Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1

Менің ең үздік әдістемелік сабақ жоспарым:



«Әке мен бала»

Сабақтың тақырыбы: «Әке мен бала»



Мақсаты: Оқушылардың дұрыс, мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру. Отбасы мүшелері, ата-атасына деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру.

Дамытушылық: Әке мен бала әңгімесінің негізгі идеясын, тақырыбын, айтар ойын оқушылардың жүрегіне жеткізу. Оқушыларды шығармашылыққа баулу, тілдерін дамыту.

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, шығармашылық жұмыстар.

Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны жүйелеу сабағы

Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсарин портреті, сызба-кесте, шыбықтар

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Сабаққа даярлықтарын тексеру.

Құрметті оқушылар! Сендерді бүгінгі басталған тамаша күнмен құттықтағым келеді. Барлықтарыңның ұйқыларың қанық, көңіл-күйлерің жақсы деген үміттемін. Сонымен қандай ақын-жазушылардың өмірбаянымен таныстық (оқушылар айтқан ақын-жазушыларды тексеріп өтеміз)

Тест сұрақтарына жауап бер


  1. Ы.Алтынсарин қай жылы, қай жерде туған?

а) 1941 жылы, Қостанай облысында

ә) 1841 жылы, Торғай облысы

б) 1842 жылы, Торғай облысында



  1. Ы.Алтынсаринді кім тәрбиелеген?

а) ата-анасы

ә) әжесі


б) атасы


  1. «Кел, балалар оқылық» кімнің шығармасы?

а) Ахмет Байтұрсынов

ә) Ыбырай Алтынсарин

б) Мағжан Жұмабаев


  1. Ы.Алтынсариннің «Өзен», «Жаз» өлеңдері не туралы?

а) табиғат

ә) әңгімелер

б) шығармалар


  1. Ы.Алтынсарин кім болған?

а) әңгімеші

ә) педагог

б) драматург
Жаңа сабаққа кіріспе

Автор портретіне назар аудару

Бұл кім? Кім не біледі?

Үстел үстінде

ақын – аудармашы – жазушы – педагог деп жазылған парақшалар

Тақтада
ғалым тұңғыш қоғам қайраткері педагог әліппе

авторы

мектептің



іргетасын тәрбиеші

қалаушы

балалар ақын мектеп

әдебиетінің мұғалімі

атасы
Бұл кім? «Әке мен бала» Дүние қалай

етсең табылады?



ШЫҒАРМАЛАРЫ

«Талаптың «Кел, балалар «Бай баласы мен

пайдасы» оқылық» жарлы баласы»

Аудармашы Ы.Алтынсарин К.Ушинскийдің «Балалар әлемі» кітабынан әңгімелер, Л.Толстойдың «Визирь Абдул», «Три вора», «Китайская царевна Силинчи» әңгімелерін, Крылов шығармаларын аударған.

Педагог 1864 жылы ең алғаш мектеп ашады. Кейін 7 мектеп, 4 училище мұғалімдер мектебін ашқан. Ең алғашқы оқулық авторы. Ұстаздық еткен адам.

Қоржын ойын

Бүгін қай әңгімесін өтеміз, оқимыз?

«Бай баласы мен жарлы баласы», «Атымтай Жомарт», «Өрмекші құмырсқа, қарлығаш», «Бір уыс мақта», «Әке мен бала», «Бақша ағаштары», «Талаптың пайдасы» қай әңгімесінде ескі таға, қызыл шие, ұста, иіліп алу, үш тиын, қала шеті деген сөздер бар?

Әрине, «Әке мен бала»



ІІ. Осы шығармалардың негізгі тақырыптарын атайықшы?

Адамгершілік

Жақсы мінезге баулу

Еңбекті сүю

Жақсылық пен жамандық

Білімге, өнерге шақыру

Жаман әдеттен аулақ болу

Ендеше балалар! «Әке мен бала» әңгімесіне тоқталайық.

Әңгіменің кейіпкерлері

Әкесі, баласы – негізгі кейіпкерлері

Ұста – қосалқы кейіпкер

Әңгімені оқимыз

Сұрақ - жауап

Әкесі мен баласы қайдан келе жатты?

(Әкесі мен баласы егін басынан келе жатты)

Әкесі мен баласы егін басынан қалай келе жатты?

(Әкесі мен баласы егін басынан жаяу келе жатты)

Әкесі жолда не көрді?

(Әкесі жолда ескі тағаны көрді)

Әкесі баласына не айтты?

