Перейти на главную страницу
12.00.08 – қылмыстық құқық және криминология;
қылмыстық-атқарушылық құқығы
Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертациясының
Авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2008
Жұмыс Д.А. Қонаев атындағы университетінің қылмыстық құқық, криминалистика және құқық қорғау қызметі кафедрасында орындалды
Ғылыми жетекшісі заң ғылымдарының докторы, профессор
Алауханов Есберген Оразұлы
Ресми оппоненттері заң ғылымдарының докторы, профессор
Жетекші ұйым Абай атындағы Қазақ ұлттық
Диссертация 2008 жылдың 14 қараша айында сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі Академиясы жанындағы докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі ОД 14.20.10 біріккен диссертациялық кеңесте қорғалады. Мекен-жайы: 050060, Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 29.
Автореферат 2008 жылдың «___» қазан айында таратылды
ғалым хатшысының міндетін атқарушы,
заң ғылымдарының докторы, профессор Рүстемова Г.Р.
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс жастар арасындағы құқық бұзуға бейім мінез құлықтарға байланысты жасалған қылмыстардың криминологиялық сипаттамасына жан-жақты талдау жасауға арналған. Зерттеу жұмысында құқық бұзуға бейім жас адамдардың қылмысты жасау себептері мен жағдайлары, олардың жеке бас ерекшеліктері және қылмыстардың алдын-алу мәселелерін одан ары жетілдіру жолдары қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасында ересек адамдар арасында да, жастар арасында да қоғамға қауіпті қылмыс жасау барған сайын көбейіп келеді. Бұндай мәліметтерді біз Қазақстан Республикасының 2000-2007 жылдардағы Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2006 жылға дейінгі статистикалық мәліметтерінен көруімізге болады. Мысалы, жыл сайын тіркелген (2000 және 2002 жылдардан басқа) қылмыстар саны бұл қаралып отырған кезең аяғында 61,2%-ға өскен.
Осы кезеңдерде Ішкі істер органдары жыл сайын орта есеппен 15 мыңға жуық қылмыстың бетін ашып отырған. Олардың жартысынан астамын жасағандар жастар (14-29 жастағылар). Мысалы, 2000 жылы Республикамызда 150 790 қылмыс жасалса, ондағы жас адамдардың үлес салмағы 52,9% болған, 2006 жылы 57%-ға жеткен. Әсіресе, студенттер арасындағы жағдай өте нашар. Қарастырылып отырған кезеңдегі студенттер қылмысы 12,5%-ға өскен.
Кәмелетке толмаған 16-17 жасар жастардың аса ауыр қылмыстарының өсу қарқыны 14-15 жастағыларға қарағанда едәуір жоғары. Ал Қазақстанда 2000–2007 жылдары аралығында қылмыс жасағандар ішінде 16-17 жастағылар саны 35,5%-ға кеміген, ал 14-15 жастағылар керісінше 34%-ға көбейген.
Бұл жас санаттары арасындағы қылмыстылық деңгейі де едәуір өзгеше. Мысалы, 14-15 жастағы 10 000 адамға шаққанда 2000 жылы 778, ал 2006 жылы 507 қылмыс жасалса, мұндай көрсеткіш 16-17 жастағылар арасында 2000 жылы 2318, 2006 жылы – 3103, ал студенттер арасында 2000 жылы 257, 2006 жылы – 392,5 болған.
Сондықтан да қылмыспен күресу үшін және оның алдын алу үшін, бүгінгі таңда жас адамдардың қылмысқа барудағы негізгі себептерін анықтай отырып, оған қатысты ұсыныстар жасалынуы аса қажет. Өйткені қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аумағында осы бағытта жұмыстардың жеткіліксіз тұстары кездесуде. Мысал ретінде тоқталатын болсақ, соңғы жылдары криминологиялық зерттеулерде жастардың қарама-қарсы екі санатын – студенттер мен ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері бойынша бөлімшелерінде есепте тұрған жастарды біріктіріп, зерделеу мақсаты алға қойылған жоқ. Жасөспірімдердің құқық бұзуға бейім мінез-құлқын оларға нашар әлеуметтік орта әсер еткендіктен, сол ықпалдан барып қалыптасқан бейморальдық, бірақ қылмыстық емес мінез-құлық (девианттық) деп қарастырады. Сонымен қатар, құқық бұзуға бейім мінез-құлық криминогендік деп те қарастырылады. Әрине, ондай мінез-құлықтан (делинквенттік) қылмыстың жасалу мүмкіндігі зор. Бірақ бұл жерде құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың пайда болуына әсер ететін ортақ әлеуметтік жағдайлар ғана емес, жастарға тікелей әсер ететін кейбір келеңсіз жағдайларды, олардың жеке басының психикалық ауытқуларын қамтып зерделеуді қажет еді. Себебі соңғы жылдары Қазақстан Республикасында да күрделі криминогендік жағдай қалыптасты, онда қылмыстық көріністердің ауқымы жағынан да, азаматтың, қоғамның және мемлекеттің тірлік-тіршілігіне тигізетін келеңсіз ықпалы жағынан да едәуір ерекшеліктер бар. Сонымен қатар жастардың құқық бұзуға бейім мінез-құлық мәселесі сан қилы әрі күрделі сипат алған жағдай ұдайы өзгеріп отырады, мұның бәрі ғылыми зерттеулерді керек етеді. Жұмыста, 14-29 жастар аралығындағы адамдардың мінез құлқына қатысты бөлек қарастырады. Бұл Қазақстан Республикасы «Президентінің жастар саясаты туралы» тұжырымдамасына сәйкес келеді. Сонымен қатар, адам физиологиясының даму процессі осы аралықты қамтиды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Диссертацияның теориялық негізіне әлеуметтік-құқықтық ой классиктерінің: Аристотельдің, Гегельдің, Гоббстың, Канттың, Макиавеллидiң, Фейербахтың және басқалардың еңбектері алынған. Жұмыс барысында диссертант, сонымен қатар, мына ғалым-криминалистердің еңбектеріне сүйенді. Олар: А.И. Алексеев, Ю.М. Антонян, Г.А. Аванесов, А.Э. Жалинский, Л.Д. Гаухман, А.И. Долгова, К.Е. Игошев, В.Н. Кудрявцев, Н.Ф. Кузнецова, С.Я. Лебедев, В.В. Лунеев, Г.М. Миньковский, А.Б. Сахаров, Д.А. Шестаков және басқалар.
Сонымен қатар, отандық ғалымдар: Н.М. Әбдіров, А.Н. Ағыбаев, Е.О. Алауханов, Т.К. Акимжанов, С.Б. Бимурзин, Ү.С. Жекебаев, Е.І. Қайыржанов, Н. Дулатбеков, М.С. Нәрікбаев, А.Х. Миңдағұлов, Ғ.С. Мауленов, С.С. Молдабаев, А.А. Смағұлов, Е.А. Онгарбаев, С.Е. Еркінов, А.Ш. Ещанов, Г.Р. Рустемова, Қ.Ш. Уканов, Л.Қ. Ерінбетова, Д. Бұғыбайқызының және Қазақстанның философ-педагогтары: Ғ. Есім, Ш.Е. Жаманбалаева, Б.А. Тойлыбаев, Қ.Г. Габдулина, Б. Әбдікерімұлы, Ә. Әбуов, А.Т. Құлсариева, Н.Ж. Байтенова, А. Масалимовалардың, Қазақстанның белгілі ақындары Н. Оразалин, Ғ. Жайлыбай, А. Әлімнің, заманымыздың белгілі педагог-ғалымдары: Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов және шетел ғалымдарының социология, психология, этика, педагогика, заңтану проблемалары және зерттеу тақырыбына қатысы бар өзге ғылыми пәндер бойынша еңбектері пайдаланылды.
Осы қойылған мақсатқа сәйкес зерттеу барысында мынадай міндеттерді шешілуі тиіс:
– құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың биологиялық негіздерін зерделеу;
– құқық бұзуға бейім мінез-құлыққа әсер ететін әлеуметтік жағдайларды талдау;
– құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың түрлері бойынша талдау және олардың ары қарай даму үрдістерін анықтау;
– құқық бұзушының бастапқы кезде қалыптаса бастаған мінез-құлқының алдын алудағы гуманитарлық және дұрыс бағыттарының ерекшеліктерін зерттеу және оларды негіздеу;
– құқық бұзушылық рецидивінің алдын алудың негізгі тәсілдерін анықтау;
– құқық бұзушылыққа тікелей және сақтандырып ықпал етуді жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен әдістемелік нұсқауларды даярлау және оларға дәлелдеме келтіру;
Екіншіден, криминологиялық ғылым қылмыс жасаған адамды өз ақыл-ойын, ойластырылған іс-әрекетін басшылыққа алатын саналы адам деп ғана қарастырады, ал іс жүзінде олай емес. Себебі «саналы» деген ақылға қонымды, ал «санасыз» дегенді қисынсыз, интуиция бойынша істелген әрекет деп санау керек. Осыдан барып, адам қылмысты кейде нақты ұғынып, еркімен жасаса да, ол әрекеті қисынсыз, ақылға қонбайтындай болып шығады.
Үшіншіден, криминологиядағы қарама-қайшы тұжырымдаманың үзілді-кесілділігі мен біржақтылығын жоюға талпыныс жасалды. Оның себебі, биологиялық және әлеуметтік (социологиялық) тұжырымдамалар адамның қалыптасып, дамуын әрқайсы өз тұрғысынан бөлекше қарауға тырысады. Әрине әртүрлі тұжырымдамалардың өзара қиылысатын, жанасатын тұстары да болады.
