Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 3страница 4страница 5страница 6

                  операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды,
                  жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi
                  сатып алу

      1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу, оның iшiнде қосалқы мердiгерлердiң сатып алуы мынадай тәсiлдердiң бiрiмен:

      1) конкурс (ашық, жабық);

      2) бiр көзден сатып алу;

      3) баға ұсыныстарын сұрату;

      4) электрондық сатып алу жүйесi арқылы;

      5) ашық тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.

      2. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      3. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi ашық конкурс тәсiлiмен сатып алу кезiнде конкурс өткiзу туралы хабарландыру аптасына кемiнде үш рет жарияланатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында, сондай-ақ сауда және индустриялық саясатты мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi органның веб-сайтында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жариялануға тиiс.

      4. Жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкiлеттiк берген тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында конкурс өткiзуге мiндеттi.

      5. Осы баптың талаптары кең таралған пайдалы қазбалар жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға, сондай-ақ акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу проценттен астамы ұлттық басқарушы холдингке тiкелей немесе жанама тиесiлi жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.
      Ескерту. 63-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.01.12 N 226 , өзгерту енгiзiлдi - 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      63-2-бап. Қазақстандық өндiрушiлердi қолдау

      1. Мердiгер, сондай-ақ оның қосалқы мердiгерлерi Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзген кезде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi, осы Заңның талаптарына сәйкес, қазақстандық өндiрушiлерден сатып алуға мiндеттi.

      2. Сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң қазақстандық өндiрушiлерi болған кезде конкурс өткiзуге бiрыңғай шетелдiк ұйымдарды тартуға жол берiлмейдi.

      3. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстың жеңiмпазын анықтаған кезде тауарлары, жұмыстары және көрсететiн қызметтерi конкурстың талаптарына және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес келген жағдайда, конкурсқа қатысушылардың - қазақстандық өндiрушiлердiң конкурстық өтiнiмiнiң бағасын шартты түрде жиырма процентке азайтады.
      Ескерту. 63-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 (күшiне ену тәртiбiн 2 баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2006.12.29. N 209 , 2007.01.12. N 226 Заңдарымен.

      63-3-бап. Жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтiн


               өндiрiстердi, магистральды және өзге де
               құбырларды дамыту мен пайдалану,
               инфрақұрылымдық және өзге объектiлердi тұрғызу
               мен бiрлесiп пайдалану жөнiндегi
               мiндеттемелердi iске асыру

      Жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтiн өндiрiстердi магистральды және өзге де құбырларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану жөнiндегi мiндеттемелердi жер қойнауын пайдаланушының iске асыруы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттың және ұсынылған объектiлердi инвестициялауға арналған қосымша шарттың ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдаланушының аталған мiндеттемелердi орындауға байланысты шығындары өндiрiлген мұнайдан алынған өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушыға өтелмейдi.


      Ескерту. 63-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 (күшiне ену тәртiбiн 2 баптан қараңыз) Заңымен.

       64-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды


               жүргiзудiң шарттары

      1. Пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру және пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес мақсаттарда жер қойнауын пайдалану бекiтiлген техникалық жобаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Барлауды жүзеге асыратын мердiгердiң кен орнының қорларын сынамалы пайдалануды жүргiзуге, егер бұл келiсiм-шартта және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген жылдық жұмыс бағдарламасында көзделген жағдайда ғана құқығы бар.

      3. Барлау, өндiру не бiрлескен барлау мен өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзетiн жер қойнауын пайдаланушы жылдық жұмыс бағдарламасын жыл сайын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен, егер келiсiм-шартта мұндай келiсу үшiн өзгеше мерзiм белгiленбесе, бiрiншi жылы - келiсiм-шарт жасалған айдан кейiнгi айдың 30-нан кешiктiрмей, ал одан кейiнгi жылдары жоспар жасалып отырған жылдың алдындағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрмей келiсуге мiндеттi.


      Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган мердiгердiң техникалық жобаның шешiмдерiн және кен орындарын игерудiң оң тәжiрибесiн қолдану жөнiндегi мiндеттемелердi сақтамауынан басқа ешқандай өзге негiздер бойынша жылдық жұмыс бағдарламасымен келiспеуге құқылы емес. Жылдық жұмыс бағдарламасын қарау және келiсу мерзiмi жетi күннен аспауға тиiс.

