Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қазақ халқының ақыны Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығына арналған сыныптан тыс іс-шаралар.

Тақырып: «Отанының патриоты.»

Мақсаты:


- Оқушыларды М.Шахановтың шығармаларымен таныстыру,

- Эстетикалық сезімділікке бейімділігін қалыптастыру,

- Әдеби рухани байлықтарын арттыру,

- Патриоттық жауапкершілікке тәрбиелеу.

Екі жүргізуші, төрт оқырмандар, қалалық кітапханашының баяндамасы, викторина

Керекті материалдар: Ақын портреті, шығармалары, әдеби көрме, музыка әуендері.

Сахна перделері ашылмас бұрын «Атамекен» өлеңін қосып қоямыз.

Мұхтар Шаханов туралы слайд қосылады.



Жүргізуші: Бірінші бет- «Өз Отанының патриоты»

Елдің бірлігін ойлап күңіренген, азаттықты аңсап айқасқа шақырған да – ақындар, хандарға ақыл берген де – ақындар.

Уақыт, заман өзгерді. Қазақ жыры Абай арқылы тереңдігімен, ойлылығымен, сыншылдығымен, сыршылдығымен «шымырап бойға жайылған» бойтұмар поэзияға айналып, әлеуметтік философиялық әдебиетті дүниеге тудырып кетті.

А. Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев секілді жанкешті, ұлтжанды ақындар тұтас бір дәуірдің қоғамдық ой-санасын қалыптастырды.

Бұл күнде азаматтығы мен поэзиясын күллі әлем мойындаған Мұхтар Шаханов - осындай басын бәйгеге тіккен ақындардың бірі.

Бірінші бастаушы :

«Сүйікті туған ел»

Сүйікті туған ел,

Шарықтап өсе бер.

Ардақты ата-ана

Азаттық күреске

Бекініп буған бел!

Гүлденіп, көркейіп,

Өсе бер, өсе бер!

Екінші: бастаушы

Сүйікті туған ел,

Көк майса көркем бел,

Көтере көңілді

Қойныңнан жұпардай

Аңқылдап ескен жел

Гүлденіп, көркейіп,

Өсе бер, өсе бер!

(Әбу Сәрсенбаев)

Бірінші бастаушы:

Әрбір адам үшін дүниедегі ең қасиетті де киелі ұғым – Отан. Біздің Отанымыз -Қазақстан деп мақтанышпен айтамыз.



Екінші бастаушы:

Шынында да солай. Константин Паустовкийдің мына сөзін оқып берейін. «Адам жүрексіз өмір сүре алмайтынындай, еш уақытта Отансыз өмір сүре алмайды». Осы айтқандай адамның барлық тіршілік – тынысы өз Отанымен тікелей байланысты әрі сабақтас.

Музыка қосылады. Мұхтар Шаханов өлеңі.

Жүргізуші: - Екінші бет «Естелік»

Оқушы : Анам - Ұмсын. Он үш құрсақ көтерген жан. Он үш жаннан тірі қалған мен. Әкем тоғыз жасымда дүние салады. Соғыстың соңғы жылдары. Дастарқан да, көңіл-күй де жүдеу. Бағыма қарай Ысқақ нағашымның ізгі тәрбиесін көрдім.

Теңдесі жоқ таза адам болатын. Жан баласынан мейірімі мен көмегін аямайтын. Нағашым мен шешемнің ықпалымен «күн сайын ең кемінде бір адамға жақсылық жасау» қағидасын ұстанып, өміріме қазық еттім. Ақындығымның өзі осы мінезден бастау алады- дейді ақын .



Жүргізуші: - Мұхтар Шахановтың «Мені неге Мұхтар қойған?» өлеңінен үзінді.

Автор сөзі:

Мықтылардың күйін шертіп өтер күн,

Заман- терек, адам соның бұтағы,

Мен туғанда, досым, сенің әкеңнің

Жазылыпты Абай жайлы кітабы.

Менің әкем соны оқып,

Ұзақ түндер отырыпты оңаша.

Бір биікпен табыстым деп тамаша,

Шаттаныпты балаша.

Айқара ашық аспанын,

Жинап барлық достары мен қастарын

Ниетімді құптар деп,

Бұл есімде ерекше бір құт бар деп,

Мына мендей перзентіне сол күні

Ат қойыпты Мұхтар деп.

