Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4
Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 28 қарашадағы N 1139 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 44, 521-құжат

      "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңының 5-бабына, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 63-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: Z100291 қараңыз


      1. Қоса берiлiп отырған Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетудi сатып алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 маусымдағы N 612 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 17, 180-құжат);
       2) "Отандық өндiрушiлердi мемлекеттiк қолдауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 қарашадағы N 1204 қаулысының 2-тармағы және 5-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 40, 408-құжат);
      3) "Отандық өндiрушiлердi мемлекеттiк қолдауды күшейту жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 қыркүйектегi N 955 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 38, 387-құжат).
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң      
2007 жылғы 28 қарашадағы
N 1139 қаулысымен   
бекiтiлген      

Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде
тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу ережесi

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.01 № 267 Қаулысымен.



1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Мұнай туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңына, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алудың жылдық бағдарламасында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың уәкiлеттi тұлғаларының, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылармен және жер қойнауын пайдаланушылардың уәкiлеттi тұлғаларымен жасалған шарттарды орындау шеңберiндегi қызметтi жүзеге асыратын қосалқы мердiгерлердiң тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу тәртiбiн айқындайды. Z100291 қараңыз


      2. Осы Ереженiң қолданысы:
      1) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын;
      2) мемлекеттiк сатып алуды реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын тапсырыс берушiлерге;
      3) ұлттық басқарушы холдингке тiкелей немесе жанама тиесiлi дауыс берушi акциялардың (қатысу үлестерiнiң) елу және одан көп пайызындағы жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға қолданылмайды.
      3. Осы Ережеде Заңда белгiленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      тапсырыс берушi - жер қойнауын пайдаланушы немесе жер қойнауын пайдаланушының уәкiлеттi тұлғасы, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын қосалқы мердiгер;
      жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзiлiмi - жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды бақылауға және оның мониторингiне, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi электрондық сатып алуды өткiзуге және олардың тiзбесiн қалыптастыруға арналған мемлекеттiк ақпараттық жүйе;
      сатып алу - келiсiм-шарттық мiндеттемелердi орындау үшiн қажеттi және осы Ережеде белгiленген тәртiппен және тәсiлдермен жүзеге асырылатын, келiсiм-шартта iлеспе ретiнде көзделген қызмет үшiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi ақылы негiзде сатып алу;
      конкурстық құжаттама - конкурстық өтiнiмдi дайындау үшiн әлеуеттi жеткiзушiге ұсынылатын тапсырыс берушi бекiткен құжаттама, онда ашық конкурсты өткiзудiң шарттары мен тәртiбi қамтылады;
      бiртектi тауарлар, жұмыстар мен қызметтер - бiрдей болып табылмайтын, ұқсас сипаттамалары бар және сол функцияларды орындауға және өзара ауыстыруға мүмкiндiк беретiн ұқсас компоненттерден тұратын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер;
      әлеуеттi жеткiзушi - жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу процесiне қатысушы жеке тұлға, заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум);
      қосалқы мердiгер - жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерiн орындау үшiн жер қойнауын пайдаланушы тартатын жеке немесе заңды тұлға;
      жер қойнауын пайдаланушының уәкiлеттi тұлғасы - жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушы уәкiлеттiк берген жеке немесе заңды тұлға;