      4. Жер қойнауын пайдаланушы жылдық бағдарламаны жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша қайта қарауы мүмкiн.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу туралы есептердi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн шарттарда және тәртiппен табыс етуге мiндеттi.

      6. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган жылдық жұмыс бағдарламаларының келiсу хаттамаларының көшiрмелерiн олардың келiсiлген күнiнен бастап бiр айдан кешiктiрмей құзыреттi органға табыс етедi.


      Ескерту. 64-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 -I, бап жаңа редакцияда - 2004.12.01. N 2 (күшiне ену тәртiбiн 2 баптан қараңыз), 2005.10.14. N 79 Заңдарымен.

       64-1-бап. Коммерциялық табу

      1. Барлауға арналған келiсiм-шарттың негiзiнде жұмыс жүргiзген және коммерциялық табуды жасаған жер қойнауын пайдаланушының тiкелей келiссөздер жүргiзу негiзiнде өндiруге құқық алуға айрықша құқығы бар.

      2. Жер қойнауын пайдаланушы барлау нәтижесiнде кен орнын (кен орындарын) тапқан жағдайда бұл туралы құзыреттi органды хабардар етуге, кен орнына бағалау жүргiзуге және ол коммерциялық табу болып табыла ма, соған қорытынды жасауға мiндеттi. Табу туралы хабардар ету мерзiмдерi, бағалау, коммерциялық табудың бар екендiгi туралы шешiм қабылдауды талқылау рәсiмi келiсiм-шартпен айқындалады.

      3. Коммерциялық табу кезiнде жер қойнауын пайдаланушыға келiсiм-шарттың талаптарына сәйкес шығындарды толық немесе iшiнара өтеу құқығы берiледi. Бұл ретте негiзсiз ұлғайтылған сипаттағы немесе кен орындарын ашудың оң тәжiрибесiмен сай келмейтiн немесе жер қойнауын пайдаланушының жұмыстарды жүргiзу қауiпсiздiгi, жер қойнауын және қоршаған ортаны пайдалану және қорғау саласында мемлекет белгiлеген ережелер мен нормаларды бұзуымен байланысты не олардың Қазақстан Республикасының заңдарында немесе келiсiм-шартта жүктелген өзге де мiндеттердi бұзуымен байланысты шеккен шығындарын өтеуге жол берiлмейдi.

      4. Егер барлау нәтижесiнде коммерциялық табу болмаса, жер қойнауын пайдаланушының салынған қаржыларының өтеуiн алуға құқығы жоқ.


      Ескерту. 64-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 (күшiне ену тәртiбiн 2 баптан қараңыз) Заңымен.

      65-бап. Кен орнын бiрлесiп игеру

      1. Кен орнын бiрлесiп игеру, бiр кен орнының әр бөлiктерiндегi жер қойнауын пайдаланушылардың өндiру операцияларын үйлестiру болып табылады.

      2. Жер қойнауын пайдаланушылар кен орнын бiрлесiп игеру жөнiнде өзара жазбаша келiсiм жасауларына болады. Бұл келiсiм құзыреттi органмен келiсiлуге тиiс.

      66-бап. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын
             пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзудi
             тоқтату немесе тоқтата тұру кезiндегi мiндеттерi

      1. Жер қойнауын пайдалану операцияларын тоқтату немесе уақытша тоқтата тұру кезiнде жер қойнауын пайдаланушының барлық өндiрiстiк объектiлерi және жер учаскелерi тұрғындардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн жағдайға келтiрiлуi қажет. Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзудi уақытша тоқтатқан кезде, тоқтатылған мерзiмнiң барлық уақытында кен орнының сақталуын қамтамасыз ету үшiн, кен орны консервациялануға тиiс. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдаланушылар қызметiнiң салдарлары жойылуға тиiс.

      2. Барлауды және (немесе) өндiрудi тоқтатқанда немесе барлауды және (немесе) өндiрудi тоқтата тұрғанда, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуда және (немесе) пайдалануда, жұмыс аяқталған кездегi геологиялық және өзге құжаттар, осы Заңның 69-бабында белгiленген тәртiппен сақталуға өткiзiледi.
      3. алып тасталды
      Ескерту. 66-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 -I, 2004.12.01. N 2 (күшiне ену тәртiбiн 2 баптан қараңыз) Заңдарымен.

