық уақыт болса онда оны қалыпты жағдайда сата беруге болады
=СЕГОДНЯ() функциясын пайдаланып есепте
2 нұсқа
а) Логикалық өрнектің мәнін анықтап табу:
=И(НЕ(3*(A2+C4)/2<-4);ИЛИ(A2>C4*2;НЕ(C4<7)))
мұндағы a) A2: -5; C4: 6 б) A2: 3; C4: -1
б) Функцияны есептеп графигін тұрғызу қажет
.
в) Құжатты құрастыр(ЕСЛИ функциясын пайдаланып)
№
|
Аты жәні
|
Кітапті алған күні
|
Шешімі
|
1
|
Иванов М.Н.
|
05.10.03
|
=если(…
|
…
|
……
|
…
|
…
|
Шешу нұсқасы:
-егер оқырман кітапті 10 күннен артық пайдаланса онда айып салынады
-егер кітапті тапсыруға 1 күн қалса онда оқырманға кітапті тапсыру туралы ескерту жасау керек
- егер кітапті тапсыруға 1-ден көп күн қалса онда кітапті тапсыруға неше күн қалғанын анықтау қажет
=СЕГОДНЯ() функциясын пайдаланып есепте
3 нұсқа
а) Логикалық өрнектің мәнін анықтап табу:
=ИЛИ(И(C5>7;НЕ(B4<>0));НЕ(С5+B4<15))
мұндағы a) B4: -2; C5: 3 б) B4: 7; C5: -4
б) Функцияны есептеп графигін тұрғызу қажет:
в) Құжатты құрастыр(ЕСЛИ функциясын пайдаланып)
№
|
Аты жәні
|
Емдеу мерзімі (күндер)
|
Түскен күні
|
Шешімі
|
1
|
Рахимбаев А.Б.
|
24
|
15.03.04
|
=если(…
|
…
|
……
|
…
|
|
…
|
Шешу нұсқасы:
- егер емдеу мерзімі аяқталса онда оны ШЫҒАРУ
- егер емдеу мерзімінің аяқталуына 2 күн қалса онда ШЫҒАРУҒА ДАЙЫНДАУ
- егер аяқталу мерзіміне 2 күннен артық күн қалса онда ЕМДЕУДІ ЖАЛҒАСТЫРУ
=СЕГОДНЯ() функциясын пайдаланып есепте
4 нұсқа
а) Логикалық өрнектің мәнін анықтап табу:
=И(ИЛИ(С3>8;НЕ(D2+4<>6));НЕ(C3+D2/2<12))
мұндағы a) C3: -5; D2: 4 б) C3: 6; D2: -2
б) Функцияны есептеп графигін тұрғызу қажет:
в) Если функциясын қолданып құжат құрастырыңыз
№
|
Студенттің аты жәні
|
Емтихан бағалары
|
Шешімі
|
Математика
|
Физика
|
История
|
1
|
Ахметов А.С.
|
4
|
5
|
5
|
=если(…
|
…
|
……
|
…
|
|
|
…
|
Шешу нұсқасы:
-егер орта балл 5-ке тең болса ,онда ЖОҒАРЛАТЫЛҒАН СТИПЕНДИЯ;
-егер орта балл кіші немесе тең 4-ке болса онда ҚАРАПАЙЫМ СТИПЕНДИЯ;
-егер орта балл кіші 4-тен болса онда СТИПЕНДИЯ ТӨЛЕНБЕЙДІ;
=СЕГОДНЯ() функциясын пайдаланып есепте
5 нұсқа
а) Логикалық өрнектің мәнін анықтап табу:
=И(ИЛИ(НЕ(A2+C1<>10));НЕ((A2/2)<14))
мұндағы a) А2: 10; С1: 1 б) А2: 2; С1: -2
б) Функцияны есептеп графигін тұрғызу қажет:
в) Если функциясын қолданып құжат құрастырыңыз
№
|
Кітаптың аты , авторы
|
Кітаптың шығарған күні
|
Шешімі
|
1
|
Овод, Э.Л.Войнич
|
16.07.00
|
=если(…
|
…
|
……
|
…
|
…
|
Шешу нұсқасы:
-егер кітаптың шығару күні 1960 жыл және одан бұрынғы жылдар болса онда ол кітапті КАРТОТЕКАДАН АЛЫП ТАСТАУ (списать) ;
-егер кітаптың шығару күні 1960 жылмен 2000 жылдар арасында болса онда ШИФР-ын өзгерту керек;
-егер кітаптың шығару күні 2000 жылдан қазіргі күнге дейін болса онда КАРТОТЕКА-ға ҚОСУ қажет
=СЕГОДНЯ() функциясын пайдаланып есепте
6 нұсқа
а) Логикалық өрнектің мәнін анықтап табу:
=ИЛИ(И(НЕ(C3>8);НЕ(D2+4<>6));НЕ(D2/2<4))
мұндағы a) C3: 5; D2: 2 б) C3: 6; D2: 8
б
) Функцияны есептеп графигін тұрғызу қажет:
в) Если функциясын қолданып құжат құрастырыңыз
№
|
Тапсырушының аты жөні
|
Бұйымның аты
|
Тігу мерзімі
(күн)
|
Тапсырыстың
қабылдау мерзімі
|
Шешімі
|
1
|
Ракитова Р.Т.