Сонымен қатар, экономикалық, саяси, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени-тәрбие және ұйымдық-басқару саласындағы, құқық бұзуға жағдай тудыратын жалпыәлеуметтік келеңсіз құбылыстар монографиялық деңгейде талданған, бөлініп алынған және топтастырылған. Ал жастардың тобын құрайтын өзінше бөлек әлеуметтік-демографиялық топқа қатысты жағдайлар ерекше деңгейде бөлініп алынған. Жастар ортасында жиі кездесетін бірқатар әлеуметтік-психикалық ауытқулар дараланып көрсетілген. Соңғы он жылдықтар ішінде алғашқы рет студенттер ортасына назар аударылған, себебі ол ортада рухани және өнегелік құндылықтың бағасыздануы нәтижесінде келеңсіз үрдіс бой көтере бастады. Соған байланысты криминогендік деңгейде тәрбиенің негізгі шетелдік және отандық тұжырымдамалары қарастырылды, нақты ұсыныстар даярланды. Ол жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қазіргі тұжырымдамасын жетілдіруде өз көмегін тигізуі тиіс. Сонымен қатар алғашқы да, қайталанған да қылмыстардың алдын алудың негізгі бағыттарын қарастыра отырып (криминологиялық бағыттар), ішкі істер органдарының КТІБ қызметкерлерінің сақтандыру жұмыстарын жетілдіру жөнінде тиісті ұсыныстар жасалды.
Диссертациялық зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы, бұл жұмыста келтірілген ережелер, қорытындылар, тұжырымдар және ұсыныстар заң шығару қызметтерінде, адамды рухани және өнегелік тәрбиелеу, қылмыстың алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ «Криминология» оқу курсын және кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлім қызметкерлерінің біліктілігін көтеруге арналған курстарды оқыту үрдісінде пайдаланылуы мүмкін.
Диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі теориялық қағидалары мен тұжырымдары келесі ғылыми конференцияларда ұсынылып, көпшіліктен тиісті оң бағасын алды: «Теоретические и практические вопросы предупреждения преступности: в деятельности правоохранительных органов и институтов гражданского общества: международный опыт и национальная практика Казахстана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы қ.: Қазақстан криминологиялық ассоциация, 2007 ж.); «Уголовно-исполнительная система: перспективы реформирования и проблемы подготовки кадров»: атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Костанай қ.: Қазақстан Республикасы ӘМ ҚАЖК Қостанай заң институты, 2006 ж.); «Повышение правосознания правовой грамотности граждан в условиях развития правового государства и демократизации общества»: атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы қ.: Д.А. Қонаев атындағы университет, 2007 ж.); «Актуальные проблемы борьбы с преступностью на современном этапе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы қ.: Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы, 2008 ж.).
Диссертациялық зерттеудің нәтижелері, қорытындылары және ұсыныстары Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының оқу үрдісіне ендірілді.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертация мазмұны таңдап алынған зерттеу жұмысының мақсаты мен міндетіне және оның көлеміне сәйкес келеді. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, алты бөлімшеден және қорытындыдан, сондай-ақ пайдаланылған әдебиеттер тізімдері мен қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың негізгі мазмұны
Кіріспеде диссертацияның өзектілігі, зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, зерттеудің нысаны, қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар, зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы, оның теориялық және тәжірибелік құндылығы, зерттеу жұмысының сыннан өтуі, диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы туралы деректер көрсетілген.
Бірінші бөлім «Құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың қалыптасуының себептік тетіктері» деп аталады. Ол екі бөлімшеден тұрады.
Адамның тәні туғаннан бастап қартайғанға дейін ұдайы өзгереді, сол сияқты мінез-құлық та ешуақытта қандай да бір тиянақты деңгейге жетіп тоқтамайды. Мінез-құлық пен тән дамуы өзара тығыз байланысты және олардың кейбір кезеңдері біріне-бірі едәуір сәйкес келеді. Сондықтан, адамның мінез-құлқына табиғат пен орта бірлесіп ықпал етеді – адамның қандай да бір әрекетке бейімділігі қанында бар болса, ол ортаның әсерінен не артады, не кемиді деген ұғым орынды, – деп есептейміз. Яғни, адам дамуының күрделі де сан қилы процесінде биологиялық және әлеуметтік факторлар араласады, ой мен сезім айқасады, ішкі сенім мен сыртқы ықпал бірігеді. Бұл процестің ағымына қоршаған ортаның әсері зор, сонымен қатар оның әр адам үшін өзіндік сипаты бар. Осы арқылы даму процесі жүзеге асырылады. Ал, адамның дамуы (биологиялық және әлеуметтік) – әлеуметтік ортада да, адамның өз басында да бар көптеген факторлар әсер ететін күрделі, ұзақ және қайшылықты процесс. Адам дамуының көрсеткіші ретінде санадағы, мінез-құлықтағы, қызметтегі, оның қоршаған әлемге көзқарасындағы сапалық өзгерістерді – даму, ал өнеге, рух өзгерісін – адамның қалыптасуы деп атауға болатындығын көрсетті.