      67-бап. Қазақстан Республикасының пайдалы


              қазбаларды сатып алу құқығы

      Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларын әлемдiк нарық бағасынан аспайтын бағамен бiрiншi кезекте сатып алуға құқығы бар. Сатылып алынатын пайдалы қазбалардың шектi мөлшерi, олардың бағасы мен төлем түрлерiн анықтау тәртiбi контрактыда ескерiледi.


      Ескерту. 67-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 (күшiне ену тәртiбiн 2 баптан қараңыз) Заңымен.

      68-бап. Пайдалы қазбаларды реквизициялау

      1. Соғыс, табиғи апат кезiнде немесе төтенше жағдайлар туралы заңдарда көзделген өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi жер қойнауын пайдаланушыға тән пайдалы қазбалардың барлығын немесе бiр бөлiгiн реквизициялауға құқығы бар. Реквизициялау Республика мұқтаждығына қажет мөлшерде төтенше жағдайдың барлық мерзiмiнде жүргiзiлуi мүмкiн. Пайдалы қазбаларды реквизициялау жер қойнауын пайдаланушылардың меншiк түрiне және мемлекеттiк тиесiлiгiне қарамастан, олардың әрқайсысында жүргiзiледi.

      2. Қазақстан Республикасы, реквизицияланған пайдалы қазбалардың өтемақысын заттай немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушыға - еркiн айналымдағы валютамен, ал ұлттық жер қойнауын пайдаланушыға - ұлттық валютамен, реквизициялау күнiндегi әлемдiк нарық бағасымен төлейдi.

      69-бап. Жер қойнауы туралы ақпаратқа иелiк құқығы

      1. Жер қойнауының геологиялық құрылымы, ондағы пайдалы қазбалар, кен орындарының геологиялық параметрлерi, қор мөлшерi, игеру жағдайлары, сондай-ақ геологиялық есептердегi , карталардағы және басқа материалдардағы жер қойнауының кез келген ерекшелiктерi туралы ақпараттар, егер олар Республикалық бюджеттiң қаржыландыруы арқылы алынса - ол мемлекеттiк меншiкте, егер бұл мәлiметтер жер қойнауын пайдаланушының жеке қаржысына алынса - жер қойнауын пайдаланушының меншiгiнде болып табылады.

      1-1. Осы Заңның 18-бабының 3-тармағына сәйкес жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу жөнiндегi операцияларды жүргiзу барысында алынған ақпарат, қаржыландыру көздерiне қарамастан, мемлекеттiң меншiгi болып табылады және жұмыстарды жүргiзу аяқталған соң орындаушы оны жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға беруге тиiс.

      2. Қаржыландыру көздерiне қарамай жер қойнауы жайындағы геологиялық және өзге ақпараттар мiндеттi түрде белгiленген стандартқа сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға сақтауға, жүйелеуге және жинақтап қорытындылауға өтеусiз тапсырылады.

      3. Мемлекет меншiгiндегi жер қойнауы жайындағы геологиялық ақпараттарды оқулық, ғылыми, коммерциялық және басқа мақсаттарға пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi .

      3-1. Мемлекеттiк меншiктегi геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бiр бөлiгi ретiнде айқындалады.


      Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.

      4. Жер қойнауын пайдаланушының қаржысына алынған, осы баптың 2-тармағына сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға табыс етiлген геологиялық ақпараттарды оқулық, ғылыми, коммерциялық және өзге мақсаттарда пайдалану тәртiбi мәлiмет иесi мен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган арасындағы келiсiмiнен анықталады.


      Осы келiсiммен барлық геологиялық ақпараттардың немесе оның бөлiгiнiң құпиялық мерзiмi, сондай-ақ контрактының қолданылу кезiнде геологиялық ақпараттарды жер қойнауын пайдаланушының меншiгiнен Қазақстан Республикасының меншiгiне беру шарттары және мүмкiндiктерi анықталады.

      5. Контрактының күшi тоқтатылған кезде, барлық геологиялық ақпараттар мемлекет меншiгiне көшедi. Жер қойнауын пайдаланушы, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттардың өзге де материалдық сақтаушыларын өтеусiз тапсыруға мiндеттi.


