Есбергенова Сұлушаш Есходжаевна
Астана қаласы
№34 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары
Мақсаты:
Білімділік: Өткен тақырыппен байланыстыра отырып,су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Дүниетанымын,пәнге деген қызығушылығын арттыру,оқушыларды өз бетімен ізденуге,ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру,есте сақтау қасиеттерін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой бөлісу.
Стратегиялар: Топтастыру; ББҮ; кубизм ; Венн диаграммасы.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, карта, сызбалар, тақырыпқа
байланысты суреттер, электронды оқулық, т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. ( Электронды оқулық бойынша өткізіледі.)
-Балалар, біз қай қалада тұрамыз?
-Астана қаласында.
-Астана қаласы өткен жылы неше жылдығын тойлады?
-10 жыл.
-Қаламыздағы қандай сәулелі ғимараттарды білесіңдер?
-Бәйтерек, Ақорда, Парламент, «Думан» ойын-сауық кешені, «Бейбітшілік және келісім» сарайы, «Атамекен»..... т.б.
Осы ғимараттардың атауларымен оқушыларды 4 топқа бөлу
-
«Бәйтерек» тобы.
-
«Бейбітшілік және келісім» сарайы тобы
-
«Атамекен» тобы.
-
«Ақорда» тобы.
Топ басшысын сайлау.
-Ал, енді балалар, осы ғимараттар туралы топта әңгіме жүргіземіз, соңынан топ басшы 1 немесе 2 сөйлемнен тұратын түйінді қорытынды айтады.
І кезең. Қызығушылығын ояту.
Сұрақ: Өсімдіктер мен жануарлар қайда тіршілік етеді?
ББҮ стратегиясы:
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
1.далада Су
2. шалғында
3.шөлде
4. орман-тоғайда
5. су қоймаларында
6. таулы жерлерде
|
Су қоймалары мен өсімдіктері, олар қайда тіршілік ететіні,
немен қоректенеді.
|
|
ІІ кезең. Мағынаны ашу
Оқулықпен жұмыс
Топтастыру.
Электронды оқулықты пайдалана отырып, мәтінді бөлімдерге бөлу.
а) Азат жолы бойынша 4 бөлімге бөлеміз;
І топ Су қоймасы өсімдіктері.
ІІ топ Су қоймасы жануарлары
ІІІ топ Инелік дернәсілі.
ІV топ Су қоймасы жануарлары.
ә) Жеке, жұпта, топта жұмыс жүргізу;
б) Жұмыстары тақтаға ілініп, әр топтан 1 оқушы шығып қорғайды.
в) Мұғалім соңында қорытынды жасайды.
Дәптермен жұмыс
-Су қоймалары өсімдіктері мен жануарларын жеке топтастырып жазу.
ІІІ кезең. Ой толғанысы
Кубизм стратегиясы:
-
Салыстыру.
-
Зерттеу.
-
Суреттеу.
-
Қолдану.
Тапсырма: 1. Орман өсімдіктері мен жануарлары.
2. Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары.
Қорытынды:
-Сабақта -------- топ жақсы жауап беріп отырды, сондықтан алдағы көктемгі демалыста ------ ғимаратты тамашалап қайтамыз.
- ББҮ стратегиясындағы «Үйрендім» бөлімін толтыру.
Бағалау:
-Әрбір топтың топ басшылары шығып, бағалайды.
Кейін мұғалім бағалайды.
Үйге тапсырма:1. «Су қоймалары өсімдіктері мен жануарлары» мәтінін
оқып,мазмұндау;
2. «Су қоймалары өсімдіктері мен жануарларын
қорғауда сен қандай үлес қосар едің? » сұрағына
дайындалып келу.
3. Өзің білетін су қоймалары өсімдіктері мен
жануарлардың басқа түрлерін жазып келу.