      шартты баға - ашық конкурс шеңберiнде сатып алынатын тауарлардың қазақстандық өндiрушiсi немесе жұмыстар мен қызметтердiң қазақстандық өндiрушiсi болып табылатын, ашық конкурсқа қатысушының конкурстық бағалық ұсынысын жиырма пайызға бағаны шартты түрде азайтуды қолдануды ескере отырып есептелген және тек ашық конкурстың жеңiмпазын анықтау мақсатында конкурстық бағалық ұсыныстарды салыстыру және бағалау кезiнде пайдаланылатын баға;
      электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
      4. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды жүзеге асыру рәсiмi Қазақстан Республикасының аумағында жүргiзiледi.
      5. Сатып алуды жүргiзу рәсiмдерiнiң және сатып алу бойынша құжаттаманың тiлi Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгiленедi.
      6. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу бiртектi түрлерi бойынша бөлiктерге (лоттарға) және тауарларды жеткiзу орны, жұмыстарды орындау мен қызметтердi көрсету бойынша бөлiнедi. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi жеткiзушi әр лот бойынша жеке белгiленедi.
      7. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу, оның iшiнде қосалқы мердiгерлердiң сатып алуы мына тәсiлдердiң бiрiмен жүзеге асырылады:
      1) ашық конкурс;
      2) бағалық ұсыныстарды сұрату;
      3) бiр көзден;
      4) электрондық сатып алу жүйесi арқылы;
      5) тауарлық биржалар арқылы.
      8. Ашық конкурс тәсiлiмен сатып алуды жүргiзу кезiнде әлеуеттi жеткiзушiге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:
      1) құқық қабiлетiнiң (заңды тұлғалар үшiн), азаматтық әрекет қабiлеттiлiгiнiң болуы (жеке тұлғалар үшiн);
      2) төлем қабiлеттi болуы;
      3) банкроттық рәсiмiне немесе таратуға жатпауы.
      Осы тармақта көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеуге жол берiлмейдi.
      9. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу мына қағидаттарда жүзеге асырылады:
      1) сатып алу процесiнiң жариялылығы және ашықтығы;
      2) әлеуеттi жеткiзушiлер арасындағы адал бәсекелестiк;
      3) тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi қазақстандық өндiрушiлердi қолдау.
      10. Сатып алу процесi өзiне мыналарды қамтиды:
      1) сатып алуды жоспарлау;
      2) жеткiзушiнi таңдау және онымен сатып алу туралы шартты жасасу;
      3) сатып алу туралы шартты орындау.
      11. Тапсырыс берушi өзiнiң шешiмiмен тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тiзiлiмiнде ақпаратты қалыптастыру және орналастыру бойынша осы Ережеде көзделген iс-қимылдарды тапсырыс берушiнiң атынан жасайтын лауазымды тұлғаны белгiлейдi.
      12. Егер:
      1) осы әлеуеттi жеткiзушiнiң және (немесе) осы әлеуеттi жеткiзушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң басшыларының жақын туыстары, жұбайы немесе жекжаттары жеткiзушiнi таңдау туралы шешiм қабылдау құқығына ие болса не тапсырыс берушiнiң өкiлi болып табылса;
      2) әлеуеттi жеткiзушi және (немесе) оның қызметкерi тапсырыс берушiге өткiзiлетiн сатып алуды дайындау бойынша консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзiрлеу бойынша сатып алуда техникалық-экономикалық негiздеменi әзiрлеушiнiң қатысуын қоспағанда, өткiзiлетiн сатып алу мәнi болып табылатын объектiнi салуға арналған техникалық-экономикалық негiздеменi және (немесе) жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзiрлеуде бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретiнде қатысса, өткiзiлетiн сатып алуға әлеуеттi жеткiзушiнiң қатысуына рұқсат етiлмейдi.
      13. Күрделi техникалық сипаттамалары мен ерекшелiктерi бар тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды өткiзген жағдайда, тапсырыс берушiнiң заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгiнен (консорциум) тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды осы Ережеде белгiленген тәртiппен жүзеге асыруына рұқсат етiледi. Уақытша бiрлестiктерден (консорциум) сатып алуға қатысқан жағдайда консорциумның қатысушылары осы Ереженiң 36-тармағының 3) тармақшасында көзделген бiлiктiлiк талаптарын растауға арналған құжаттардан басқа мыналарды:
      1) заңды тұлғалардың (консорциум) мүшелерi арасында жасалған ортақ жауаптылықтың нотариалды куәландырылған шартын;
      2) бiрлескен шаруашылық қызметi туралы шартта көзделген қызметтiң бiр бөлiгiнде тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету құқығына тиiстi лицензияларды ұсынады.