|
Көйлек
|
7
|
16.04.03
|
=если(…
|
…
|
|
|
……
|
…
|
…
|
Шешу нұсқасы:
-егер тапсырыс жасаған күннен 2-күндей өтсе онда БІРІНШІ ӨЛШЕУ;
- егер тапсырыс жасаған күннен 2-күннен тігу мерзіміне дейінгі күн өтсе онда
БҰЙЫМ ДАЙЫН ЕМЕС
- егер тапсырыс тігу мерзімінен асып кетсе онда БҰЙЫМДЫ БЕРУ қажет
СЕГОДНЯ функциясын қолданыңыз.
7 нұсқа
а) Логикалық өрнектің мәнін анықтап табу:
=НЕ(И(ИЛИ(B1>7;НЕ(B1=0));НЕ(A3+B1<15)))
мұндағы a) B1: 10; А3: 3 б) B1: 10; А3: 10
б) Функцияны есептеп графигін тұрғызу қажет:
в) Если функциясын қолданып құжат құрастырыңыз
№
|
Жүргізушінің
аты-жөні
|
Автомобиль нөмірі
|
Шығарылу жылы
|
Шешімі
|
1
|
Степин И.И.
|
B 457 MHR
|
1994
|
=если(…
|
…
|
|
|
……
|
…
|
Шығарылу нұсқасы:
-егер шығарылған жылы 1970 ж. және одан ерте болса, ЖОЛ САЛЫҒЫН ТӨЛЕМЕУ;
-егер шығарылу жыл 1970 және 1990 жылдан ерте болса, ЖОЛ САЛЫҒЫНЫҢ 50 % ТӨЛЕУ;
-егер шығарылу жылы 1990 жыл және одан кеш болса – ЖОЛ САЛЫҒЫН ТОЛЫҚ ТӨЛЕУ;
СЕГОДНЯ функциясын қолданыңыз.
8 нұсқа
а) Логикалық өрнектің мәнін анықтап табу:
=НЕ(И(ИЛИ(B1>7;НЕ(B1=0));ИЛИ(A3>3;НЕ(B1<15))))
мұндағы a) В1: 3; А3: 3 б) В1: 3; А3: 10
б) Функцияны есептеп графигін тұрғызу қажет:
в) Если функциясын қолданып құжат құрастырыңыз
№
|
Абонент аты-жөні
|
Телефон нөмірі
|
Сөйлесулерге қарыздар
|
Шешімі
|
1
|
Наурызбаева А.Т.
|
274831
|
2300
|
=если(…
|
…
|
|
|
……
|
…
|
Шығарылу нұсқасы:
-егер сөйлесулерге қарыз 1000 тг. болса, ТЕЛЕФОНДЫ ҚИЫП ТАСТАУ;
-егер сөйлесулер қарызы 1000 теңгеден кем болса, онда ЕСКЕРТУ ЖІБЕРУ;
-егер қарыз жоқ болса – ТҰРАҚТЫ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ ТІЗІМІНЕ ҚОСУ;
СЕГОДНЯ функциясын қолданыңыз.
