Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1

Мемлекеттік бюджеттік білім беретін Ю.А.Гагарин атындағы №8 қазақ орта мектеп

Ашық сабақ

«Электр тізбегі бөлшектерінің шартты белгілері.

Электр тізбегін құрастыру»

Пән мұғалімі Ұзақбаева Рысты

Байқоңыр қаласы

2012 жыл


Күні: 24.01.2012 жыл

Сыныбы: 5 «Г»

Өтілетін орны: 215 кабинет

Сабақтың тақырыбы: Электр тізбегі бөлшектерінің шартты белгілері. Электр тізбегін құрастыру.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушыларға электр тізбегі бөлшектерінің шартты белгілері туралы мағлұмат беру, электр тізбегін құрастыруды меңгерту;

дамытушылық: ток көзі құралдарымен жұмыс жасауды, құралдарды дұрыс пайдалану, шартты белгілерін оқи білуге үйрету,ой-өрісін дамыту; пәнге қызығушылығын арттыру;

тәрбиелік : жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, іс-әрекет барысында үнемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-көрнекілік,сұрақ-жауап, танымдық жаттығулар,технологиялық диктант, мультимедиалық әдіс т.б.

Көрнекіліктер:тірек сызбалар, нұсқау карталар,электр шамы, өткізгіш сымдар,ажыратқыш кілті, ток көзі,гальвани әлементі,оқшаулауыштар,слайдтар,бағалау парағы т.б.

Пәнаралық байланыс: физика, бейнелеу

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үйге берілген тапсырманы сұрау.

3.Ағымдағы нұсқау беру.Жаңа сабақты түсіндіру.

4.Кіріспе нұсқау беру.

5.Сарамандық жұмыс.

6.Қорытынды нұсқау беру.

7.Үйге тапсырма беру. Бағалау.



Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу, түгелдеу;

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару (психологиялық дайындық);

II.Үйге берілген тапсырманы сұрау.

1.Тұтынушыға жеткізу үшін электр энергиясын қайдан аламыз?

2.Электр тұтынушылар туралы не білесіңдер?

3.Ток көзі.

4.Өткізгіштер.

5.Оқшаулауыштар.



Үй тапсырмасын қорытындылау үшін технологиялық диктант алынады.

1.Металдар неше топқа бөлінеді?

2.Өткізгіштер ретінде қандай металдар қолданылады?

3.Тұтынушыларға нелер жатады?



Оқушылардың дұрыс жауабын тексеріп бағалау парағына жазу.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Тақырыбы. Электр тізбегі бөлшектерінің шартты белгілері. Электр тізбегін құрастыру.



Мақсаты: электр тізбегі бөлшектерінің шартты белгілері туралы мағлұмат алу.Электр тізбегін құрастыруды меңгерту.

Электр энергиясының көмегімен өзіміз тұратын үйді қыстыгүні жылытамыз ,ал жаздыгүні ыстықта оны салқындатамыз, үнемі жарық жағамыз, алысқа сәлем жолдаймыз,теледидардан түрлі кескіндерді көреміз, тіптен адамдарды да емдейміз,т.б аса маңызды істерді жүзеге асырамыз.

Кез-келген затта схемалар,шартты белгілер бар,тіптен күнде қолданып жүрген қалта телефондарыңды алып көріңдер ,микросхемалардан тұрады. Оларды түсіну үшін шартты белгілерін білуіміз керек.

Ток көзі мен электр тұтынушыны өткізгішпен қосу арқылы электр тізбегі алынады. Тізбек қосылған кезде тізбек бойымен ток жүреді, егер оны кез-келген жерден үзсе, тізбек арқылы ток жүрмейді. Ең қарапайым электр тізбегі 4 элементтен тұроды; ток көзі, ажыратқыш, өткізгіш және қабылдағыш.



Енді осылардың шартты белгілерімен танысайық.

Шартты белгілер

Өткізгіш сымдар

Электр шамы

Ажыратқыш ( кілт )

- + Гальваникалық



элемент (батареясы )

Электр тізбегінің сұлбасы

- +


Шартты белгілермен көрсетілген жүйелерді электр сұлбасы деп атайды.


IV. Кіріспе нұсқау беру.

Техникалық қауіпсіздік ережелерді сақтау.Оқушылардан сұрау.

1.Электр тізбегін жинағанда оны токтан ажыратуды ұмытпа.