Оқушы: қонақ сөзі:


  • Ха-ха-ха! Көкіректе арман көп

Біздің ауыл иттерінің аты да

Келеді ылғи «Бөрбасар», «Арлан» боп.

Бірақ әлі қасқыр алған бірі жоқ, -

Қасқыр түгіл қоян ұстар түрі жоқ,-



Автор:

Деп күліпті төрде отырған бір кісі.

Жұрт шаттығын су сепкендей басыпты

Әлгі адамның әжуалы күлкісі.

Әкем сонда бесігіме сүйеніп,

Көп тұрыпты көңілмене құлаған.



Әке сөзі:

Ұлым, сенен сұранам,

Тірлігіңде бой көрсетпе жырадан.

Ұлым, мені таба қылма мынаған.

Қыран болсаң кеңістік көп қайда да –

Деп сеніммен жымиыпты жай ғана.



Автор сөзі:

Мен ержеттім әлгіге қас қылғандай.

Қасқылғандай, қалжыңын тасқа ұрғандай.

Атқа міндім ...

Болса да көп арманы,

Әкем марқұм ол күнді көре алмады.

Көре алмады ол тағдырдың мергендігін,

Ұланының жырдан гүл тергендігін.

Мұхтар деген – киелі ат,

Марқұм әкем

Маған тегін қоймаған бұл есімді

Мені осынау сенімнен айырма,Отан!

Қастарыма күшімді пайымдатам.

Өзім қанша мықтыны мойындадым.

Енді өзімді соларға мойындатам!

Мұхтар Шаханов «Әке жыры» өлеңі орындалады.

Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күні ертең не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем қанат қағып,

Өзіңдей қамқор Адам қайда маған?!

Сүрінсем сынай қарап от жанарың,

Сен мені жақтамадың, ақтамадың.

Әрдайым осы қатал мінезіңнен

Күш алып мақсатыма аттанамын.

Жан әке, шертіп сезім домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның аспанына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар таудай сен тұрасың.

Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,

Кім мөлдір болса соның жолдасымын.

Қуан сен, қуана бер, әкетайым,

Мен сенің өміріңнің жалғасымын.

Жүргізуші:

Мухтар Шаханов родился в 1942 году в селе Каскасу Ленгерского района Чимкентской области. Окончил заочно Чимкентский педогогический институт им. Н.К. Крупской. Работал в колхозе, на Чимкентском цементном заводе, литературным сотрудником областных и республиканских газет, старшим и главным редактором литературно – драматического вещания Казахского радио, начальником отдела художественной и учебно - методической литературы. В настощее время – на творческой работе. Является депутатом в парламенте,политический деятель..



Үшінші журнал беті: «Эпопея нравственных тревог» .

Оқушы:. Мұхтар Шаханов – неординарная личность, глубоко мыслящий поэт.

Он заметил, что быть поэтом очень непросто. Быть честным поэтом , пропускающий через себя все, что делается в обществе, а потом выражающим в свои чувства и позицию в стихах,- вдвойне нелегко. Мало быть просто талантливым стихотворцем, нужно быть чистым внутренне. Талантливый человек должен быть в ладу с самим собой и честно служить людям. Истинный поэт не должен бояться критиковать пороки общества, обнажая их.



Жүргізуші: Отрывок из поэмы «Поиск сути» Диалог поэта и его молодости.

«Поэт»:

Чем больше препятствий встречу я по пути,

Тем злее буду с неправдою бой вести,

Тем тверже свой дух выносливый закалю.

Тем горячей на борьбу его устремлю!

Гей, Молодость моя мудрая!

Ты не ищи меня

Ни в русле сухом, где реки давно уже нет,

Ни у обрыва, где совы держат совет.

Ты не ищи меня

Ни на тропе. По которой зависть бредет.

Ни на холме, где коварство песню поет.

Ты не ищи меня

Ни в куцых мечтах, не зовущих душу в полет.

Ни бесполезном ручье, что в ущелье течет.

Ты найдешь меня,

Если в грядущем захочешь меня найти,

На тропах, с которых начнутся большие пути,

Ты найдешь меня

На плечах востока на запад идущих гор,

Чьих вершин никто не достиг еще до сих пор,

Ты найдешь меня.

В кузнице века , чей молот счастье кует,

В добрых делах, что движут весь мир вперед!



«Молодость»:

Да-да, ты прав!... Светлы грядущие дни,

И не могут тебя не коснуться они.