9 нұсқа
а) Логикалық өрнектің мәнін анықтап табу:
=НЕ(И(ИЛИ(B1>7;НЕ(B1=0));И(C2>3;НЕ(B1<10))))
Егер a) В1: 5; С2: 8 б) В1: 2; С2: 7
б) Функцияны есептеп графигін тұрғызу қажет:
в) Если функциясын қолданып құжат құрастырыңыз
№
|
Студенттің
аты-жөні
|
Емтихан бағалары
|
Шешімі
|
Информатика
|
Жоғарғы математика
|
Экономика
|
1
|
Рахметов Р.Т.
|
5
|
4
|
5
|
=если(…
|
…
|
……
|
…
|
|
|
…
|
Шешілу нұсқасы:
-егер орташа балы 5-ке тең болса, оқу ақысына 10 % ЖЕҢІЛДІК;
-егер орташа балы 5-тен кіші және 4-ке тең болса, оқу ақысына 5 % ЖЕҢІЛДІК;
- егер орташа балы 4-тен кіші болса, ТОЛЫҚ ТӨЛЕМ АҚЫ төлеу;
СЕГОДНЯ функциясын қолданыңыз.
10 нұсқа
а) Логикалық өрнектің мәнін анықтап табу:
=НЕ(И(НЕ(A2<3);ИЛИ(И(НЕ(A2+4>5);B5<=6));НЕ(B5<0)))
мұндағы a) A2: -3; B5: 8 б) A2: 5; B5: -4
б
) Функцияны есептеп графигін тұрғызу қажет:
в) Если функциясын қолданып құжат құрастырыңыз
№
|
Препарат аты
|
Шығарылу мерзімі
|
Сақтау мерзімі
|
Шешімі
|
1
|
парацетамол
|
13.04.03
|
3
|
=если(…
|
…
|
……
|
…
|
|
…
|
Шешілу нұсқасы:
-егер сақтау мерзімі өтіп кеткен болса, САТУДАН АЛЫП ТАСТАУ;
-егер сақтау мерзіміне 1 жылдан кем қалса, 30 % ТӨМЕНДЕТУ;
- егер сақтау мерзіміне 1жыл және көп қалса, ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙДА САТУ
СЕГОДНЯ функциясын қолданыңыз.
Зертханалық жұмыстар тақырыптары
«Windows операциялық жүйесімен жұмыс істеу негіздері» бойынша зертханалық жұмыстар
-
Windows операциялық жүйесінің объектілері: қапшықтар, файлдар, жарлықтар. Оларды құру, атын өзгерту, көшіру, жою тәсілдері. Терезе ұғымы, элементтері.
-
MS DOS операциялық жүйесінде файлдармен, каталогтармен жұмыс істеу командалары. NC операциялық қоршамында жұмыс
«MS Word мәтіндік редакторы» тақырыбы бойынша зертханалық жұмыстар
-
Мәтіндерді енгізу ережесі. Орфографияны тексеру. Мәтін үзінділерін көшірмелеу тәсілдері
-
Символдарды, абзацтарды, беттерді пішімдеу
-
MS Word мәтіндік процессорында кестелер даярлау (қарапайым және күрделі кестелер)
-
Тізімдер құрастыру, мәтіндерді бағандарға бөлу, сілтемелер орнату
-
Формула редакторымен жұмыс істеу
-
Мәтіндік құжатқа графикалық объектілерді (суреттер, символдар, WordArt объектісі, диаграмма) кірістіру
«MS Excel кестелік процессоры» тақырыбы бойынша зертханалық жұмыстар
-
Ұяшықтарға мәліметтерді енгізу.Ұяшықтарды пішімдеу. Диаграмма шебері. Диаграмма құру кезеңдері
-
Excel-де функцияларды қолдану. Функциялар графиктерін тұрғызу
-
Функцияларды математикалық есептеулерде қолдану
-
Аралық қорытынды жасау, консолидация
-
Excel электрондық кестесін мәліметтер қорымен жұмыс істеуде қолдану. Мәліметтерді сұрыптау
-
Excel электрондық кестесінде Гаусс, Крамер, кері матрица әдістері бойынша сызықтық теңдеулер жүйесін шешу
«MS Access» тақырыбы бойынша зертханалық жұмыстар
-
Мәліметтер қорын құру. Кестелер құру, оларды редакторлеу
-
Екі кестеден тұратын мәліметтер қоры және объектілерді байлыныстыру
-
Берілгендерді формалар арқылы көрнекті етіп көрсету. Батырмалары формаларды құру.
