Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3


Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат министрлігінің

Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының

________________Б. Қалианбековтың

2012 жылғы «___» ________________

№ ___ бұйрығымен бекітілді



Қазақстан Республикасы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді

мемлекеттік сатып алу жөніндегі

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ақпарат және мұрағат комитеті мемлекеттік мекемесі;

Мекенжайы: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс;

СТН 600700197132;

Интернет-ресурс: www.mk.gov.kz;

Банктік деректемелері: ЖСК KZ92070101KSN0000000 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде, БСК KKMFKZ2A, Кбе 11.

Тапсырыс берушінің өкілі:

Корбозов Еркеғали Дәулетханұлы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-04-79, электрондық адресі: e.zhusanov @mki.kz.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті» мемлекеттік мекемесі;

Мекенжайы: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс;

СТН 600700197132;

Интернет-ресурс: www.mk.gov.kz;

Банктік деректемелері: ЖСК KZ92070101KSN0000000 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде, БСК KKMFKZ2A, Кбе 11.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі:

Корбозов Еркеғали Дәулетханұлы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-04-79, электрондық адресі: e.zhusanov @mki.kz.

Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.


1. Жалпы ережелер
1. Конкурс Қазақстан Республикасы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтердің (бұдан әрі - қызметтер) өнім берушілерін таңдау мақсатында өткізіледі.

2. Қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі аталған конкурс үшін бөлінген сома 5 000 000 (бес миллион) теңгені құрайды, соның ішінде:




Лоттың нөмірі

Лоттын атауы


Сомасы


№ 1 лот

«БАҚ Интернетке қарай қадам басады» семинарлар мен тренингтер серияларын ұйымдастыру

5 000 000

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

1) осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтердің тізбесін;

2) сатып алынатын қызметтердің сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларына қоса, осы конкурстық құжаттамаға


2-қосымшаға сәйкес техникалық өзіндік ерекшелікті;

3) осы конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;

4) осы конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

5) Әрбір өлшемнің проценттік мәнін көрсетіп, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303 Заңы (бұдан әрі - Заң)


17-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы
27 желтоқсандағы № 1301 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметтерді ұсынатын конкурсқа қатысушыны анықтау мақсатында конкурс жеңімпазын айқындау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынатын өтінімнің қолданылу мерзімі (Әлеуетті өнім берушінің көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін ұсынатын конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі) конкурстық өтінімдер ашылатын күннен бастап кемінде 35 күнді құрайды.

Конкурстық құжаттамада көрсетілген қолдану мерзіміне қарағанда қысқа мерзімді қамтитын конкурстық өтінім қабылданбайды.

2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі
4. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2012 жылғы «30» қазанның
10 сағ. 00 мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қаржы депарменті, 230-бөлме.

5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап қайтаруға және сауалдың кімнен келіп түскенін көрсетусіз:

1) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді конкурстық құжаттама табыс етілген тұлғаларды тіркеу журналына мәліметтері енгізілген тұлғаларға жіберуге;

2) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру мәтінін тапсырыс берушінің интернет - ресурсында жариялауға міндетті.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2012 жылғы «4» қарашанның
10 сағ. 00 мин. кешіктірмей өз бастамасы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге өтемсіз негізде жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.

7. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін әлеуетті өнім берушілермен кездесуді көздемейді.


3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы
Конкурсқа қатысуға өтінім
8. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызмет көрсетуді жүзеге асыруға конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісімін білдіру нысаны болып табылады.

9. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінім:

1) осы конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған өтінімді;

2) әлеуетті өнім берушінің жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растау үшін ол ұсынатын құжаттардың тізбесін:

құқықтық қабілеттілігін растайтын нотариалды куәландырылған келесі құжаттарды:

заңды тұлға қызметті Үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады;

лицензиялардың және (немесе) патенттердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын қызмет көрсетуге арналған басқа да құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кеш емес берілген акция ұстаушылардың тізілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен куәландырылған үзіндінің түпнұсқасын;

3) әлеуетті өнім берушінің арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:

осы конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілік туралы мәліметтер.

Егер әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтердің бірлесіп орындаушыларын тартуды көздеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын бірлесіп орындаушылардың жалпы және арнайы біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды беруге тиіс;

Осы конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын қызметтерді көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар және әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетулер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында бірлесіп орындауға беруге тыйым салу шарттары туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.

4) көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын сипаттай отырып, қызметтерді көрсету мерзімдерін және (немесе) көлемдері, әдістері суреттелген техникалық ерекшеліктерді;

5) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.

Конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімді рәсімдеу мен ұсыну тіліне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес.


Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
10. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы беті оның қолымен және мөрімен куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған түрде) жеке беріледі.

11. Конкурсқа қатысуға өтінім басып шығарылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, мөрмен бекітілуі тиіс.

12. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім беруші грамматикалық немесе арифметикалық қателерді жөндеу қажет жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосымша жазулар болмауға тиіс.

13. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЖОБАЛАРДЫ ОРЫНДАУЫ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС» және «2012 жылғы «8» қараша 11 сағ. 00 мин.» ДЕЙІН АШПАҢЫЗ».
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі
14. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырысты пошталық байланысты пайдалана отырып, 2012 жылғы «8» қараша 10 сағ. 00 мин. дейін (қоса алғанда) мына мекен-жай бойынша береді: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 230-бөлме, конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мен тіркеуге жауапты тұлға М.Б.Мәкішев.

15. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін өткізілген барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

16. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы, ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

17. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.


Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
18. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрмен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

19. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

20. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу құқығын жоғалтпастан, мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы.

21. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.


4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
22. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия 2012 жылғы «8» қараша 11 сағ. 00 мин. мына мекен жай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты,
15-кіреберіс, 533-бөлмеде жүргізеді.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттері ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтінім де ашылады және қаралады.

23. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс,


533-бөлмеде ашу рәсіміне қатысқалы отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері 2012 жылғы «8» қараша 10 сағ. 30 мин. 10 сағ. 55 мин. дейін өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс.

Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.

24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

25. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:

конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;

әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларының бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені;

конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;

2) конкурстық комиссияның төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

конверттерді ашудың тиісті хаттамасын ресімдейді;

әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.

Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесі конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушіге немесе уәкілетті өкілдеріне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі төрт жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.

 

5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді



олардың конкурстық құжаттама талаптарына
сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және
әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу
26. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

27. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.
  Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.

28. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қоса орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;

2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.

Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағында және Ереженің 87-1 және 87-2 тармақтарында көзделмеген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.

29. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды), егер:

1) ол және (немесе) оның бірлесіп орындаушысы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса.

Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;

Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

30. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

2) мынадай өлшемдердің проценттік мәнін қолданады:

әлеуетті өнім берушіде:

өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің;

мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес сапаның сертификатталған менеджмент жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) болуын;

мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың болуын;

жергілікті мазмұнының болуы.

Конкурсқа қатысуға бір конкурстық өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық комиссия барлық ұсынылған конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде Заңның 17-бабының 4-тармағында санамаланған, конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдерді ескереді және оларды тең мөлшерде барлық конкурстық өтінімдерге қолданады.

Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолданбайды. Конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізілуі тиіс.

Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста қызметтерді көрсету нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде әлеуетті өнім берушінің бір жылдан бастап, көрсетілетін қызметтердің нарықтағы жұмыс тәжірибесінің болған әрбір жылға жарты процентке (0,5%), бірақ бес проценттен аспай азайтады. Бір жылға дейін жұмыс тәжірибесі болған немесе ол болмаған жағдайда осындай процент белгіленбейді. Осы өлшемнің конкурстық өтінімінің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспауға тиіс.

Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.

Мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесін сертификаттауды растайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігін растайтын құжат болған кезде көрсетілетін қызметтер бойынша конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде екі пайызға азайтады;

Жергілікті мазмұнның болуын қарастыру кезінде конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің шартты бағасын жергілікті мазмұнның әрбір пайызы үшін нөл бүтін оннан бір (0,1) пайызға азайтады.

Көрсетілетін қызметтерді әлеуетті өнім берушінің жергілікті мазмұны жалпы еңбекақы төлеу қорынан мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу құнының және осы конкурс (лот) бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін көзделген жалпы сомадан тікелей де, қосалқы мердігер шарттарын жасасу арқылы да тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін әлеуетті өнім беруші сатып алатын тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті қайта өңдеу немесе толық өндіру өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық мазмұнның үлесі (үлестері) құнының пайыздық мазмұны ретінде анықталады.

Конкурстық комиссия көрсетілетін қызметтердің отандық әлеуетті өнім берушісінің конкурстық өтінімінің бағасын бес пайызға азайтады.

3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.

31. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.





следующая страница>


Конкурстық ҚҰжаттама жұмыстарды конкурстық тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша

«БҚо орал қаласында күніне 10 бас мал союға арналған аз қуаттылық мал сою пункті»

254.41kb.

15 10 2014
1 стр.


Компьютерлерге үздіксіз қоректендіру көздерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

Компьютерлерге үздіксіз қоректендіру көздерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама

658.42kb.

13 10 2014
3 стр.


БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

БАҚ-та орналастыру үшін мақалалар дайындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама

715.62kb.

16 12 2014
4 стр.


Инженерлік желілер мен жабдықтарға қызмет көрсету қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

Инженерлік желілер мен жабдықтарға қызмет көрсету қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама

697.42kb.

13 10 2014
4 стр.


Конкурстық ҚҰжаттама тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша
541.46kb.

25 12 2014
3 стр.


Конкурстық ҚҰжаттама тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша
577.57kb.

15 09 2014
3 стр.


Конкурстық ҚҰжаттама

Республикасы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді

503.71kb.

25 12 2014
3 стр.


Конкурстық құжаттама топтамаларының ақысы 500 теңге

«Қазақ газеттері» жшс 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы,143, №623 кабинет, эл почта

13.72kb.

25 12 2014
1 стр.