2. Сатып алуды жоспарлау

      14. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алудың жылдық бағдарламасы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген жылдық жұмыс бағдарламасының негiзiнде әзiрленедi.


      15. Жер қойнауын пайдаланушылар құзыреттi органға тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алудың жылдық бағдарламасын және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде құзыреттi орган бекiткен нысан бойынша сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерiстер мен толықтыруларды ұсынады.
      16. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу рәсiмi тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алудың жылдық бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
      17. Сатып алудың мұндай сомасы жұмыстардың жылдық бағдарламасында көзделген жағдайда және тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алудың жылдық бағдарламасына енгiзiлетiн болса, тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алудың жылдық бағдарламасы бекiтiлгенге дейiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу рәсiмiн жүзеге асыруға рұқсат етiледi.

3. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды ашық
конкурс тәсiлiмен жүзеге асыру

      18. Бiртектi болып табылмайтын тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды ашық конкурс тәсiлiмен жүзеге асыру кезiнде тапсырыс берушiнiң конкурстық құжаттамада мұндай тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi лоттарға мiндеттi түрде бөле отырып, көрсетiлген тәсiлмен бiрыңғай сатып алуды ұйымдастыруына және жүргiзуiне рұқсат етiледi.


      Бiрнеше түрдегi бiртектi тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi ашық конкурс тәсiлiмен сатып алу олардың бiртектi түрлерi бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi лоттарға бөлу және (немесе) оларды жеткiзу (орындау, көрсету) орындары бойынша бөлу арқылы жүзеге асырылады.
      Осы тармақта көзделген жағдайларда ашық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi қарау, ашық конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтiнiмдерiн бағалау және салыстыру, сондай-ақ ашық конкурстың жеңiмпазын анықтау конкурстық құжаттамада көзделген әрбiр лот бойынша жүзеге асырылады.

Конкурстық комиссия

      19. Тапсырыс берушi тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу бойынша әрбiр ашық конкурсқа конкурстық комиссия құрады.


      20. Конкурстық комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және конкурстық комиссияның мүшелерi кiредi. Комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ саннан тұруы, бiрақ үш адамнан кем болмауы тиiс. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесi болып табылмайды және конкурстық комиссияның шешiм қабылдауы кезiнде дауыс құқығына ие болмайды.
      21. Конкурстық комиссияның төрағасы оның жұмысына басшылық жасайды, комиссияның отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды.
      22. Конкурстық комиссияның хатшысы тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу бойынша ашық конкурстың рәсiмдерiн өткiзудi ұйымдастырады. Конкурстық комиссияның хатшысы әлеуеттi жеткiзушiлерге конкурстық құжаттаманы ұсынады, тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi әлеуеттi жеткiзушiлердiң конкурстық өтiнiмдерiн тiркеу журналын жүргiзедi, конкурстық комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар дайындайды, конкурстық комиссияны қажеттi құжаттармен қамтамасыз етедi, конкурстық комиссия отырысын өткiзудi ұйымдастырады, ашық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасын, ашық конкурстың нәтижелерi туралы хаттаманы, конкурстық комиссия отырыстарының басқа да хаттамаларын ресiмдейдi және қол қояды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу бойынша ашық конкурстың құжаттары мен материалдарының сақталуын қамтамасыз етедi.
      23. Әлеуеттi жеткiзушiлердiң конкурстық өтiнiмдерiн тiркеу журналында мынадай мәлiметтер көрсетiледi:
      1) ашық конкурстың мәнi (ашық конкурс мәнiне бiрнеше лоттар кiрген жағдайда лоттардың атауы);
      2) әлеуеттi жеткiзушiнiң атауы мен нақты орналасқан жерi;
      3) әлеуеттi жеткiзушiнiң конкурстық өтiнiмдi ұсыну тәсiлi;
      4) әлеуеттi жеткiзушiнiң конкурстық өтiнiмдi ұсыну күнi мен уақыты;
      5) осы Ереженiң 35, 39-тармақтарында көрсетiлген талаптар бұзылған жағдайда конверттiң қайтарылу себебi.
      Әлеуеттi жеткiзушiлердiң конкурстық өтiнiмдерiн тiркеу журналы тiгiледi, парақтары нөмiрленедi және дәйектеледi, конкурстық өтiнiмдердi тiркеу журналының соңғы бетi тапсырыс берушiнiң мөрiмен бекiтiледi. Бiр қаржылық жыл iшiнде ашық конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi барлық сатып алу бойынша конкурстық өтiнiмдердi тiркеудiң бiрыңғай журналын жүргiзуге рұқсат етiледi.

