Бұқаралық ақпарат құралдарының арасында Партия қызметін ең үздік баяндау және жан-жақты ашып көрсету бойынша өтетін «Нұр Отан» ХДП ШҚОФ облыстық байқауы туралы
ЕРЕЖЕ
-
Жалпы ережелер
-
Бұқаралық ақпарат құралдарының арасында Партия қызметін ең үздік баяндау және жан-жақты ашып көрсету бойынша өтетін «Нұр Отан» ХДП ШҚОФ облыстық байқауы (бұдан былай – байқау журналистер қауымын «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының (бұдан әрі - партия) қызметін жариялауға тартып, халықты партия қызметі туралы ақпараттандыруды арттыру, журналистердің шығармашылық әлеуетін ашу мақсатында және бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі - БАҚ) партия қызметін ең үздік жариялағаны үшін оларды көтермелеу мақсатында өкізіледі.
-
Байқаудың міндеттері:
елдің түрлі аймақтарындағы журналистер назарын партия қызметін жариялауға аудару;
Қазақстан қоғамдастығын партияның бағдарламалық құжаттарының іске асырылуы жөнінде ақпараттандырылу деңгейін арттыру;
партия мен БАҚ өкілдері арасында серіктестік пен ынтымақтастықты дамыту.
-
Сыйлықтарды тағайындау және дипломдар мен бағалы сыйлықтарды тапсыру.
-
Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.
-
Байқау комиссиясының құрамына «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшелері, облыс депутаттары, «Нұр Отан» ХДП ШҚОФ басшылығы, «Жас Отан» ЖҚ және басқалар кіреді.
-
Байқау комиссиясы сыйлықтар ізденушілері мен дипломдар мен бағалы сыйлықтар алушыларды іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:
материалдардың объективтілігі;
көтерілген проблемалардың тереңдігі мен олардың шығармашылық талдануы;
материалдар туғызған қоғамдық резонанс;
жұмыстардың шығармашылық толымдығы.
-
Байқауды өткізуді үйлестіру.
Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру құрамын «Нұр Отан» ХДП ШҚОФ Төрағасының Бірінші орынбасары бекітетін байқаудың ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.
-
Ашықтық
Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылық танушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже БАҚ-та жарияланады.
-
Жеңімпаздар келесі байқауға 3 жылдан кейін ғана қатысуға құқылы.
-
Байқауға қатысу шарттары
-
Байқауға қатысушылар
Байқауға қатысуға республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық БАҚ журналистері шақырылады.
-
Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы
Байқауға партияның және оның филиалдарының, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциялары мен бастауыш партия ұйымдарының қызметі туралы, партияның өз бағдарламалық құжаттарын іске асыруы туралы, партиялық бастамалардың қоғамдық маңыздылығы мен партияның жастар саясаты жөніндегі материалдар қабылданады.
2012 жылы жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері түрлі жанрларда (очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, әлеуметтік тергеулер және басқалары) қабылданады.
12. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар
Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс.
Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (VHS кассеталарында, cd/dvd дискілерінде), дыбыстаспада ұсынылуы тиіс.
Электронды БАҚ журналистері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.
Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Материалдар байқауға электронды пошта арқылы қабылданбайды. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2012 жылғы 10 қыркүйек (қабылданатын күн).
Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналистің 3х4 мөлшеріндегі фотосуреті, ақпараттық материалдар тізімі.
-
Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны
Бір журналист ұсынатын материалдардың саны - бесеуден аспайды.
-
Жұмыстар байқаудың Ұйымдастыру комитетіне хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау тақырыбына сәйкес емес, талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.
3. Байқаудың өту кезеңдері
-
Алғашқы кезең
Республикалық және жергілікті БАҚ-та байқауды өткізу туралы және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру жарияланады.
-
Байқауды өткізудің негізгі кезеңі
Байқау материалдары байқаудың Ұйымдастыру комитетінің адресіне келіп түседі. Байқауға берілген өтініштерді қараудың регламентін Байқау комиссиясы белгілейді. Байқау комиссиясы өз жұмысының нәтижесі бойынша байқау лауреаттарын айқындайды.
-
Қорытындылау
Жеңімпаздарды жариялау байқаудың жалпы нәтижелерін қорытындылау аясында жүреді.
-
Жеңімпаздарды марапаттау
Сыйлықтар 6 номинация бойынша белгіленеді (мемлекеттік тілде - 3, орыс тілінде - 3).
-
Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы
-
Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттар назарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестік; жаңашылдық; талдаудың тереңдігі мен проблеманы ашудың барабарлығы; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы; авторлық тұжырымдаманың өзіндік ерекшеліктері; жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі; сыртқы безендірілуі.
5. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері
-
Ұйымдастыру комитеті келесілерді іске асыруға құқылы:
Байқау туралы осы ереженің талаптарына сәйкессіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді байқауға қатыстырудан бас тарту;
байқау комиссиясының мүшесі өз өкілеттіктерін пайдалана отырып, қандай да бір үміткерге қатысты қиянатшылық жасағаны айқындалған кезеңде байқау қорытындыларын жоққа шығару.
-
Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:
барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;
байқаудың нәтижелері туралы мәсліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.
6. Байқау комиссиясының құқықтары мен міндеттері
-
Байқау комиссиясы мыналарды іске асыруға құқылы:
байқауға түскен материалдарға баға беру;
жеңімпаздарға сыйлықтар тағайындай отырып, байқауды қорытындылау.
23. Байқау комиссиясының міндеттері:
барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
байқаудың нәтижелері туралы мәсліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.
Байқау комиссиясы мүшесінің байқауға қатысуына жол берілмейді.
7. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
24. Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:
байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттар алу;
Ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің тармақтарын түсіндіруді сұрау; байқауға қатысу үшін материал жолдау.
25. Байқауға қатысушылардың міндеттері:
байқаудың мән-жайымен алдын-ала танысу, байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеу;
осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;
осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.
26. Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:
материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;
осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтамағаны үшін.
8. Медиа-ресурстар
Байқауға ақпараттық қолдау жасауды партиялық медиа-ресурстар мен ақпараттық серіктер қамтамасыз етеді.
9. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты
Байқаудың ұйымдастыру комитеті: Өскемен қаласы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, Қ.Қайсенов көшесі 121, қоғамдық-саяси бөлім, 8/7232/26-55-98, 24-33-65.