Сонымен қатар, зерттеу жұмысында адам дамуындағы және оның дұрыс тәрбиеленуіндегі криминологиялық ғылымның ролі мен орны және онымен байланысы, адамды қылмыс жасауға итермелейтін негізгі факторлар көрсетіледі.
Криминологиялық ғылым да адамның өмiр бойы басынан кешiретiн өзгерістерін, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік, тарихи және эволюциялық факторлардың жиынтықтарынан туындаған ықпалының нәтижесі және сол ықпалдар нығайған кезде ғана байланыс арта түседі – деп санайды. Мысалы, криминологиядағы биологиялық тұжырымдама бойынша адамның қылмыстық мінез-құлқының тетігінде биологиялық қасиеттер мынадай түрде көрініс тапты: а) қылмыскердің шыққан тегіне, содан барып өзіне, оның табиғи қасиетіне әсер етеді; ә) қылмыскердің жан-тәнінің, яғни бойға біткен қасиетінің дамуын анықтайды; б) қылмыс жасап жатқан кезде тұлғаға әсер етеді; в) тәрбие табиғи даму процесін тек ғана тездетеді, не баяулатады. Оған әлеуметтік факторлар әсер етеді. Мысалы, 1) адам өмірге биологиялық тұлға болып келеді, содан кейін өз ортасының, төңірегіндегі өзі қатысатын топтардың әсерінен біртіндеп әлеуметтенеді; 2) орта – адамның қалыптасуының басты факторы; 3) тәрбие орта ықпалының сипатына түзету енгізуге тиіс; 4) даму деңгейі неғұрлым төмен болса, адамның биологиялық кейпі соғұрлым айқын көрінеді. Бірақ, «шыққан тектің жамандығы», физиологиялық немесе психикалық ауытқулар, қылмыстылықтың дамуында шешуші рөл атқармайды, себебі қоғамда адамды әлеуметтік құбылыстар өзгертеді, ал көрсетілген факторлар адам өмірінің әлеуметтік негіздерінің туындысы ғана болады [1, б. 106].
Сонымен қатар, адамның дұрыс өсіп, дұрыс қалыптасуына азаматтық тәрбиенің орны өте үлкендігі жұмыста нақты аталып көрсетілген. Азаматтық тәрбиенің, әр адамның қоғамдағы адамгершілігін, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырудағы ролі сөз болады.
Азаматтық тәрбие тиімділігін көтерудің арқасында төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге болады: азаматшылық идеяларын қабылдаудың психологиялық кейіп жағдайлары жасалады; азаматтар өз араларындағы міндеттерді мойындайтын болады; тату өмір сүруге дағдыланады; өз талаптарында, әрекет-қылықтарында, әдеттері мен әрекеттерінде, ниеттері мен қалауларында да астамшылыққа бармауға үйренеді; басқалар мүддесін де ескерудің қажеттігін сезінетін болады; қоғамдағы бейбітшілік, өзара түсіністік, ымырашылдық пен тәртіптілік сақтау үшін қажет азаматтық ортақтасудың басты шарты өзіндік бақылау мен қадағалау жүргізуге бейімделеді.
25 12 2014
3 стр.
25 12 2014
3 стр.
Сабақтармен сабақтан тыс уақытта құқық бұзушылықтың алдын алудың бір түрі ретінде оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру
17 12 2014
5 стр.
Егде адамдар бос уақытының психологиялық-педагогикалық типологиясы және шетелдегі бос уақытты өткізудегі тәжірибесі
17 12 2014
6 стр.
ОӘК түйіндемесі Зоология жануарлар ағзаларының құрылысы, тірішілік үрдістері, экология, мінез-құлқы, таралуы және әр алуандылығы туралы нақты материал береді
16 12 2014
2 стр.
Мемлекеттік құқық қорғау органдарын қайта дайындайтын және жетілдіретін арнайы жүйелерді жасайды. Бұл талаптар құқық қорғаудың букіл жуйесіне және оның өр қызметкеріне қойылады
25 12 2014
6 стр.
Сізге білім беру бөлімдерінде және жалпы білім беру мектептерінде «житс-тің мәселенері және оның алдын алу» білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған, іс-шараларды ұйымда
25 12 2014
1 стр.
Мақсаты: Жас ұрпаққа адам өмірінің қымбаттылығы, өмір сүру бағалы байлық және өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу туралы мағлұмат беру
25 09 2014
1 стр.