      Ескерту. 69-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 -I, 2004.12.01. N 2 (күшiне ену тәртiбiн 2 баптан қараңыз), 2005.10.14. N 79 Заңдарымен.

      70-бап. Жер қойнауын пайдаланушының контракт


              шарттарын сақтауын бақылау

      Құзыреттi орган жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт талаптарын сақтауын, соның iшiнде жұмыс бағдарламасын орындауын бақылауды жүзеге асырады. Жер қойнауын пайдаланушы келiсiм-шарттың талаптарын бұзған жағдайда құзыреттi орган мұндай бұзушылықты жою қажеттiгiн жазбаша хабарламамен көрсете алады. <*>


      Ескерту талаптары белгiленген мерзiмде орындалмаған жағдайда, құзыреттi орган осы Заңның 45-2-бабына сәйкес контрактыны бұзуға құқылы.
      Ескерту. 70-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 -I, 2004.12.01. N 2 (күшiне ену тәртiбiн 2 баптан қараңыз) Заңдарымен.

       70-1-бап. Жер қойнауын пайдаланушының қызметiн


                 мемлекеттiк органдар тарапынан бақылау

      Жер қойнауын пайдаланушының қызметiн бақылауды, қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы құзыреттi орган мен уәкiлеттi органдардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.


      Ескерту. 70-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.10.14. N 79 Заңдарымен.

      70-2-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы


                 мемлекеттiк бақылау

      1. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.


      2. Тексеру "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 70-2-бап жаңа редакцияда - 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      71-бап. Жер қойнауын пайдаланушы құқықтарының


              кепiлдiктерi

      Жер қойнауын пайдаланушыға заңдарға сәйкес оның құқықтарын қорғау кепiлдiгi берiледi. Жер қойнауын пайдаланушының жағдайын нашарлататын заңдарға енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар осы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн жасалған келiсiм-шарттарға қолданылмайды.


      Осы баппен белгiленген кепiлдiктер қорғаныс қабiлетiн, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауiпсiздiк және денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының өзгерiсiне қолданылмайды.
      Ел экономикасының ресурстық-энергетикалық негiздерiн сақтау және нығайту үшiн жер қойнауын пайдалануға жаңадан жасалатын, сондай-ақ бұрын жасалған келiсiм-шарттарда, жерасты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар жөнiндегi келiсiм-шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекет атынан немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша ұлттық басқарушы холдингтiң немесе жер қойнауын пайдалану жөнiндегi ұлттық компанияның келiсiм-шарттың басқа тарабының немесе жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлға қатысушыларының және басқа тұлғалардың алдында жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы, сондай-ақ, егер осы заңды тұлғаның негiзгi қызметi Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) оларға әсер етуге мүмкiндiгi бар заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен айырылған құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) қатысу үлесiн (акциялар пакетiн) басқа сатып алушылар ұсынғаннан төмен емес шарттармен сатып алуға басым құқығы бар.
      Ескерту. 71-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.08.11 N 467 -I, 2004.12.01 N 2 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2005.10.14 N 79 , 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       71-1-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және


                  жер қойнауын пайдалану туралы заңдарын
                  бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына   сәйкес жауапты болады.


      Ескерту. 71-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 (күшiне ену тәртiбiн 2 баптан қараңыз) Заңымен.

      71-2-бап. Дауларды шешу

      1. Келiсiм-шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар келiссөздер жүргiзу арқылы не келiсiм-шартта бұрын келiсiлген дауларды шешу рәсiмдерiне сәйкес шешiледi.

      2. Егер келiсiм-шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiлмейтiн болса, онда тараптар дауларды шешу үшiн:

      1) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес сотқа;

      2) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заң актiсiне сәйкес халықаралық төрелiкке бере алады.


      Ескерту. 71-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 (күшiне ену тәртiбiн 2 баптан қараңыз) Заңымен.

10-тарау. Өтпелi және Қорытынды ережелер

      72-бап. Техногендiк минералдық түзiлiмдерге меншiк

      1992 жылдың 30-мамырына дейiн жиналған, немесе осы Заң күшiне енгенге дейiн мемлекеттiк минералдық ресурстар қорына кiргiзiлген техногендiк минералдық түзiлiмдер мемлекеттiк меншiк болып табылады.