Конкурстық құжаттама

      24. Конкурстық құжаттама тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алудың талаптары мен шарттары туралы әлеуеттi жеткiзушiлердi хабардар етуге арналған. Конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушi әзiрлейдi және бекiтедi.


      25. Конкурстық құжаттамада мынадай мiндеттi шарттар көрсетiледi:
      1) әлеуеттi жеткiзушi оның бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растауға ұсынатын, осы Ереженiң 36-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген құжаттардың тiзбесi;
      2) тапсырыс берушiнiң атауы және орналасқан жерi;
      3) қажет болған жағдайда техникалық ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбалар мен нобайларды қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң осы талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттардың тiзбесi;
      4) конкурстық өтiнiмнiң бағасына қалыптастыру тәртiбi және ұсыну нысаны, оның iшiнде тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң бағасын көрсетумен қатар оларды тасымалдау мен сақтандыру шығыстарын, кедендiк баждарды, салықтар мен алымдарды төлеудi, сондай-ақ тауарларды жеткiзу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету шығыстарын көрсету;
      5) төлем шарттары;
      6) сатып алынатын тауардың саны, орындалатын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi;
      7) тауарларды жеткiзу, жұмыстарды орындау немесе қызметтердi көрсету орны;
      8) тауарларды жеткiзудiң, жұмыстарды орындаудың немесе қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi;
      9) конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың тәсiлi, орны және соңғы мерзiмi, олардың қолданылу мерзiмi, сондай-ақ конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу орны, күнi мен уақыты;
      10) нақты ережелердi, оның iшiнде шарттың қолданылу мерзiмiн көрсетумен шарттың жобасы;
      11) әлеуеттi жеткiзушiнiң конкурстық өтiнiмiнiң шартты бағасын есептеу үшiн құжаттар тiзбесi;
      12) конкурстық өтiнiмнiң мазмұнына және ресiмдеуге қойылатын талаптар;
      13) ашық конкурсқа қатысушылардың конкурстық құжаттамаға байланысты түсiндiрулердi сұрауына көмек болатын тәсiлдер;
      14) ашық конкурсты дайындауға және өткiзуге жауапты тұлғаның тегi, аты, байланыс телефонының нөмiрi;
      15) өтiнiмдi қамтамасыз ету түрлерi, көлемi мен енгiзу тәсiлi және/немесе сатып алу туралы шарттың орындалуы (егер конкурстық құжаттамада өтiнiмдi қамтамасыз ету және/немесе сатып алу туралы шарттың орындалуын енгiзу көзделсе);
      16) осы ашық конкурстың мәнi болып табылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуға бөлiнген сома туралы мәлiметтер;
      17) осы Ереженiң 32-тармағына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу бойынша ашық конкурсты өткiзуден бас тартудың мерзiмдерi мен тәртiбi туралы мәлiметтер.
      26. Конкурстық құжаттамада жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде сатып алуды жүзеге асырудың төмендегi жағдайларын қоспағанда, тауарлық белгiлерге, қызмет көрсету белгiлерiне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы үлгiлерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, тауардың шығу орнының атауы мен өндiрушiнiң атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыс пен қызметтiң жеке әлеуеттi жеткiзушiге тиесiлiгiн анықтайтын өзге де сипаттамалардың мазмұнын көрсетуге рұқсат етiлмейдi:
      1) негiзгi (орнатылған) жабдықты жете жинақтау, жаңғырту және жете жарақтандыру үшiн;