-
Қарапайым сұраныс құру. Қиылысқан сұраныс құру
-
Есептер құру
«Internet бүкіләлемдік компьютерлік желісі» тақырыбы бойынша зертханалық жұмыстар
-
Электрондық пошта қызметімен танысу. Іздеу серверлерімен жұмыс істеу
КУРС БОЙЫНША ТЕСТІЛІК ТАПСЫРМАЛАР ТАҚЫРЫПТАРЫ
-
«Информация және информатика»
-
«Пернелік»
-
«ЕТ даму тарихы
-
«ДК архитектурасы»
-
«MS-DOS»
-
«Norton Commander»
-
«Windows негіздері»
-
«Word»
-
«Word пернелік аналогтары»
-
«Excel»
-
«Excel пернелік аналогтары»
-
«Access»
ЕМТИХАНҒА ДАЙЫНДЫҚ СҰРАҚТАРЫ
-
Информатика. Курстың міндеті мен мақсаттары
-
Ақпарат ұғымының анықтамасы, түрлері, қасиеттері. Ақпараттық үрдістер
-
Мәліметтердің негізгі құрылымы және олармен жасалатын операциялар
-
Ақпараттың ЭЕМ-да бейнеленуі. Ақпараттың өлшем бірліктері
-
Санау жүйелері, түрлері
-
Екілік сандарды қосу, көбейту, бөлу ережесі
-
Сандарды екілік санау жүйесінен ондық, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне ауыстыру
-
Ондық сандарды екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне ауыстыру
-
ЭЕМ –нің даму тарихы. ЭЕМ буындары
-
ЭЕМ-нің жіктелуі
-
ДК базалық конфигурациясы
-
ДК –дің қосымша құрылғылары
-
Жүйелік блоктың аппараттық компоненттері және олардың функционалдық қызметі
-
ЭЕМ-ның жады және оның түрлері
-
Жадты ұйымдастырудың адрестік принципі. Фон-Нейман принципі
-
Жүйелік бағдарламалық жасақтама.
-
Аспаптық бағдарламалық жасақтама
-
Қолданбалы бағдарламалық жасақтама
-
Файлдар және файлдық жүйе
-
Операциялық жүйе ұғымы және оның негізгі функциясы
-
Бірнеше операциялық жүйелердің салыстырмалы мінездемесі
-
Windows ОЖ. Windows ортасындағы компьютерлік технологиялары. Point-and-Click, Double Click, Drag-and-Drop, Plug-and-play технологиялары
-
Windows (ClipBoard, OLE, DDE) ортасында деректермен тиімді алмасу технологиясы
-
Windows –тың стандартты қолданбалы бағдарламалары
-
Windows ОЖ-нің негізгі ерекшеліктері
-
Windows ОЖ графикалық интерфейсінің негізгі элементтері
-
Windows объектілерімен жұмыс
-
Сілтеуіш бағдарламасының қызметі
-
Paint графикалық редакторының сурет салу саймандарын атаңыз
-
Калькулятор бағдарламасында қолданылатын санау жүйелері
-
Дискіні күтуші бағдарламалар
-
Мәтіндік редакторлар, мәтіндік процессорлар. MS Word мәтіндік редакторы
-
MS Word мәтіндік процессордың мүмкіндіктері
-
Мәтіндік редактор мен процессордың айырмашылығы
-
Microsoft Word пернелік аналогтары
-
MS Word процессорында пішімдеу операциялары (символдарды, абзацтарды, беттерді, құжатты, ендірілген объектілерді)
-
Мәтіндік құжаттар пішімдері
-
Microsoft Word –тағы объектілермен жұмыс.
-
Microsoft Word –та кестелерді құру жолдары
-
Табуляцияның қолданылуы
-
Формула редакторымен жұмыс
-
Мәтіндерді өңдеудің негізгі қадамдары, олардың қысқаша сипаты
-
MS Excel электрондық кестесінің қызметі, құрылымы
-
Жұмыс парақтарымен жұмыс жасау технологиясы
-
Диаграммалар типтері, элементтері. Диаграмма құру жолдары
-
Microsoft Excel-де формулаларды қолдану. Функция шебері, функциялар түрлері
-
Microsoft Excel пернелік аналогтары
-
MS Excel –дегі сілтемелер түрлері және олардың атқаратын міндеттері
-
EXCEL –дегі мәліметтер типтері
-
МҚБЖ (СУБД) жіктелуі
-
МҚБЖ MS Access
-
Мәліметтер қоры түсінігі, негізгі объектілері.
-
Форма анықтамасы, қызметі, құру жолдары
-
Кесте құрылымы, құру жолдары
-
Сұраныстың анықтамасы мен қызметі. Сұраныс құру тәсілдері
-
Есептер қызметі, құру жолдары
-
Компьютерлік желілер, желілер түрлері
-
Internet –тің даму тарихы
-
World Wide Web жүйесі
-
Электрондық почта
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
<предыдущая страница | следующая страница>