      73-бап. Осы Заңды қолдану тәртiбi

      1. Осы Заң ол күшiне енгеннен кейiн жасалған жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қатынастарға және басқа құқықтық қатынастарға қолданылады. Ол күшiне енгенге дейiн жасалған жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қатынастарға және басқа құқықтық қатынастарға, осы Заң ол күшiне енгеннен кейiн пайда болған құқықтар мен мiндеттерге қолданылады.

      2. Осы Заң күшiне енгенге дейiн берiлген лицензиялар мен жасалған контрактылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының олармен байланысты барлық актiлерi өз күшiн сақтайды.

      3. Осы Заң күшiне енгенге дейiн контракт аумағын алған жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалану құқығы келiссөздер негiзiнде берiледi.
      Ескерту. 73-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 (күшiне ену тәртiбiн 2 баптан қараңыз) Заңымен.

      74-бап. Осы Заңның күшiне енуiне байланысты


              заңдардың қолданылуы

      Осы Заң күшiне енгенге дейiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер осы Заңға қайшы келмейтiн бөлiктерiнде қолданылады.

      74-1-бап. Лицензиялық органның функциялары

      Жер қойнауын пайдалануға арналған бұрын берiлген және қолданыстағы лицензияларға қатысты лицензиялық органның (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң) функциялары құзыреттi органға жүктеледi.


      Ескерту. 74-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 (күшiне ену тәртiбiн 2 баптан қараңыз) Заңымен.

      75-бап. <*>

      Ескерту. 75-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 (күшiне ену тәртiбiн 2 баптан қараңыз) Заңымен.

      76-бап. Осы Заңның жүзеге асыру жөнiндегi шаралар

      1. Осы Заң күшiне енген күннен бастап мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы" 1992 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Кодексi (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң жаршысы, 1992 ж., N 9, 248-құжат; 1995 ж., N 24);
      "Жер қойнауын және минералдық шикiзатты ұқсату туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiн күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1992 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң жаршысы, 1992 ж., N 9, 248-құжат);
      "Геологиялық зерделеу мен пайдалы қазбалар өндiру үшiн жер қойнауын пайдалануды ретке келтiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 5 сәуiрдегi N 1637 Заң күшi бар Жарлығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 16, 152-құжат).

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында:

      1) 1996 жылғы 1 шiлдеге дейiн:
      Қазақстан Республикасының заңдарын "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келтiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлесiн;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келтiрсiн;
      мемлекеттiк органдардың "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына қайшы келетiн өздерiнiң нормативтiк актiлерiн қайта қарауын және күшiн жоюын қамтамасыз етсiн;

      2) 1996 жылғы 1 шiлдеге дейiн:


      Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу контрактысын жасау тәртiбi туралы ереженi;
      Жер қойнауын пайдалануды лицензиялау тәртiбi туралы ереженi;
      Жер қойнауының мемлекеттiк кадастры туралы ереженi;
      геологиялық ақпарат туралы ереженi;
      Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар жүргiзудiң модельдiк контрактысын әзiрлесiн және бекiтсiн.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi

<предыдущая страница


Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Ескерту. Актiнiң нысаны мен тақырыбы мына редакцияда берiлдi: "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, кiрiспе алып тасталды, бүкiл мәтiн бо

949.29kb.

04 09 2014
6 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1456 Қаулысы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 9 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы

263.51kb.

23 09 2014
1 стр.


Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 1996 жылғы 27 қаңтардағы №2828 Қазақстан Республикасының Заңы

Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жер қойнауын пайдаланудың белгілі бір салаларында қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам

890.27kb.

25 12 2014
3 стр.


«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті

Бұл бөлімде төсіндірмелері көрсетілмеген аңықтамалар мен терминдердің мағыналары Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Заңындағы (әрі қарай Заң)

122.97kb.

15 10 2014
1 стр.


Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу ережесiн бекiту туралы

Мұнай туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңының 5-бабына, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтарда

526.89kb.

09 09 2014
4 стр.


Қазақстан Республикасының кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету қағидасы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасыныңаумағында кәсіби авариялы

635.49kb.

25 12 2014
2 стр.


Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 55 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы е

59.7kb.

25 12 2014
1 стр.


Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен темір жол эстакадаларының

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 56 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаул

56.1kb.

04 09 2014
1 стр.