Әкесі баласына тағаны алып жүр, –деп айтты

(Баласы ескі тағаның керек емес екендігін айтты)

Тағаны кім иіліп алды?

(Әкесі үндемей тағаны өзі алды)

Әкесі тағаны не істеді?

(Әкесі тағаны ұстаға үш тиынға сатты)

Әкесі не сатып алды?

(Әкесі шие сатып алды)

Әкесі баласын қалай ақылға шақырды?

(Жерге шие тастап, он еңкейтті)

Әкесі баласына қандай ақыл айтты?

(Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың: азға қанағат ете білмесең, көптен құр қаласың)

Деңгейлік тапсырмалар



І-топ

Балаға мінездеме беру

Сын есімді жазу


ІІ-топ.

Бөлімге ат қою, тақырып бойынша сұрақтар дайындау



ІІІ-топ.

Тақырып бойынша негізгі түйінді табу, екі ағаштың суретін салыстыру, пікір жазу


І-топ.

Бала бойындағы қарама–қарсы қасиеттерді жазу



  1. Еріншек – еңбекқор

  2. Жалқау – бейнетқор

  3. Жанын қинамайды – еңбексүйгіш

  4. Жайбасар – елгезек

  5. Ақылсыз – ақылды

  6. Шабан – сергек

  7. Салғырт – сезімтал

  8. Ештеңені ойламайды –пысық

  9. Талапсыз – ұшқыр


ІІ-топ.

  1. Ескі таға

  2. Әкесінің шие алуы

  3. Шиені баласының теріп жеуі

  4. Әкесінің ақылы




  • Шие әкесінің қолынан өзі түсіп кетті ме?

  • Әкесі шиені неге түсірді?

  • Бала қандай қателік жасады?

  • Әкесі баласына қандай ақыл айтты?

  • Бұл баланы қандай бала деуге болады?

ІІІ-топ.

Қурап қалған ағашты талапсыз, жігерсіз еріншек балаға теңеуге болады, ал жайқалып өсіп тұрған ағашты талапты балаға теңеуге болады.

Талапты, ақылды болу үшін үлкендердің ақылын тыңдау керек деген қорытынды шығару керек.

Еңбек туралы мақал-мәтелдерді еске түсіру.



Қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма «Еңбек түбі - береке» тақырыбына шығарма жазу.

Мәтінді өзгертілген нұсқада жазу.
Балқаш қаласы

№10 орта мектептің



қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Нұржанова Сәуле

«Әке мен бала» Сабақтың тақырыбы

Мақсаты: Оқушылардың дұрыс, мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру. Отбасы мүшелері, ата-атасына деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру

57.39kb.

14 10 2014
1 стр.


А. Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназия Ашық сабақ Тақырыбы: Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы. Ән-романс жанры

Сабақтың мақсаты: Ән-романс жанрында еңбек еткен композитор Н. Тілендиевтің өмірі мен музыкалық шығармаларын таныстыру." Әке туралы жыр әнін үйрету". Музыка өнеріне және өнер қайра

60.8kb.

14 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтар Сабақтың мақсаты

Мұғалiм : Кадет мырзалар мен бүгiнгi сабақтың қонақтары сабақты «Табиғат» туралы өлеңнен бастағым келiп отыр

70.91kb.

17 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Атан түйе шөккен жер Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімділік мақсаты

Сабақтың көрнекілігі: Райымбек батыр мен Әбілмансұр батырдың суреттері, инсерт стратегиясы, Венн диаграммасы, семантикалық карта, сабаққа байланысты сөзжұмбақтар

70.18kb.

10 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: С. Бегалин «Бала Шоқан»

Сабақтың мақсаттары: 1 білімділік: Шоқан Уәлихановтың балалық шағын, өмір сүрген ортасын тарихи деректермен байланыстыра отырып, тереңірек түсінік беру. Өткен тақырып бойынша оқушы

77.92kb.

16 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау; әртүрлі есептерді шешу қабілеті мен есептеу дағдысын жетілдіру

971.58kb.

25 12 2014
6 стр.


Пән мұғалімі: Тінеева Әлия Сабақтың тақырыбы: Сс дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: с дыбысы мен әрпімен таныстыру. Сөздерді буынға бөлгізіп, сөздерге дыбыстық талдау жасату. Кеспе әріптермен сөздер жазғызу. С әрпін жазғызу

28.33kb.

14 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: «Шегіртке мен құмырсқа» Сабақтың мақсаты: І. Білімділік

Оқушылардың ойлау қабілетін, тілдік, сөздік қорын дамытып, өздігінен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру

43.98kb.

16 12 2014
1 стр.