Кто видит достойную цель,

Тот находит и верный путь

И себе не позволит с пути свернуть.

Наступило время в жизни твоей

Взять на плечи бремя тысяч людей –

Их тревоги и скорби, надежды и слезы…

Почему красота увяла стройной березы?

Почему искривлен этот дуб у дороги?

Почему захромал этот конь быстроногий?

Почему молчать об этом должны

Те, чьи сердца в правоту и честь влюблены?

На много вопросов, поэт, придется держать ответ

Перед младенцем, что завтра родится на свет.

Но только лица своего не склоняй уныло,

И пусть глаза не будут от слез мутны –

Твои глаза для всей эпохи ценны !

Чем звонче песня твоя,

Тем выше слава моя!

Счастливый путь, мой поэт!



Поэт (собираясь уходить)

Когда же теперь увидимся?



Молодость:

Нашей встречи сегодняшней продолженье,

Наших чувств кипенье, мыслей движенье,

Словно поток, в грядущие годы стремясь,

Снова заставит встретиться нас.

Да сияет чело твое на путях побед,

И покуда огонь в груди твоей не угас,

Буду рядом с тобой еще много лет!

Счастливый путь, поэт!

Жүргізуші: Төртінші бет - «Азамат»

Өз дәуірі аспанында қырандай самғаған, халық жүрегінің төрінен орын алып, өз елінің рухани қорғаушысына, шындық қуатына айналған ел перзенттерінің бірі Мұхтар Шаханов.

Құсайын Рысалды (Абылай хан ат-ғы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері және халықаралық қатынастар университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, проф.):

Ол қоғам, адамзат үшін аса құнды Адами, рухани проблемаларды шығармашылығына өзек ете отырып, поэзияда өзінше сара жол салды.

Мұхтардың Адами мінезінде де туындыларының өн бойында да ақындық сезімталдық, нәзіктікпен қатар болаттай берік қайсарлық жатады.

Жүргізуші: Мұхтар Шаханов өлеңі «Отан»

Отан!


Қайсар ар – намысым,

Жайсаң іңкәр шапағым.

Перзентіне жүктеген қорғанысың,

Сен намыстың ну қалың орманысың.

Сол үшін де шыңнан заңғар атағың.

Тұлғасына табындырған,

Алыс жүрсем сабылтып, сағындырған,

Менің ұлы әкем сенсің, Отаным!

Әкем сенсің – Арман тұлға, Ай тұлға,

Перзенттерің саған деген сағынышын өзінің,



Махаббатын, ең аса си сезімін

Тиісті емес жасық сөзбен айтуға.

Қазақ халқының ақыны Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығына арналған сыныптан тыс іс-шаралар. Тақырып: «Отанының патриоты.»

Елдің бірлігін ойлап күңіренген, азаттықты аңсап айқасқа шақырған да – ақындар, хандарға ақыл берген де – ақындар

72.87kb.

16 12 2014
1 стр.


І сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері

Сыныптан тыс жұмыстарда окушыларға экологиялық тәрбие берудің мәні және оның құрылымы

898.49kb.

17 12 2014
6 стр.


Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Кредит 5 Тақырып 3: «Туляремия ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі және эпидемияға қарсы шаралар»

Тақырып 3: «Туляремия ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі және эпидемияға қарсы шаралар»

62.7kb.

09 10 2014
1 стр.


БҰйрық Ақтөбе қаласы №527-2 «27» қыркүйек 2010 жыл Мектептен тыс мекемелердегі эксперименттер мен инновациялар туралы

«Қазақ тілінде оқытылатын 1-4 класс оқушыларына арналған Композициялау бағдарламасы»

96.41kb.

11 10 2014
1 стр.


9 сыныптан кейінгі оқуға түсушілерге арналған қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары Сұрақ: Қай сөз антоним бола алмайды? Жауап
106.21kb.

25 12 2014
1 стр.


Студенттерге арналған пән бағдарламасы Нысан

«Нормативті қазақ тілі» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған

245.76kb.

25 12 2014
1 стр.


Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы

«Қазақ тілінің семантикасы» пәнінен 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандықтарының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша

73.96kb.

05 09 2014
1 стр.


Бекітемін аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Е. Жакенов

Р әнұранының мәтіні және тарихымен Қазақстан тарихында, қазақ әдебиеті және музыка сабақтарында, сыныптан тыс ісшараларда таныстыру

30.49kb.

25 12 2014
1 стр.