      2) тауарды лизингке ұсыну бойынша қызметтердi жеткiзушiнi анықтау үшiн және лизинг мәнiн толық сипаттау қажеттiгi туындағанда.
      27. Конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушi мүдделi тұлғаларға қағаз тасымалдағышпен (бұдан әрi - конкурстық құжаттаманың көшiрмесi) не бекiтiлген конкурстық құжаттаманы Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзiлiмiнде орналастыру тәсiлiмен ұсынады.
      Конкурстық құжаттаманың көшiрмесi мүдделi тұлғаларға конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн беру туралы тапсырыс берушiге өтiнiш берген күнi ұсынылады.
      Егер конкурстың құжаттаманың көшiрмесi ақылы негiзде берiлетiн болса және бұл туралы нұсқау тиiстi хабарландыруда айтылса, тапсырыс берушi оны мүдделi тұлғаларға өтiнiш берген күнi олар көрсетiлген төлемдi енгiзгенiн растайтын құжатты көрсеткен жағдайда бередi.
      Конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн бергенi үшiн төлем мөлшерiн анықтау кезiнде тапсырыс берушiнiң конкурстық құжаттама көшiрмесiнiң данасын дайындауға байланысты тiкелей шығыстарынан асыруға жол берiлмейдi. Тапсырыс берушi конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн берген тұлғалар туралы мәлiметтердi конкурстық өтiнiмдердi тiркеу журналына енгiзуi тиiс.
      28. Әлеуеттi жеткiзушiге конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сұраумен тапсырыс берушiге өтiнiш беруiне рұқсат берiледi, бiрақ ол конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiнгi он күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмеуi тиiс. Тапсырыс берушi сұрауды тiркеу сәтiнен бастап үш күндiк мерзiмде оған жауап бередi және сұрау кiмнен түскенiн көрсетпестен, түсiндiрудi тапсырыс берушi конкурстық құжаттаманы берген барлық әлеуеттi жеткiзушiлерге жiбередi, сондай-ақ Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзiлiмiнде түсiндiрудi орналастырады.
      29. Тапсырыс берушiге конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiнгi күнтiзбелiк бес күннен кешiктiрмей өзiнiң бастамашылығы бойынша не қандай да болсын әлеуеттi жеткiзушi тарапынан түсiндiру туралы сұрауға жауап ретiнде конкурстық құжаттамаға тиiстi өзгерiстер және/немесе толықтыруларды енгiзуге рұқсат берiледi. Өзгерiстер енгiзiлген кезде конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушi қайтадан бекiтуi және Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзiлiмiнде орналастыруы тиiс.
      Енгiзiлген өзгерiстердi және/немесе толықтыруларды тапсырыс берушi конкурстық құжаттаманы берген барлық әлеуеттi жеткiзушiлерге, оның iшiнде Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзiлiмiнен конкурстық құжаттаманы алған әлеуеттi жеткiзушiлерге өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзiлген күннен бастап бiр күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей хабарлайды. Бұл ретте, ашық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмiн тапсырыс берушi осы өзгерiстердi әлеуеттi жеткiзушiлердiң ашық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдерiнде есепке алуы үшiн он жұмыс күнiнен кем емес мерзiмге ұзартады.

Ашық конкурсты ақпараттық қамтамасыз ету

      30. Ашық конкурсты өткiзу кезiнде тапсырыс берушi ашық конкурсты өткiзу туралы хабарландыруды Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзiлiмiнде және аптасына кем дегенде үш рет жарияланатын және конкурстық өтiнiмдердi берудiң түпкiлiктi мерзiмi бiткенге дейiн кем дегенде отыз күнтiзбелiк күн қалғанда Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде таралатын мерзiмдi баспа басылымдарда орналастырады.