2.Электр тізбегін тек мұғалімнің көмегімен қос.

3.Электр тізбегін құрастыруға арналған құрал-саймандарда ешқандай ақау болмауы тиіс.

V. Сарамандық жұмыс.
Электр тізбегін құрастыру


  • Мақсаты: қарапайым электр тізбегін құрастыруды үйрену.

  • Құрал-жабдықтар: ток көзі, электр шамы, кілт, өткізгіш сымдар,гальваникалық элемент,оқшаулау-ыштар.

  • Жұмыс барысы:

  1. Ток көзін, электр шамын және кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаңдар.

  2. Жиналған тізбектің шартты белгілерін оқыңдар.

  3. Қорытынды жасаңдар.

Шартты белгілер

Өткізгіш сымдар

Электр шамы

Ажыратқыш ( кілт )

- + Гальваникалық



элемент (батареясы )

Электр тізбегінің сұлбасы

-


Шартты белгілермен көрсетілген жүйелерді электр сұлбасы деп атайды.


VI. Қорытынды нұсқау беру.

1.Оқушылардың құрастырған тізбегін тексеру.



2.Жұмысты бұрын болған оқушыға электр қоңырауының тізбегін құрастырғызу.

-электр қоңырауы

Жаңа сабақты бекіту. «Тізбекті жалғастыр».

1)

2)

3)



+



«Егер мен конструктор болсам...» деген тақырыпқа эссе жазу (конструктор мамандығы туралы айту).

Бағалау парағы



Оқушының аты-жөні

Үй талсырмасы

Технологиялық диктант

Сарамандық жұмыс

Жаңа сабақ

Қорытынды





















































































































































Ескерту: 15-18 балл-«5»

10-14 балл-«4»

7-9 балл-«3»

VII.Үйге тапсырма беру. Бағалау.

1.Электр тізбегі арқылы қозғалатын ойыншықтың жұмыс істеу принципін зерттеп келу.



2. «Егер мен конструктор болсам...» тақырыбына эссе жазу.

Ашық сабақ «Электр тізбегі бөлшектерінің шартты белгілері. Электр тізбегін құрастыру»

Сабақтың тақырыбы: Электр тізбегі бөлшектерінің шартты белгілері. Электр тізбегін құрастыру

60.59kb.

16 12 2014
1 стр.


Тақырып: Электр тізбегі. Өткізгіштерді параллель және тізбектей жалғау. Мақсаты: Білімділік

Білімділік: Электр тізбегі және оның элементтерімен таныстыру, өткізгіштерді жалғау әдістерін көрсетіп, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру

37.95kb.

17 12 2014
1 стр.


Уроки географии Кирилла и Мефодия. 6 класс [Электр ресурс

География 6-10 классы [Электр ресурс]: учеб электр пос – 2003

16.69kb.

18 12 2014
1 стр.


Электр желілер қағидалары

Осы Электр желілік қағида (бұдан әрі – Қағида) 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы «Электр энергетикасы туралы» Заңының 4 бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді

1727.52kb.

05 09 2014
9 стр.


Уроки русского языка Кирилла и Мефодия. 5 класс [Электр ресурс]: учеб электр из

Фраза: Обучающая программа-тренажёр по русскому языку 4000 заданий. Новая версия для Windows: 500 дополнительных упражнений [Электр ресурс]. – 2004

64.86kb.

18 12 2014
1 стр.


Тақырып: Электр тогы. Ток көздері. Ток күші. Амперметр. Электр кернеуі. Вольтметр. Мақсаты: Білімділік

Білімділік: Алғашқы түсініктер мен ұғымдар қалыптастыру және бекіту: электр кернеуі, анықтамасы, өлшем бірлігі, есептеу формуласы, вольтметр

43.36kb.

16 12 2014
1 стр.


Дәрес №25 Электроскоп. Электр үткәрүче һәм электр үткәрмәүче җисемнәр. Электр кыры

Максатлар: электрлану күренеше, уңай һәм тискәре корылма, корылмалы җисемнәрнең тартылуы һәм этелүе турында белемнәрне ныгыту; электроскоп һәм электрометр белән танышу, аларның төз

140.96kb.

15 10 2014
1 стр.


Решением Общего Собрания оюл «Казахстанская Электроэнергетическая Ассоциация»

«Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы», «Құрметті энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы», «Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдаст

45.55kb.

25 12 2014
1 стр.