      Ашық конкурсты қайта өткiзу жағдайында тапсырыс берушi тиiстi хабарландыруды осы тармақта көрсетiлген хабардар ету тәсiлдерiн қолданумен, конкурстық өтiнiмдердi берудiң түпкiлiктi мерзiмi бiткенге дейiн кем дегенде он бес күнтiзбелiк күн қалғанда жариялауды қамтамасыз етедi.
      31. Ашық конкурсты өткiзу туралы хабарландыруда мынадай мәлiметтер көрсетiледi:
      1) ашық конкурстың мәнi (ашық конкурс мәнiне бiрнеше лоттар кiрген жағдайда лоттардың атауы);
      2) тапсырыс берушiнiң атауы және орналасқан жерi;
      3) әр лот бойынша сатып алынатын тауардың, орындалатын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi, сапасы, номенклатурасы;
      4) әр лот бойынша тауарларды жеткiзудiң, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi;
      5) конкурстық құжаттаманы алу орны мен тәсiлдерi;
      6) конкурстық өтiнiмдердi берудiң орны мен соңғы мерзiмiн, сондай-ақ конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу орны, күнi және уақытын;
      7) тапсырыс берушi белгiлейтiн өзге де қажеттi ақпаратты;
      8) ашық конкурсты дайындау және өткiзуге жауапты лауазымды тұлғаның тегi, аты, байланыс телефонының нөмiрi.
      32. Тапсырыс берушiге осы Ереженiң 30-тармағында көрсетiлген ақпараттандыру тәсiлдерiн қолдана отырып, ашық конкурс өткiзуден бас тарту туралы хабарлама арқылы конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу жөнiнде ашық конкурс өткiзуден бас тартуға рұқсат етiледi.
      Тапсырыс берушi тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу жөнiнде ашық конкурс өткiзуден бас тартқан жағдайда ашық конкурс өткiзуден бас тарту туралы шешiмдердi қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей конкурстық өтiнiмдерiмен түскен конверттердi оларды ашпастан қайтарады және әлеуеттi жеткiзушiнiң тиiстi сұрауларын алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей ашық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету ретiнде Тапсырыс берушiнiң шотына енгiзiлген кепiлдiк ақша жарналарын қайтарады.
      33. Тапсырыс берушi ашық конкурс қорытындыларын жүргiзген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде осы Ереженiң 30-тармағында көрсетiлген ақпараттандыру тәсiлдерiн қолдана отырып, қатысқан барлық әлеуеттi жеткiзушiлерге ашық конкурс қорытындылары туралы хабарлайды. Ашық конкурс қорытындыларында оның аты, лоттың атауы мен жеңiмпаздың атауы, мекенжайы мен ашық конкурс жеңiмпазының конкурстық өтiнiмiнiң бағасы көрсетiледi. Егер ашық конкурс өтпесе, ашық конкурс қорытындыларында ашық конкурсты өткiзiлмедi деп тану себебi көрсетiледi.

следующая страница>


Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу ережесiн бекiту туралы

Мұнай туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңының 5-бабына, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтарда

526.89kb.

09 09 2014
4 стр.


Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 29 маусым n 239

Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттау-импорттау кезiнде өзара жанама салықтар алу принциптерi ту

35.54kb.

25 12 2014
1 стр.


Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 55 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы е

59.7kb.

25 12 2014
1 стр.


Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Ескерту. Актiнiң нысаны мен тақырыбы мына редакцияда берiлдi: "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, кiрiспе алып тасталды, бүкiл мәтiн бо

949.29kb.

04 09 2014
6 стр.


«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті

Бұл бөлімде төсіндірмелері көрсетілмеген аңықтамалар мен терминдердің мағыналары Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Заңындағы (әрі қарай Заң)

122.97kb.

15 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1456 Қаулысы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 9 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы

263.51kb.

23 09 2014
1 стр.


Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 1996 жылғы 27 қаңтардағы №2828 Қазақстан Республикасының Заңы

Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жер қойнауын пайдаланудың белгілі бір салаларында қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам

890.27kb.

25 12 2014
3 стр.


Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу жөнiндегi мемлекеттiк қызмет стандарты

Ызмет стандарты кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеуге қойылатын талаптарды бе

159.05kb.

23 09 2014
1 стр.